Жер қабақтары: литосфера, атмосфера, гидросфера және биосфера олардың өзара байланысы Адамзат қоғамы табиғаттың бір бөлігі, ол онымен үнемі байланыста болған күнде ғана тіршілік ете алады. Адамның өмірі үшін ең басты қажеттің бірі — ауа. Өйткені барлық тірі организмдер атмосфералық ауамен тыныс алады. Адам тамақсыз бес жетіге, сусыз бес күнге, ал ауасыз бес минутқа ғана шыдай алады екен. Егер адам тәулігіне 4—5 литрдей су, тамақ ішетін болса, дем алғанда 23—24 л ауа жұтады.
Дем алатын оттегінің қалай пайда болғаны туралы толық ғылыми деректер шамалы. Дегенмен оттегі бөлетін жасыл өсімдіктер жер бетінде бұдан 550—570 миллион жыл бұрын пайда болған. Бұл өсімдіктер құрлыққа тез тарап, фотосинтез процесі арқылы оттегі бөліп шығарады. Жалпы хайуанаттар тыныс алғанда оттегін сіңіреді де, көмірқышқыл газын бөледі. Бір заттың маңызын жете көрсету үшін халық “Ауадай өте қажет” дейді. Ендеше тірі организмдердің тіршілігі ауасыз мүмкін емес.
Атмосфера қабаты Жерді айнала қоршап тұрған газды қабат — атмосфера деп аталды. Ол гректің “atmos” ауа және “sphaira” — шар деген сөзінен шыққан.
Атмосферара адам, жануарлар және өсімдіктер дем алатын ауа ғана емес, сонымен бірге оған жер шарын қоршаған газды қабаты да жатады. Оның қалыңдығы 100 километрге дейін жетеді. Ауа — әр түрлі газдардың қоспасы. Оның құрамы, негізінен, азот пен оттегінен тұрады. Бұл газдар су мен жер қыртысында да бар.
Жердің бетінен алыстаған сайын тропосфера қабатына температурасы әр шақырымда 6°С-ға төмендеп отырады. Одан әрі 18—20 километрлік биіктікте температуаның төмендеуі тоқтап—60—70°С көлемінде болып тұрады. Атмосфераның бұл бөлігін тропопауза деп атайды. Келесі стратосфера қабаты жердің бетінен 20—50 км биіктікте. Ауаның қалған бөлігі осы қабатта. Мұнда жердің бетінен әр километрге биіктеген сайын температура 1-2°С-ға жоғарылайды; 50—55 км биіктіктегі стратопаузада температура 0°С-ра жетеді. Одан әрі мезасфера қабаты 55-80 км биiктiкте орналасқан. Бұл қабатта да жерден әр километрге алыстаған сайын температура 2-30С ге гөмендейді. Ал 80 километр биіктік мезопаузада температура —75—90°С жетедһ Қазіргі деректерге қараганда, атмосфера жер бетінен 1500—2000 км биіктікке дейін жайылған, әйтсе де жер серіктерінің және ракеталардың көмегімен жүргізілген бақылауларра карағанда, атмосфеғаның кейбір белгі-лері жерден 10-20 мың км биіктікке дейін болатындыры анықталып отыр.
Ең негізгі маңызды қорғаныш қабаты — озон. Ол атмосфераның жоғарғы кабатында (20—50 км) күн радиациясы әсерінен түзілетін бір түрі. Озон жерден 25 километр қашықтықта ең көп мөлшерде пайда болады. Ол атмосфераны тек 2-4 миллиметр қалыңдықпен қоршайды. Осы аз мөлшердегі қабық жер бетіндегі барлық тіршілікті космостық сәулелердің зиянды әсерлерінен толық сактап отырады, ол ультракүлгін сәулелерді өзіне сіңіріп калып, жер бетіне тек шамалы мөлшерін ғана жібереді. Сондықтан оның жануарлар мен адамдарға пайдасы өте зор.
Атмосфера жердегі ауа райын белгілі бір калыпта реттеп отырады. Атмосфера болмаса, тәулік ішінде жер бетінің температурасы шамамен 200 градусқа құбылып турған болар еді (күндіз 100° шамасында ыстық болса, түнде —100 градусқа дейін суықтық болар еді).
Көпке дейін адамдар ауаның салмағы барын білмей келді. Тек XVI ғасырда ғана оның салмағы барлығы дәлелденді. Егерде бір текшеметр құрғақ ауаны теңіз деңгейіне сәйкес, 0° температурада өлшейтін болсақ, оның салмағы 1293 грамға тең болар еді. Сонда жер бетінің әрбір шаршы сантиметріне ауа шамамен 1 кг күшпен әсер етеді (дәлірек айтқанда 1033 г.) Осы айтылған әсердің мөшерін түсіну үшін мынадай бір құбылысты еске түсірсек жеткілікті, адамның алақанына ауа шамамен І50 кг күшпен әсер етеді, ал адамның барлық денесіне әсері 15 тоннадан асады екен. Ауада болып жатқан түрлі құбылыстар жердің күннен алған сәуле энергиясының әсерінен жүріп жатады. Күн сәулесінің әсерінен ең алдымен жердің беті және мұхиттар жылынады, соның нәтижесінде ауаның төменгі қабаты жылиды да жоғарылаған сайын оның температурасы төмендей береді (орта есеппен әрбір 100 метрге 0,6 градус төмендейді).
Күн сәулесі қуатының әсерінен мүхит пен теңіздерден, өзен мен көлдерден тағы басқа су қоймаларынан су буға айналып отырады. Міне, осы ылғалдылықты жер шарына таратуда атмосфералық ауаның атқаратын ролі зор. Күн сәулесі қуатының арқасында бу күйінде ауара көтерілген суды атмосфера жер шарының белгілі бір аудандарына жеткізіп, жаңбыр немесе қар күйінде жерге түсуін қамтамасыз ететін транспорт қызметін атқарады.