Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су



бет2/4
Дата27.11.2022
өлшемі74,55 Kb.
#53082
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
4 кл Ауа қалай қозғалады

Жұптық жұмыс
Жел қалай пайда болады?
Мақсаты – желдің қалай пайда болатынын инфографика арқылы түсіндіру.
Ұсынылатын жұмыс түрлері:

  • инфографиканы өздігінен зерделеп, қорытынды жасау

  • жетекші сұрақтар арқылы түсіндіру

Инфографикамен жұмыс:
1 топ - күндізгі, 2 топ - түнгі желдің пайда болуын зерделейді. Инфографикада берілген реті бойынша желдің пайда болуын талқылап, түсіндіруге дайындалады. (Бұл жұмысты сахналау, пантомимо жасау, рөлге бөліп орындау арқылы да орындатуға болады.)
(Т)ҚБ Желдің пайда болу себебін түсіндіреді.
Сыныппен ортақ жұмыс үшін сұрақтар:

  • Бірінші суреттен не көріп тұрсыңдар?

  • Тәуліктің қай мезгілі?

  • Жалауша қай бағытта желбіреп тұр?

  • Екінші суретте қай мезгіл?

  • Бірінші суреттен қандай айырмашылығы бар? Не өзгерді?

Жылы ауа мен суық ауаның қозғалысынан жел пайда болады деген қорытынды жасалады.
63-б. Мәтінді оқу «Моторчик әдісі»


Жекелей жұмыс Дәптермен жұмыс
47-жұмыс парағы. «Жел қалай пайда болады?»
Анықтама құрастыр. Тиісті сөздерді таңдап алу арқылы желдің анықтамасын құрастыру, тақырып бойынша алған білімін қолдана алу.

Жауабы: Жел дегеніміз – жер бетіндегі ауаның қозғалысы.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.


/Оқулықтағы сызба/
Слайд №1
Салқындатқыш
Терезелер
Фенн
Ватман парағы, маркерлер.
Үлестірме парақшалар,
А4 қағаз, қайшы, жіп, қарын­даш, қағаз қыстырғыштар, электрлік жылытқыш құрал (радиатор) немесе майшам, сіріңке

Зерттеу нәтижесін өздері таңдаған формада ұсынады: сызба, сурет немесе кластер, т.с.с.




Ықтимал жауаптар
Күндіз
1. Күн сәулесі жер бетін қыздырады.
2. Жылынған құрлық өзіне жақын ауаны жылытады.
3. Жылы ауа жоғары көтеріледі.
4. Су баяу жылынады, сондықтан оның бетіндегі ауа әлі салқын.
5. Жер бетіндегі жылы ауа жоғары көтерілгенде, оның орнына су бетіндегі салқын ауа ауысады. Осылай жел пайда болады. Күндіз жел судан құрлыққа қарай соғады.
Түн
1. Құрлық беті тез суынады.
2. Оның бетіндегі ауа да салқындайды.
3. Ал су әлі жылы (себебі ол баяу салқындайды).
4. Судың бетіндегі ауа да жылы. Ол жоғары көтеріледі.
5. Оның орнына құрлықтағы салқын ауа келеді. Сонымен, түнде жел құрлықтан суға қарай соғады





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет