Пән Шағын комплектілі бастауыш мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру Сабақтың тақырыбы


логикалық міндеттерді, бас қатыратын жұмбақтарды



бет8/8
Дата13.04.2023
өлшемі0,88 Mb.
#82553
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
0005c904-11b11845

логикалық міндеттерді, бас қатыратын жұмбақтарды құмарта отырып шеше алады. Әрине, бұл ретте оларға берілетін тапсырмалар баспен ойлау және қолмен істеу аралығындағы ақылға қонымды сәйкестіктер пропорциясында болуы өте-мөте қажет. Тап осындай жағдайда оқушылар ақылға салып ойлау, өзінше қызық, шығармашылық еңбек әлемінің есігін ашады, істі қолдың ептілігімен қалай болса солай тез тындыра салумен шектеліп қалмайды.
Балаларға экскурсия дегеніміз әрқашан әлдебір жаңалықтар ашу болып табылатынын көрсету және түсіндіру қажет. Еңбекке баулу пәні тұрғысынан қарағандағы негізгі жаңалық балалардың санасына табиғаттағы нәрсенің барлығы да пайдалы әрі әсем екенін жеткізіп, сіңіре білу. Бұл ретте қай саланың болса да өзегін жарып өтетін алтын арқау табиғаттың бәрі де сұлу, бәрі де қажет болуы тиіс деген өктем талабы болуы тиіс.
Балалармен топтық, жұптық жұмыс істеудің орны ерекше. Олардың жеке өздерінің бақылау қабілеттерін және материалдармен кез-келген дербес жұмыс істеу “тәжірибе” жасап көруін, сондай-ақ бейнелей білу шеберлігін бірте-бірте байқап, бағалап, көтермелеп отырады. Сөйтіп, оқушылардың кеңістікте белгілі бір мақсатқа бағытталған ойлау қабілеті қалыптасады.
Баланың ұсақ бұлшық еттерін қозғалысқа келтіретін кіші моторикасы қалыптасады (саусақтарымен жұмыс істеу дағдысы пайда болады). Мұндайда оқушылардың көңілін көтере дем беріп, мақтап қойған дұрыс.
Өңделетін материалдармен олардың сәнділік және технологиялық қасиеттерімен танысуды одан әрі үнемі жалғастырып отырамыз. Балалардың жеке-жеке дербес жасаған шығармашылық жұмыстарын біріктіріп, белгілі көзделген ойға бағыттаймыз. Олар комбинациялық-логикалық сипаттағы суреттемелерді жасап, орындап шығу жөніндегі міндеттерді шешуді үйренеді.
Мақсат көздеу - әлдеқайда күрделі кешенді процесс болып табылады. Мұның өзі дайын конструкцияға талдау жасауда ғана емес, сонымен қатар ең алдымен кез-келген конструкция мен оның атқаратын қызметінің ерекшелігі арасындағы белгілі бір тәуелділікті орнатуды да көздейді. Мақсат көздеу ең алдымен нағыз саналы ізденімпаздықты, проблеманы шешу тәсілін, мәселеге шығармашылық тұрғыдан келуді қамтиды.
Оқытудың бүкіл курсы бір-бірімен өзара байланысты тақырыптардың біртұтас жүйесі болып табылады. Ол тақырыптар оқушылар сыныптан сыныпқа көшкен сайын бірте-бірте күрделі бола түседі, сонымен қатар адамдардың практикалыққызметінің алуан түрлі қыруар байланыстарын ашып көрсетеді. Сөйтіп оқушылар тақырыптардағы проблемаларға әртүрлі деңгейде бойлап еніп, біртұтас курстың әр түрлі сатысында өз білімдерін көтере алады.
Оқытудың мазмұнындағы ең басты мәселе адамзаттың материалдық мәдениетте көрініс тапқан адамгершілік- эстетикалық және әлеуметтік – тарихи тәжірибесін меңгеру болып табылады. Оқушылар қол еңбегі сабақтарында тап сондай заттарды жасайтын болғандықтан, балалардың басты назарын заттар әлеміне аударамыз. Аса маңызды кәсіби-практикалық білім мен шеберлік атаулы осы бағдарламаның құрамдас элементтері болып табылады.
Бастауыш мектептегі оқу кезеңінде балалардың мүмкін болғанша әр түрлі заттар жасалатын сан алуан материалдарды игеруіне және олармен жұмыс істеп, өңдей білуге үйренуіне тура келеді. Технология тек құрал болып табылғанымен де, бұл құралды пайдалана білуді толық игеру керек. Бұлай етпеген жағдайда оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуінде ілгері басушылық елеулі түрде қиындықтарға тап болады. Бала дайын үлгі бойынша белгі салып алудың негізгі тәсілдерін тиянақты түрде игеріп алуға (мұның өзі жалпы базалық қабілеттің бірі болып табылады және ол қызметтің сан алуан түрлерін атқару барысында әрқашан қажет болады), қолмен атқарылатын жұмыстарды сапалы әрі дәлме-дәл орындауға, сондай-ақ практикалықжұмыс ретін саналы әрі сауаттықұра білуге, яғни еңбекті ұйымдастырудың қажетті мәдениеті мен ережелерін мұқият сақтауға міндетті.
Осы бағдарламаға сәйкес білім мазмұнын оқушы санасына меңгерту сабақ процесінде оңтайлы жаңа технологияларды және әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап, қолдануды қажет етеді.
Еңбекке оқушыларды дағдыландыру қарапайым жұмыстар жасаудан басталады да бірте-бірте күрделеніп отырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет