Паскаль программасы арқылы есептің нәтижесін талдайды.
Жиындар (массивтер). Жиын дегеніміз – бұл бір атаумен белгіленіп біріктірілген біртекті элемнттер жиыны. Жиынға кіретін айнымалыларды массивтің элементтері дейді. Олардың саны сипаттау бөлімінде анықталады да, программаның орындалу барысында өзгермейді. Жиын элементтерінің типі файлдан басқа кез келген (бүтін, нақты, символдық, жолдық, жиымдық т.б) тип бола алады. Жиын тұтасымен бір атпен аталады, ал элементтерінің реті индекс арқылы көрсетіледі (а[1], x[16,1]) Жиынның типін анықтау үшін array, of қызметші сөздері қолданылады.
Жиын параметрлері ТИП Сандық Логикалық Символдық КӨЛЕМ Жиындардың әрбір өлшемдегі элементтер саны
Жиын жазылуының жалпы түрі:
var жиын аты:array[бас.индекс .. макс.индекс] ofэлемент типі;
Мысалы, var a : array [1 .. 4] of integer;
Мұнда
array - жиын
of - дан, -ден, -тан, -тен түйінді сөздер.
Мысалы, жиын элементтерін енгізу үшін:
Мысалы, жиын элементтерін енгізу үшін:
For i:=1 to n do
Readln (A[i]);
Ал шығару үшін:
For i:=1 to n do
Writeln (‘A[i]=’, A[i]);
Жиын Паскаль тілінің сипаттау бөлімінде былай көрсетіледі: Айнымалылар тарауында массивті сипаттау форматы:
Var <массив аты>:array[<индекстің типі>] of <базалық тип>
var A : array[ 1 .. 10 ] of integer;
аты бастапқы индекс соңғы индекс Элемент типі
Мысалы: i 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
А[i] 2 3.5 -7.11 0 91 -75 0 0.05 8.8 -9.81
Егер жиын атауында бір ғана индекс болса, онда ол жиынды бір өлшемді (сызықтық) жиын деп атаймыз.