Пән: Инклюзивті білім



бет2/4
Дата08.12.2023
өлшемі21,34 Kb.
#134896
1   2   3   4
2 раздел

«Білім адам тұлғасының толық дамуына, адам құқығын құрметтеуі мен негізгі еріктіктерін жоғарлатуына бағытталуы тиіс. Білім барлық ұлттар, нәсілдер және діни топтардың өзара түсіністікке, толеранттылық пен достыққа, сонымен қатар БҰҰ-ның татулықты сақтау әрекетіне ықпал етуі қажет…» - деп қай құжатта көрсетілген? Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында


«Әрбір баланың, оның ата-анасының қандай да бір кемсітушіліксіз, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарай ажыратпай және кемсітпей, барлық құқықтарын құрметтейді және қамтамасыз етеді» - деп қай құжатта көрсетілген? Бала құқықтары декларациясында


«Инклюзивті білім беруді барлық деңгейде және өмір бойы оқумен» қамтамасыз ету қағидасы» - деп қай құжатта көрсетілген? Мүгедектер құқығы туралы конвенцияда


Бұл құжатта қатаң, ережелі білім беру жүйесінің аяқталуын жіне икемді жүйенің уақыты келгендігін жариялады. Сонымен қатар, барлық мемлекеттерді өз білім жүйелерін қолданушылардың сұранысына олардың мұқтаждықтарына, мәдени және тарихи жағдайларға қарай икемдеп беймдеуге шақырды. Баршаға бірдей білім туралы Дүниежүзілік декларациясы


«Білім беру саласында ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың, ең бірінші кезекте балалардың осы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатына бағытталған педагогикалық тәсілдердің негізінде қажетті жағдай тудыруға жауапты әдеттегі мектептерде оқу мүкіндіктері болуға міндетті» - деп қай құжатта белгіленген? Саламан декларациясы


Бұл құжатта 2015 жылға дейін барлық балалар, әсіресе қаздар, сонымен қатар күрделі жағдайда өмір сүріп жатқан балалар және этникалық азшылық сапалы тегін бастауыш білімге қол жеткізетініне кепіл берілген. Іс-әрекеттің дакарлық шеңберлері


Бұл құжатта «арнаулы педагогикалық тәрбиенi қажет ететiн кемтар балаларға мемлекеттiк бюджеттен белгiленген стандарттар деңгейiнде олардың бiлiм алуына кепiлдiк беретiн қосымша қаражат бередi» - деп нақты белгіленген. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы


«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына кірмейтіндер. дарынды және бір ата-анасынан айырылған балалар


Бұл құжатта «елдi мекендер қоныстану үлгiсiне және сол жердiң жағдайына сәйкес халықтың барлық санаттары үшiн (мүгедектер мен iс-қимылы шектеулi басқа да топтарды қоса алғанда) жұмыс орындарына, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарға, әлеуметтiк, рекреациялық, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне (ғимараттарына, коммуникацияларына) қол жеткiзуiн оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етiлуге тиiс» - деп белгіленген. Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы


Инклюзивті білім берудің Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген анықтамасын белгілеңіз. ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс


Инклюзивті білім беру жағдайындағы арнайы педагогтың негізгі функцияларының бірін белгілеңіз. Оқу іс-әрекетінің дағдаларын қалыптастыру


Инклюзивті білім беру жағдайындағы арнайы педагогтың функциясына жатпайды ...




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет