Пән: Геометрия Қысқа мерзімді жоспар №1-сабак



бет2/3
Дата24.01.2023
өлшемі0,6 Mb.
#62690
1   2   3
Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен таныстыру, бірлесіп сабақ мақсаттарын қою.

Сабақ басында мұғалім оқушыларға «Сұрақ – жауап» стратегиясын пайдаланып сұрақтар қояды.


Үй тапсырмасын тексереді.

Оқушылар оқу құралдарын дайындайды.
Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысады.

Оқушылар сұраққа нақты жауап береді.





Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Оқулық

Сабақтың ортасы


Мұғалім тақырыпты түсіндіреді.
Мұғалім оқушыларға есептер ұсынады.
Цилиндр деп тік төртбұрышты оның қабырғаларының бірінен
айналдырғанда шығатын денені атайды.
ОО1 - цилиндр осі. АА1 - цилиндр осіне параллель болады, ол цилиндрдің жасаушысы
деп аталады.
Цилиндр жасаушыларының
ұзындығы оның биіктігі болады.
Параллель жазықтықтарда
жатқан дөңгелектер цилиндрің
табандары деп аталады.

Егер цилиндрді табандарында орналасқан шеңберлер бойымен


және бір жасаушысы бойымен қиып, шыққан фигураны
жазықтық бетіне жазып орналастырсақ, онда цилиндрдің жазбасын аламыз.

Цилиндрдің табан радиусы r-ге тең болса, цилиндрдің бүйір бетінің жазбасы өлшемдері h (цилиндр биіктігі) және
2πr-ге (цилиндр табанындағы шеңбер ұзындығы) тең тіктөрбұрыш болады.
Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы Sб.б = 2πrh, толық бетінің ауданы.
Sт.б = 2πr2 + 2πrh = 2πr(r + һ)

Тапсырма 1.
Табанының диаметрі 10 см, биіктігі 7 см цилиндрдің толық бетінің ауданын табыңыз.
Шешуі:
Sт.б = 2πr(r + h)
r = 10:2 = 5 (см);
h = 7 см;
Sт.б = 2π · 5 · (5 + 7) = 120π (см2)
Жауабы: Sт.б = 120π см2

Тапсырма 2.


Тіктөртбұрыштың қабырғалары 4 см және 6 см. Осы тіктөртбұрышты қабырғаларынан айналдырғанда пайда болған цилиндрлердің толық беттерінің ауданын табыңыз.
Шешуі:
Тіктөртбұрышты кіші қабырғасынан айналдырғанда
r = 6 см;
h = 4 см;
Sт.б = 2πr (r + h);
Sт.б = 2π · 6 · (6 + 4) = 120π (см2);
Тіктөртбұрышты үлкен қабырғасынан айналдырғанда
r = 4 см;
h = 6 см;
Sт.б = 2π · 4 · (6 + 4) = 80π (см2);
Жауабы: 120π см2; 80π см2

Тапсырма 3.


11-сынып оқушыларынан құралған еріктілер цилиндр тәрізді металл бөшкелерден қоқысты сұрыптап салуға арналған ыдыстар жасап, сыртын (бүйір бетін) сырламақ болды. Бір бөшкенің биіктігі
80 см, табанының диаметрі
60 см. Олар бір түстен 25 бөшкені сырлау керек. 1 м2 ауданды сырлауға 200 г сыр қажет болса, еріктілерге бір түстен 2кг-дық қанша банка сыр қажет болады?

Шешуі:
Sб.б = 2πrh;


r = 30 (см);
h = 80 см


Sб.б = 2π · 30 · 80 = 15072 (см2)
Sб.б = 1,5072 (м2)
S = 25 · 1,5072 = 37,38 (м2)
37,68 · 200 = 7536 (г) ≈ 8( кг)
8: 2 = 4 банка
Жауабы: 4 банка.

Тапсырма 4.


Цилиндрдің осьтік қимасының диагональдары 90о бұрыш жасап қиылысады. Бүйір бетінің ауданы 16π -ге тең болса, цилиндр биіктігін, толық бетінің ауданын табыңыз.
Шешуі:
ABCD осьтік қимасы квадрат болады.
2r = h
Sб.б = 2πrh;
2πr · 2r = 16π;
r2 = 4;
r = 2;
h = 4;
Sт = πr2 = 4π;
Sт.б = Sб.б + 2Sт = 16π + 8π = 24π
Жауабы: h = 4; Sт.б = 24π кв. бірл

Тапсырма 5.


Аяна торт пісіргенді ұнатады. Ол торттың әр қабатына (дөңгелек
пішінді) 50 г крем кететінін байқады. Аида торттың сыртқы кремін жақпақшы болды. Торттың диаметрі 30 см, биіктігі 40 см және әр бірлік
ауданына крем біркелкі жағылған болса, қанша г сыртқы крем керектігін есептеңіз.
Шешуі:
Sт = πr2;
Sт = 3,14 ·152 = 706,5 (см2)
Sб.б = 2πrh;
Sб.б = 2 · 3,14 · 15 · 40 = 3768(см2)
S = 3768 + 706,5 = 4474,5 (см2)
4474,5 · 50 : 706,5 ≈ 317 (г)
Жауабы: 317 г

Тапсырма 6.


Цилиндрдің биіктігі 8 см, осьтік қимасының диагоналі табан жазықтығымен 45о бұрыш жасайды. Цилиндрдің толық
бетінің ауданын табыңыз.
Шешуі:
ΔАСD: CAD = 45о
ΔACD теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыш.
AD = CD = 8 см; r = 4 (см);
Sт.б = 2πr(r + h);
Sт.б = 2π · 4 · (4 + 8) = 96π (см2)
Жауабы: Sт.б = 96π см2



Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту. Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.


Берілген тақырып жайлы біліп, дәптерге керек мәліметтерді жазып алады.
Талдау жүргізеді.

Оқушылар берілген тапсырманы орындайды.





Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы!»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет