Азоттың қасиеттерін, табиғаттағы азот айналымын және аммиактың алынуын, қасиеттерін біледі;
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған іс әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы 0-5 мин
5-7 мин
(М) Сәлемдесу. Өткен сабақты еске түсіру. Бүгінгі күндеріне сәттілік тілеу!
«Жұмбағы бар қорап»әдісі.
Мұғалім: Сабақты проблемалық сұрақты шешу арқылы бастап көрейік. 1935 жылы әлемдік Нобель сыйлығы неміс ұлтының ұлттық социализмге қарсы пацифист Карл фон Осецке берілгеннен кейін ұлтшыл Неміс билігі елде Нобель сыйлығын алуға және тағып жүруге тыйым салды. Ұлттық қуғын сүргінге ұшырағандардың қатарында неміс физиктері Джеймс Франк пен Макс фон Лауэ өз алтын медальдарын Нильс Борға сақтауға сеніп тапсырды.
Физик, Нобель сыйлығының лауреаты Бордың Капенгегендегі теориялық физика институты сол жылдары бірнеше неміс физиктеріне қуғын сүргіннен пана болды. Бірақ қауіп 1940 жылы сәуірдегі Данияға туғаннан кейін қауіп Бордың өзіне де төне бастады.Басқа жерге көшіру мүмкін болмады, себебі Германияда шекара аса тексерілетін. Көмекке венгер химигі Дьердь де Хевеши келді. Ол Борға медальдарды ерітуге ұсыныс жасады. Бірақ медальдар алтыннан жасалғандықтан еріту мүмкін еместей көрінді. Дегенмен Хевеши еріту жолын тапты. Германия солдаттары Бордың институтын тексеру барысында ешқандай медаль таппады. Медальдар соғыс біткенше Хевеши ұсынған сұйықтықта болды
Мұғалім: Бұл сұйықтық қандай сұйықтық деп ойлайсыңдар?
Оқушы:Патша сұйықтығы
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, бұл сұйықтық қандай сұйықтық, оның құрамы қандай
Оқушы: Тұз қышқылы мен азот қышқылының қоспасы
Мұғалім: Нақтырақ айтсақ
Оқушы: 1:3 көлемдік қатынаста HNO3 : HCl қоспасы
Мұғалім: Бұл екі қышқылдың ішінде оттекті қышқыл қайссысы?
Оқушы: Азот қышқылы
Мұғалім: Бүгінгі тақырып не туралы болады деп ойлайсыңдар?
Оқушы: Азот қышқылы және оның қасиеттері
(К)(Оқушылардың жауабын нақтылау мақсатында бейнежазба көрсетіледі)