бет 9/11 Дата 26.04.2022 өлшемі 108,83 Kb. #32421 түрі Сабақ
Байланысты:
5e4aca954be50 (Т) Тапсырма №1 Quizlet бағдарламасы арқылы 10 сұрақтан тұратын тесттік тапсырма орындайды:
(ҚБ) Жіберілген қателіктер алдымен топта сосын барлық сыныппен талданады
Мысалы: (М): қай сұрақта қателік болғанын сұрайды
(О): топта жіберілген қателікті ұсынады
(М) сұрақтың дұрыс жауабын топта келтіруді ұсынады
(О) неліктен бұл жауап дұрыс екенін түсіндіреді,
(М) дұрыс жауапты барлық сыныппен талқылауды ұсынады
(Т), (Э) Тапсырма №2. 13 зертханалық жұмыс
Реактивтер: азот қышқылы , натрий гидроксидінің ерітінділері, бор, мыс оксиді, лакмус
Құрал – жабдықтар: сынауықтар, сынауыққа арналған тұрғы, спиртшам
1 топ. 1 – тәжірибе. Азот қышқылының сынауықтағы ерітіндісіне лакмус қосып, үстіне натрий гидроксидін ақырындап тамызыңдар. Бақылағандарыңды жазыңдар.
Дескрипторлар:
Қауіпсіздік ережесін еске түсіреді;
Зертханалық жұмысқа берілген заттармен танысады ;
Бейтараптану реакциясын жүргізеді;
Лакмус ерітіндісінің түсінің өзгеруін түсіндіреді;
Реакция теңдеуін келтіреді , қорытындылайды;
2- топ. 2 – тәжірибе. Сынауыққа аз мөлшерде мыс (II) оксидін салып, үстіне сұйылтылған азот қышқылын қосыңдар. Ерітіндінің түсі қандай? Қысқышпен ұстап сынауықты аздап қыздырыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгерді? Түстің өзгеруі нені білдіреді? Дескрипторлар:
Қауіпсіздік ережесін еске түсіреді;
Зертханалық жұмысқа берілген заттармен танысады;
Бейтараптану реакциясын жүргізеді;
Ерітіндінің түсін анықтайды;
Реакция теңдеуін келтіреді;
Қыздырған кезде ерітіндінің түсінің өзгеруін түсіндіреді;
Егер ерітіндінің түсі өзгерсе, өзгеру себебін болжайды ;
Қорытындылайды
3- топ. 3 – тәжірибе. Сынауыққа аздап бор ұнтағын салып, үстіне сұйылтылған азот қышқылын қосыңдар
Дескрипторлар:
Қауіпсіздік ережесін еске түсіреді;
Зертханалық жұмысқа берілген заттармен танысады;
Бейтараптану реакциясын жүргізеді;
Тәжірибе кезінде бөлінген газды болжайды ;
Реакция теңдеуін келтіреді, қорытындылайды;
Бағалау: «Бағалау сэндвичі» әдісі бойынша топтар бір – бірін бағалайды
Достарыңызбен бөлісу: