12. Дене сапаларын тәрбиелеудегі негізгі заңдылықтар.
Дене сапалары дегеніміз адамның қозғалыс мүмкіндігін анықтайтын ағзаның қызмет ету жүйесі болып саналады. Дене сапаларын негізгі бес салаларға айырмалаймыз: күш, шапшаңдық, төзімділік, иілгіштік, әбжілдік.
13 «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің» негізгі түсініктері
Дене тәрбесінің териясы мен әдістемесінің пайда болуы қоғамымыздың жақсы дене дайындығы бар адамдарға мұқтаждығы, дене тәобиесінің заңдылықтарын тануға деген ұмтылысты туғызды және сол негізде адамденесін жетілдірудібасқару жүйесін құруды қажет етті.Тарихи өзінінің даму жолында дене тәрбиесінің әдістемесі мынандай кезеңдерден өтті:
Бірінші кезең- қозғалыс дағдыларын ағзаға әсері жөніндегі эмпиризмдік (сезім қабылдауларын, тәжірибені дүниетанудың бірден бір бұлағы деп тауып, теориялық қорытындыларды бағаламайтын, сол себепті құбылыстардыңм өзара байланысын және даму заңдылықтарын аша алмайтын философиялық ілім) білім кезеңі. Адам балсы оны күнделікті қимыл қозғалыста алады. Эмпиризмдік білімнің жинақталуы адамды “жаттығудың тиімділігі” түсінуге және тәжірибені өзгелерге беру әдістерін танып білуге әкелді.
Екінші кезең – дене тәрбиесінің ең алғашқы әдістерінің жасалукезеңі-ежелгі және орта ғсырлардағы құл иеленуші мемлекеттердің кезеңін қамтиды. Бұл әдістер тәжірибе жолымен жасалды.
Үшінші кезең – дене тәрбиесі туралы теориялықбілімнің тасқынды түрде жиналуы. Қайта өрлеу кезеңінен ХІХ ғасырдың аяғына дейінгі аралықты қамтиды. Адам туралы , оны тәрбиелеу және үйрету,оны емдеу туралы ғылымның дамуы филсофтарды, педагогтарды, дәрігерлерді дене тәрбиесі проблемаларына назар аударуға тартты.
14 Дене шынықтыру әдістері: Арнайы әдіс (қатаң шектеулі жаттығулар әдісі).
Жаттығу кезінде көп қайталанатын жүктеме мен тынығуды алмастыра орындайтын қимыл-әрекетте қатаң шектелген жаттығу әдістерін пайдалану көптеген мүмкіншіліктерге қол жеткізеді:
1. Жүктеме көлемін қатаң мөлшерлеуге. Бұл әдісті қолдану кезінде жүктемені ең төменгі шамаға дейін жоғарылатып, басқаруға болады.
2 Әр түрлі дене қуатының қасиетін дамыту және жаттығу арқылы жеке дене мүшелеріне әсер ету.
3. Дене тәрбиесі үрдісінде жеке үйретуді пайдалану.
4. Кез келген күрделі жаттығуларға үйрету.
5. Дене тәрбиесі жаттығуларын әр түрлі жастағы адамдар арасындағы сабақ, жаттықтыру кездерінде пайдалану мүмкіншілігі. Біз осы әдістің көмегімен жаттығуларды жас балалардан бастап егде жастағы адамдарға дейін қолдана аламыз.
Қатаң шектелген жаттығу әдістері екі топқа бөлінеді: а) қимыл-әрекетке үйрету; ә) дене қасиеттерін жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |