Бекіту сабағы
Негізгі мақсаты – интеллектуалдық және танымдық біліктер мен дағдыларды жетілдіру. Бұл сабақтың құрылымы кейбір қайталаулар мен жаттығуларды пайдалануға байланысты сабақтың педагогикалық жолмен шешілуінің мақсаты жаңа материалды баяндау емес, оқушылардың теориялық өздік жұмысы да емес, жұмыс түрін өзгертуге жаттығу.
Оқушылар бұл сабақта өз білімін өткен сабақтар негізінде тереңдетеді, жазбаша, ауызша түрде білгендерін жеткізеді, ауызша қорытынды – баяндамалар жасайды.
Кезеңдері
Кіріспе және ұйымдастыру
Түрлі деңгейдегі жаттығулар қысқа уақытқа арналған жазбаша жұмыс түрлері (даталық нәрселерді бейнелеу, флора және вауна ерекшелігін атау).
Диагностикалау (өз бетімен атқарған жұмыстарына шолу).
Қорытындылау (кешенді жаңа білімге оқыту).
Байқау, тексеру сабағы
Бұл сабақ мұғалімге оқушылардың білім-білік деңгейінің қалыптасу дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Келесі жұмыстың нәтижелі болу жолдарын көрсетуге мүмкіндік береді. Тексеру ауызша және жазбаша түрде жүргізіледі. Тексеру сабағының кезеңдері:
кіріспе – түсіндіру бөлімі
негізгі бөлім — өз бетінше жұмыс
қорытынды бөлім – оқушылардың келесі жаңа тақырыпты меңгеру болжамы
Тексеру тәсілдері: ауызша (жеке, топтық); жазбаша (диктант, мазмұндама, сынақ, лабораториялық жұмыс); өз бетінше тексеру жұмысы, емтихан.
Тексерудің барлық түрі үлкен тақырып, бөлім аяқталғанда жүргізіледі. Мұғалімнің сабаққа дайындығы неден басталады? Ол сабаққа материалын талқылаудан ғана тұрмайды, мүмкіндігінше сұрақтардың тууы, жауаптар, оқушылардың материалды қабылдап, ой елегінен өткізуі де жатады. Өтілетін сабақ талқыланып болғаннан кейін, сабақ жоспары жазылады. Жас мұғалімдер жоспарды кең түрде жазыуы керек. Мұндай жоспар мұғалім үшін тірек болып табылады.
Сабақ жоспары – шығармашыл ізденістің бастамасы, сабақтың нәтижелі, мұғалімнің сабақты дұрыс түсіндіру, талантты жеткізу болып саналады. Мұнда сабақ тақырыбы, өтетін сынып, сабақтың мақсаты, жаңа сабақтың қысқаша мазмұны, оқу-танымдық іс-әрекеттерінің жиынтығы, сабақтың әдіс-тәсілдері, мақсат, міндеттер жүйесі беріледі. Сабақ оқушыларда тірек білімінің негізінде жаңа ұғымдар мен іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері қалыптасатындай, бақылау жұмыстарын және теориялық білімін практикада жүзеге асыра алатындай жоспарлануы керек. Сабақ жоспарында оның құрылымы, әр кезеңге уақыттың дұрыс бөлінуі, оқушылардан қалай, кімнен сұрау керектігін де мұғалім білуі керек. Әр сабақта пәнге байланысты біліктілік дағды қалыптастыру қажет (математикалық, лингвистикалық, географиялық т.б. ұғымдар) оқушы өз білімін талқылай, қорыта білуі керек.
Оқу еңбегін дұрыс ұйымдастыру керек. Ол үшін мұғалімнен сабақты тиімді және нәтижелі болуы үшін көп еңбек етуін талап етеді.
Ең негізгісі:
Сабақтың жақсы нәтижеге жетуінің ең бірінші жолы – сабақтағы мен оқытылатын материалды меңгеру жағдайының, шарттарының қолайлығы. Сондықтан мұғалім сабақты оқушыларға материалды тек сабақ үстінде ғана меңгерте алатындай болуы керек. Бұл жерде мұғалімнің қолданатын әдіс-тәсілдері нақты білім, идеясы анық болуы керек.
Ұжым жұмыста (топпен бірге жұмыста) әрбір оқушы өзінің қабілетін мүмкіндігінше арттыруға жағдай туғызу.
Әдеттегінше мұғалім сабаққа дайындалғанда орташа оқушыларды ескереді, себебі әр сыныпта оқушылардың қабілеті бірдей бола бермейді. Біреулері тапсырмаларды тез орындаса, кейбіреулері қиындықпен орындайды.
Ауызша сұрақ – білімін, білік, дағдыларының қалыптасуын бақылау. Бұл жерде компьютер, карточка, сауалнамалар пайдалану қажет. Әрбір мұғалім өзінің жеке бақылау жүйесін жасайды.
Сабақтың тиімділігі оқушының интеллектуалдық білім-білік дағдыларының дәрежесіне де байланысты. Теледидардың дамуына байланысты оқушының кітаппен жұмыс істеуі төмендеп кетті. Сондықтан оқушыны мүмкіндігінше көбінесе сабақта кітаппен жұмыс істеуге үйрету керек. Оқушы кітаптан керек материалды тауып, ең негізгісін таба білуі керек, жоспар түзіп, қысқаша конспект жасай білуі керек.
Бүгінгі күнде қарапайым есептің өзі калькулятормен шығарылуда. Бұл оқушының логикалық ойлау қабілетіне кері әсер етеді — оқушы өзі ойланбайды деген сөз. Осының бәрі сабақтың нәтижелі болуының жалпы берілген әдіс-тәсілдері. Бір сөзбен айтқанда, оқушы сабақта тек қана жаңалықты тыңдап қана қоймай, танымдық бәрі мұғалімнің күшіне, қабілетіне байланысты. Сабақты талдағанда мұғалім әрбір оқушының жеке өзгешеліктерін, дарындылығын ескеруі керек. Бәріне бірдей әдіс-тәсіл қолданып талап ету дұрыс емес.
Оқушының кемшілігін өзінің жұмысымен түзету керек. Сабақты талдау бір адаммен ғана жүргізілмейді (директор, әдіскер, инспектор, завуч) топпен талдануы керек. Топпен талдау жасау, өзіне-өзі баға беретін, өзіне аз талап қоятын мұғалімдерге жасалады. Себебі, мұғалім біреудің ғана пікірін тыңдамай, бірнешеуінің пікірін тыңдайды. Кейде бір адамның пікіріне қосылмауы да мүмкін. Мұғалім өзін-өзі бағалай білуі керек.
Қазіргі мектеп оқушыларының педагогтар барынша аз араласатын компьютерлік және тест түріндегі бақылауларды көбірек таңдауының басты себебі де педагогтік субъектизм болып отыр. Мұғалім оқушы орындаған жұмысты бағалауда әділдікке әрі нақытылыққа саналы түрде тырысуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |