Пән мазмұнына байланысты жеке, топпен, сыныппен өткізілетін жұмыс түрлері Жоспары


Гидросфераның құрамдас бөліктері жөне олардағы су көлемі



бет4/7
Дата05.06.2023
өлшемі51,53 Kb.
#98926
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
30.05.2023

Гидросфераның құрамдас бөліктері жөне олардағы су көлемі

Гидросфераның құрамдас бөліктері

Су көлемі, км3

Дүниежүзілік мұхит

1 370 000 000

Жер асты сулары

60 000 000

Топырак ылғалы

82 000

Мұздыктар

24 000 000

Көлдер

230 000

Өзендер

1 200

Атмосферадагы су

14 000

Барлығы

1 454 327 200

Гидросферадагы судың жалпы салмағы 1,5х1018 т, бұл Жер шары салмағынын 1/4180 бөлігі болып табылады. Жер шары Күн жүйесіндегі ең «сулы» ғаламшар болып табылады, оның бетінің 71%-ын Дүниежүзілік мұхит алып жатыр. Ғаламшардың әрбір түрғынына шақканда 250 млн т судан келеді.
Судың ңасиеттері. Су — Жер шарындағы ең көп таралған айрыкша зат, химиялык қүрамы жөнінен сутек оксиді (Н2О) болып табылады. Оның өзіне төн касиеттері бар, бұл касиеттерінің географияльщ кабықта жүретін процестер үшін маңызы зор.
Біріншіден, су калыпты жағдайдьщ өзінде үш бірдей күйде бола алады. Судың бір күйден екінші күйге ауысуы үшін белгілі бір мөлшерде жылу жүмсалады (булану, қар мен мүздың еруі) немесе бөлінш шығады (конденсаңия, судың қатуы).Мысалы, 1 г суды буландыру үшін жүмсалатын жылу 1 г мүзды ерітуге кажет жылудан 7 еседей артык болады.
Екіншіден, басқа заттармен салыстырғанда су каткан кезде көлемін ұлғайтады. Таза су қалыпты қысым жағдайында +100°С-та кайнап, О°С-та қататынын білесіядер. Су +4°С шамасывда ең жоғары тығыздықка ие болады; бұдан төмен температурада, керісінше тығыздығы біртіндеп кеміп, көлемі ұлғая бастайды. Қатқан мезетте судың көлемі күрт артып, бастапқы сұйык күйіндегі көлемінен 10%-ға жуык ұлғаяды. Табиғатта судың мұндай өзгерістерге түсуінің өзіндік маңызы бар. Су айдындарының бетін жапкан мұз судың төменгі қабаттарының одан өрі салқындауына жол бермейді. Өйткені су катқан сайын тығыз бола берсе, су айдындары түбінен бастап катар еді. Мұндай орасан мол мұз жаз кезінде еріп үлгермес еді, мүның өзі коршаған ортаға, судағы тіршілікке кері әсерін тигізген болар еді.
Үшіншіден, су еріткіш болғандықтан табиғатта таза күйінде болмайды, яғни оның күрамьшда еріген күйде азды-көпті бөгде заттар кездеседі. Суда тұздардың шоғырлану мөлшері, яғни тұздылыгы өркелкі болады. Судың тұздылығын бір литрдегі грамм есебімен (г/л), пайыз (%) және промилле (%о) есебімен өлшейді. Тұздылығы өр түрлі сулардың қату жөне ең жоғары тығыздык, байқалатын температуралары да айырмашылық жасайды.


Төртіншіден, су баяу жылынып, баяу суынады. Бұл судың жылу сыйым-дылыгының өте жоғары болуымен түсіндіріледі. Судың жылу сыйымдылығы күмға карағанда 5 есе, темірмен салыстырғанда 10 есе жоғары. Ал судың ауамен салыстырғандағы жылу сыйымдылығы 3 мың есе жоғары. Яғни 1 см3 суды 1°-қа салқындату барысында 3 000 см3 ауаны 1°-ка жылытуға жетерлік жылу белінеді. Дүниежүзілік мұхиттың ғаламшарымыздағы алып жылу жинақтағыш ретіндегі рөлі судың осы маңызды қасиетімен түсіндіріледі. Тіпті кішігірім су айдынының маңында айрықша жүмсак климаттың орнайтындығы да осыған байланысты.
Судың касиеттері кысым мен температураға байланысты күшті өзгереді. Егер қысымы 1 атм. таза су 0° шамасында катса, 600 атм. жағдайында -5°С температурада катады. Бұл заңдылык негізінде тығыздығы 20 670 атм.-ға жеткен су +76°С температурада қатуы тиіс. Сонымен, біз елестете алмайтын күйдегі мұз, яғни ыстық мұз жоғарыда аталған қысым байкалатын Жер қойнауында кездесуі мүмкін. Температура өте төмен (-170°С), ал кысым аз болған жағдайда өте тығыз мүз калыптасады, оның тығыздығы 2,32 г/см2-ге жетуі мүмкін (бұл тығыздықты басқа қатты заттардың тығыздығымен салыстырып көріңдер). Кристалдык құрылымы жоқ мұндай мұздар Күн жүйесіндегі суық ғаламшарда кездеседі.
Судың аталған ғажайып қасиеттері Жер шарында тіршіліктщ пайда болып? Дамуына және сақталауына жағдай жасалы. Касиеттеріне байланысты: географиялық кабықта жүріп жаткан процестердің барлығына бірдей қатысып, маңызды рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет