Пән: Микробиология Лектор: PhD, аға оқытушы Саржанова Ш. М



бет1/4
Дата27.04.2023
өлшемі1,29 Mb.
#87456
  1   2   3   4
Байланысты:
10-дәріс. (копия)

Сыртқы орта жағдайларының микроағзаларға әсері. Физикалық, химиялық және биологиялық факторлар.

Пән: Микробиология

Лектор: PhD, аға оқытушы Саржанова Ш.М.


Микробтарға қоршаған ортаның көптеген факторлары әсерлерін тигізеді.
    • Микроорганизмдерге физикалық факторлардың әсері (температура, ылғылдылық, жарық, кептіру, иондамайтын (УКС, инфрақызыл) және иондаушы (радиация) сәулелер, ультрадыбыс, қысым т.б)
    • Микроорганизмдерге химиялық факторлардың әсері (дезинфектанттар, антисептиктер, химиопрепараттар т.б).
    • Микроорганизмдерге биологиялық факторлардың әсері (антибиотиктер, бактериоциндер, микроциндер, эубиотиктер (пробиотиктер), бактериофагтар, симбиоз, метабтоз, синергизм, антагонизм).

Микроорганизмдерге физикалық факторлардың әсері.

Микроорганизмдерге температураның әсері

  • Температура – микробтар өміріндегі ең маңызды факторлардың бірі.
  • Микроорганизмдер -34°C, 100°C аралығында тіршілік етеді.
  • Температураға байланысты өсу аймағы әртүрлі микроорганизмдер тобы үшін кең ауқымда ауытқиды.

  • -Психрофилдер 
    -Мезофилдер
    -Термофилдер 

Әр түрлі микроорганизмдер топтары үшін температураның үш нүктессі бар:
Оптималь — ең тіршілікке қолайлы температура;
Минималь – бұл тіршілікке қажетті температураның ең төменгі шегі;
Максималь — микроорганизмдер тіршілік ететін температураның жоғарғы шегі.

Психрофилдер

  • Психрофилдер (грекше psichros-салқын, суық; philein-сүю, салқын сүйгіш микроорганизмдер) төменгі температурада өмір сүреді.
  • Оларды солтүстік теңіздерде, мұздақтарда, тоңазытқыштарда, ағын суларда және басқада жерлерде кездестіруге болады.
  • Бұлардың ішінде балықтың, су өсімдіктерінің ауруларының қоздырғыштары, азықтық өнімдерді ыдырататын микроорганизмдер болуы мүмкін.
  • Психрофилдер үшін
    • минималдық температура – 0°С
    • қолайлы температура – -15-20°С
    • максималдық температура – -30-35°С


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет