1. Процесс белсенділігі айқын дəрежедегі Нр-жұқпасымен қабаттасқан гастрит кезінде дəрі-дəрмектік ем ретінде эрадикация қолданылады.
Бірінші кезектегі емдеу. Протондық насос ингибиторы (20 мг омепразол*, 20 мг рабепразол*А, ) немесе стандартты мөлшерде ранитидин-висмут-цитрат* + 500 мг кларитромицин*А + 1000 мг амоксициллин*А немесе 500 мг метронидазол; барлық дəрідəрмектер 7 күн бойы күніне 2 реттен қабылданады.
Кларитромицин мен амоксициллин сəйкестігі кларитромицин мен метронидазол*В-ға қарағанда дұрыстау, өйткені екінші кезеңдегі ем кезінде жақсы нəтижеге жетуге əсер етеді.
Күніне екі рет 500 мг кларитромицин* қабылдау дəріні күніне екі рет 250 мг мөлшерінде қабылдағаннан тиімдірек екендігі байқалды. Ранитидин-висмут-цитрат*А жəне протондық насос ингибиторларының тиімділігі бірдей екендігі анықталды.
Емдеудің бірінші кезеңі тиімсіз болған жағдайда екінші емдеу кезеңін қолдану ұсынылады. Протондық насос ингибиторы стандартты мөлшерде күніне екі рет жəне + 120 мг висмут субсалицилат*В-ны күніне 4 рет + 500 мг метронидазол*А-ны күніне 3 рет +5 00 мг тетрациклиныА күніне 3 рет.