2.1. Әсер етуші факторлардың тығыздығын анықтау
2.2.Корреляциялық кесте
Корреляциялық кестеде көріп отырғанымыздай, тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшері (У) мен бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы (х1), жалпы ішкі өнім (х2), халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары (х3), жұмыспен қамтылған халық (х4), халықтың өмір сүру ұзақтығы (х6), туудың жалпы коэффициенті (х7), негізгі капиталға салынған инвестициялар (х9) факторларының арасында оң өте тығыз байланыс бар. Тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшері (У) мен жұмыссыз халық (х5) факторының арасында тығыз кері байланыс байқалады, себебі, корреляция коэффициенті -0,84-ті көрсетіп отыр. Яғни, жұмыссыз халық санының азайғаны зейнетақының өсуіне алып келеді деген сөз. Сондай-ақ, зейнетақының орташа мөлшері (У) мен өлімнің жалпы коэффициенті (х8) факторының арасында да өте тығыз кері байланыс бар, себебі, корреляция коэффициенті -0,96-ға тең. Бұл екі фактор зейнетақыға кері әсерін тигізетін факторларға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |