Жұмыстың мақсаты: ҚР зейнетақы бөлу мәселесіне әсер ететін факторларды зерттеу.
II. Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасындағы 2000-2017 жылдар аралығындағы тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшеріне талдау жүргіземін.
(Y) – Тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшері, тг
(х1) – Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы, тг
(х2) – ЖІӨ, тг
(х3) – Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, тг
(х4) – Жұмыспен қамтылған халық ,мың адам
(х5) – Жұмыссыз халық, мың адам
(х6) – Халықтың өмір сүру ұзақтығы
(х7) – Туудың жалпы саны
(х8) – Өлімнің жалпы саны
(х9) – Негізгі капиталға салынған инвестициялар, млн.тг
(х10) – Мемлекеттік табыстар, млн.теңге
(Қосымша 1.)
1-сурет. ҚР орташа айлық жалақының динамикасы.
1-суретте көретініміз 2000-2017 жылдар аралағында бір қызметкердің орташа айлық жалақысында өсу қарқыны байқалады. Жыл сайын орташа айлық жалақы мөлшері өсіп отырғанын көреміз, яғни, 2000 жылдан бері орташа айлық зейнетақы мөлшері 9,5 пайызға өскенін байқаймыз.
2-сурет. ҚР ЖІӨ-нің динамикасы.
2-суретте Қазақстан Республикасының 2000-2017 жылдар аралығындағы ЖІӨ-нің динамикасы көрсетілген. Жалпы ішкі өнімнің 2000-2008 жылдар аралығында бірқалыптылық байқалады, ал 2009 жылдан бастап өсу қарқынын көріп отырмыз.
3-сурет. ҚР Мемлекеттік табыстар динамикасы.
3-суретте 2000-2017 жылдар аралығындағы мемлекеттің табыстарының өсу қарқыны көрсетілген. 2000 және 2007 жылдар аралығында мемлекеттік табыстар бірқалыпты баяу өсіп отырған. 2008 жылы (1 қосымша) 1 млн.тг-ге өсіп барып, 2009 жылы қайта жарты миллионға азайған. Жол жылдан бері мемлекеттік табыстар қарқынды өсіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |