Пән: Микробиология Лектор: PhD, аға оқытушы Саржанова Ш. М


Микроорганиздерге жарықтың әсері



бет3/4
Дата27.04.2023
өлшемі1,29 Mb.
#87456
1   2   3   4

Микроорганиздерге жарықтың әсері.

  • Жарық, негізінен зат алмасу процесінде жарық энергиясын пайдаланатын микроорганизмдер үшін ғана қажет, ал басқа микроорганизмдерге тікелей әсер ететін сәуле аса зиянды.
  • Паразит бактериялардан гөрі сапрофит микроорганизмдер күн сәулесіне төзімді келеді.
  • Туберкулез таяқшалары, сүзек және топалаң микробтары күн сәулесінен тез қырылады.
  • Шашырап тускен кун сәулесінің күші тікелей түскен сәулеге қарағанда әлсіздеу болатыны белгілі.
  • Дегенмен, шашырай түскен сәуле ұзақ әсер етсе, микроорганизмдер тіршілігі тежеледі.
  • Сондықтан да лабаратория жағдайларында микроорганизмдерді қараңғы жерде сақтаған жөн.
  • Күн сәулесінің осы қасиетінің гигиеналық маңызы бар.

Микроорганиздерге әсер ететін химиялық факторлар

  • Химиялық факторлардың ішінде орта реакциясының айтарлықтай маңызы бар.
  • Микроорганизмдер белгілі бір дәрежедегі қышқыл немесе сілтілі ортада көбейіп, дами алады.
  • Көптеген бактериялары үшін ең қолайлы орта – нейтралды немесе шамалы сілтілі, ал зең саңырауқұлақтар үшін шамалы қышқыл орта қолайлы.
  • Орта реакциясы pH таңбасымен белгіленеді, оның мәні 0-14 интервалын құрайды.
  • Алкалофилді микроағзалар сілтілі орталарда жақсы өседі (рН 10 және одан да жоғары), ацидофилді микроағзалар - рН 3 және одан да төмен орталарда өседі.

Микроорганиздерге әсер ететін химиялық факторлар

  • Лабораториялық жағдайда микроорганизмдер үшін қоректік орталар даярлауда рН керсеткішінің зор маңызы бар.
  • Мәселен, ауру қоздырушы — патогенді бактериялар үшін рН мөлшері 7,0—7,6, ал зең саңырауқұлақтар мен ашытқы саңырауқұлақтары үшін — 3,0—6,0 шамасында болуы тиіс.
  • Микроорганизмдердің споралары, олардың вегетативтік клеткаларына қарағанда, ортаның реакциясының өзгеруіне төзімді келеді.

Химиялық улы заттар

  • Химиялық улы заттар микроағзалардың өсуін тоқтатады (бактериостатикалық әсер) немесе оның жойылуына әкеп соқтырады (бактерицидті әсер).
  • Химиялық қосылыстардың әсер ету сипатына қарай топтарға жіктеледі:
  • жасуша қабығын бұзатын беткі белсенді заттар – май қышқылдары, сабын, детергенттер және т.б.;
  • цитоплазманың ақуызына әсер етеді - фенол, крезол және оның туындылары;
  • нуклеин қышқылына тіркесіп, жасушаның бөлінуін тоқтатады – акридин (дибензопиридин типті заттар);
  • ақуыз денатурациясын тудырады – формальдегид (40%-ті формалин ерітіндісі);
  • ақуыздарды каогуляциялайды, микроағзалардың ғана емес, вирустардың да жойылуына әкеп соқтырады – ауыр металдардың тұздары.
  • Улы заттардың токсинділігі дозамен анықталады.
  • Токсинді қосылыстардың ерітінділері медицинада, тағам өнеркәсібінде дезинфекциялаушы құрал ретінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет