Сабақтың құрылуындағы талаптар:
Сабақтың орны мен уақыты жоспарға сай келуі керек.
Сабақтың құрылымы мен кезеңдері орынды, ара қатынастық байланысы уақытқа сай келеді.
Ғылымилық және мұраттық.
Эстетикалық тәрбиелеу, сабақтың әсерлілеу жақтары.
Жаңа материалды тарату.
Білім беруді дамытатын қағидаларды сақтау.
Өмір мен байланысы
Көрнекіліктер
Оқулықпен жұмыс
Жаңа атау, түсініктердің пайда болуы, тану қуанышы
Жаттығуларды таңдау
Оқушылардың өз бетімен жұмыс атқаруы
Белсенділігін және инициативасы
Оқушылардың істің әртүрлі формаларымен қамтылау
Ауызша және жазбаша қамту
Жеке-жеке тіл табысы
Білімін тексеруді ұйымдастыру
Білімнің тереңдігі және қарапайымдылығы
Бағаның сай келуі
Үй тапсырмасының берілуі
Сабақтың барысының жылдамдығы
Мұғалімнің педагогикалық өзін ұстауы
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті
Дұрыс айту формалары
Грамматика мен лексиканың оқытылуы
Фразиологиялық жұмыс
Оқу техникасы
Сөйлеу мәдениеті және жазу
Әдеби кітаптар оқу
Жазбаша жұмыстар жүйесі
Сабақ жақсы дайындалған, ұйымдастырылған, жабдықталған болуы керек. Шығармашылық – мұғалім іс-әрекетіндегі маңызды ерекшелік. Бастауыш мектептерде сабақ жүргізілген кезде шығармашылық, өнертабыстық, ынталылықты көрсеткен маңызды. Кіші сынып оқушылары үшін маңыздысы, оқу материалын олардың өздері оқыған, оларға қызықты болады. Оқу – күрделі және қиын іс-әрекет, әсіресе кіші сыныптар үшін. Сабағындағы материалды шығармашылық және өзіндік оқып үйренсе, мұғалімге және балаларға жағымды сезім тудырады және қуаныш, қанағат әкеледі. Ең негізгісі оқушылардың сабақ мазмұнын түсініп меңгеруі.
Сабақ оқушылардан тыңдау және тәртіпті талап өтеді. Я.А. Каменский айтқандай – “мектеп тәртіпсіз, диірмен сусыз сияқты”. Оқу материалын үйренуде тәртіп маңызы рөл атқарды.
Мұғалім сабақ жоспарын жүйелі түзуі: сабақты неден бастау, көрнекіліктерді қалай пайдалану керектігін жоспарлау керек. Кейде тәжірибелі ұстаз да жоспарсыз келуі мүмкін емес. Сабақта әзіл-сықақ болуы да мүмкін, бірақ сабақ — әзіл-сықақ болып қалмауы керек. Ұрысып қорқыту сабақта тәртіп орнатпайды.
Бастауыш сынып мұғалімі педагогикалық талаптың неше түрлі әдіс-тәсілдерін біледі. Бірақ Макаренканың “Баладан қанша талап етілсе, сонша сыйластық болады” дегенін ұмытпау керек.
Кіші сынып оқушылары мұғалімнің қамқоршыл, зейінді болғанын қалайды.
Сабақ типологиясы және құрылымы
Сабақ – оқытудың жүйелі ұйымдастырылуы. Мұнда мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынастың нәтижесінде білім, білік, дағдыларының қалыптасуы жүзеге асады.
Мұғалім беделін көтеретін факторлардың ішінде ең негізгілерінің бірі – сабақ типологиясы. Бүгінгі күннің ғылым-зерттеушілері сабақты әр түрлі негізде топтастырған.
С.В. Иванов, М.Данилов, Б.Есипов, Казанцев сабақтың дидактикалық мақсатына қарай төмендегідей бөлген:
кіріспе сабақтар;
Оқу материалымен алғаш рет танысу сабағы;
Алған білімін іс-жүзінде қолдану сабағы;
Қайталау, қатынас жөніндегі сабақтар;
Бақылау сабақтар;
Аралас немесе қосылған сабақтар.
Бұдан басқа, Казанцев И.Н. сабақтарды оқыту әдісі және ұйымдастыруына қарай бөледі:
— лекция – сабақтары;
— әңгіме сабағы;
-серуендеу сабағы;
— кино сабақ;
— өзіндік жұмыс сабағы;
— зерттеу және жаттығу сабағы;
— әр түрлі тапсырмалар түріндегі сабағы;
— жаңа материалды түсіндіру сабағы;
-өткенді жалпылау және қорытындылау (жүйелеу) сабағбілім, білік, дағдыларын жетілдіру сабағы;
— білімін тексеру, талдау сабақтары.
Құрылымы қарапайым, жәй сабақтар орта және үлкен сыныптарда жиі өтіледі. Бастауыш сыныптарында сабақ аралас түрде беріледі. Тексеру сабақтары да кейде ауызша немесе қызықты әңгіме оқумен жүргізілуі мүмкін.
Көп таралған сабақ түрі – аралас сабақ.
Аралас сабақ – бірнеше дидактикалық мақсаттардың қойылуымен және нәтижеге жетумен ерекшеленеді. Аралас сабақтың әр түрлі әдістеріне орай түрлері бар. Аралас сабаққа тән кезеңдер:
сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсаты мен міндетін шешу;
үй тапсырмасын сұрау — өткен сабақ бойынша білімін ауызша – жазбаша түрде тексеру;
мұғалім мен оқушының жаңа білім-білік, дағдыларын меңгеруді қарым-қатынасы;
өткенді бекіту;
диагностика жасау;
үй тапсырмасының орындалуын нұсқау беру.
Аралас сабақта жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру, талдау, сүйену арқылы оқушыларға жеткізуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |