Пән: Құқық негіздері Тақырыбы: Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің ара қатынасы Мақсаты



Дата03.06.2023
өлшемі16,45 Kb.
#98505

Пән: Құқық негіздері
Тақырыбы: Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің ара қатынасы
Мақсаты: азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің байланысын, белгілерімен, формаларымен таныстыру
Оқытушы: Мухаметкалиева М.К.


Дәрістің қысқаша мазмұны
.
Қазақстан мемлекетінің демократиялығы халықтың, әлеуметтік және ұлттық мүдделерді, жекелеген адамдардың заңды мүдделерін қорғауға тілек білдірген, ынталы және қабілетті өкілдерін өкілетті органдарға ұсынып, сайлауға мүмкіндік беретін демократиялық нормаларды белгілеуден көрінеді.
Қазақстан мемлекетінің демократиялығы азаматтар мен олардың бірлестіктері арқылы мемлекеттік органдардың басқарушылық шешімдер шығаруына ықпал ету, сөйтіп оны өз мүдделері арқылы жүзеге асыру мүмкіндігінен де көрінеді.
Дербес даму жолына түскен Қазақстан бірден құқықтық мемлекет идеясын қабылдады. Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекетті орнықтыру жолына, құқыққа негізделген мемлекет құру жолына түсті. Мемлекеттің бірінші принципі заңның жоғары тұруы, оның қоғам өміріндегі үстемдігі болып табылады. Қоғам өмірінің маңызды бағыттары тікелей заң арқылы реттелуі тиіс. Заң шығаруға құқылы субьектілер ауқымының көбеюі мемлекеттің құқықтық болуға деген талпынысын көрсетеді. Құқықтың мемлекеттің тағы бір маңызды факторларының бірі – заң талаптарын орындауға барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың бірдей міндеттілігі.
Азаматтардың заңды мүлтіксіз орындауы тағы бір маңызды принцип болып табылады. Ол үшін азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін белгілейтін заңдар мен басқа да нормативтік актілерді жақсы білуі керек.
Азаматтардың заң ережелерін бұзуы себебі олардың құқықтық саналарының толық қалыптастырылмауында.
Заң талабын сақтай отырып азаматтар өзінің мемлекет алдындағы жауапкершілігін сезінуге тиіс.
Сот тәуелсіздігінің Конституциямен бекітілуі құқықтық мемлекеттің маңызды белгісі болып табылады. Барлық даулы мәселелер сотта шешіледі. Мемлекеттің құқықтық сипатының деңгейі мемлекеттің халықаралық құқықпен де байланыс жасайтындығынан көрінеді, Қазақстан Республикасы халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейді.
Қазақстанның қолданыстағы құқығына Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері кіреді.
Қазақстан Республикасының саяси пікір алуандылығы ҚР Конституциясымен белгіленген, идеологиялық көпқырлылық дегеніміз – әртүрлі, тіпті бір-біріне қарама-қарсыға дейінгі идеологиялық көзқарастар мен ағымдардың өмірде орын алып әрекет етуіне жол ашылуын білдіреді.
Саяси көпқырлылық әртүрлі саяси партиялар мен ұйымдардың өзара әрекеттері мен тепе-теңдігіне негізделген билік жүйелерінің өмір сүретіндігін білдіреді.
Саяси және идеологиялық көпқырлылық – бір бірімен өзара байланысты құбылыс. Саясатты адамның, таптардың, көпшілік пен тұтас қоғамның санасынан, олардың мүдделерінен, қажеті мен дүниетанымынан бөліп алуға болмайды. Нақты саясатты саяси партиялар жүзеге асырады.
Нақты саясат әртүрлі идеялардың күресі, қалыптасуы процесінде жүзеге асады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет