Пән Шағын комплектілі бастауыш мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру Сабақтың тақырыбы



бет7/8
Дата13.04.2023
өлшемі0,88 Mb.
#82553
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Ауыл шаруашылығы еңбегіне баулу. Оқу-тәжірибе үлескісінде пинратқарылатын жұмыстарымен таныстыру. Жас еркешеліктеріне қарай атқарылатын жұмыстарды саралау. Пәнаралық байланысқа көңіл бөлінеді. Мысалы: дүниетану, ана тілі, математика, т.б. Үлескіде өткізілетін сабаққа қойылатын жалпы талаптар мен олардың өзіндік ерекшеліктеріне көңіл аударылады.
Техникалық еңбекке баулу. Мұнда қағаз және қатырма қағазбен істелетін жұмыстар мен құрастыру жұмыстары қамтылған. Бағдарламада қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеуге көбірек сағат бөлінеді. Әр түрлі бұйымдар, құралдар, ойынға қажетті жабдықтар, тұрмыстық заттар жасауға үйретіледі.
Қатырма қағаз- қағазға қарағанда қалың әрі тығыз материал. Қатырма қағаздың қалыңдығы әр түрлі. Қатырма қағаздың ағаш ұнтағынан істелген ақ және қоңыр түстілері, сабанан, ескі шүберектен дайындалған мықты түрлері болады.
Балаларға қағаздың шығу тарихы және қағаз жасайтын машина жайлы қосымша түсінік берілуі керек. Қағаздың көп қажет болуына байланысты қағаз өнділісі дамыды. Біздің өмірімізде қағаз пайдаланылмайтын сала жоқ. Қағазды басқа материалдармен ауыстыруға болмайды. Себебі, оның берік, жұқа, жоғары диэлектрлік сияқты т.б. қасиеттері бар. Еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды қағаз бен қатырма қағаз жөніндегі осындай деректермен таныстырудан соң қарапайым операцияларды пайдаланып, бұйымдар әзірлеу, үлгі бойынша әзірлеу, бүктеп – қаттау және көрсетілген сызық бойымен кесу жұмыстары жүргізіледі. Сызбадағы кесілетін сызық, бүктейтін жер және көмекші сызықтарды таба білумен таныстырудың да мәні зор.
Көркем еңбек блогында ермексазбен жұмыс оқушыларды мүсіндік шығарма жасаудың жолдарымен таныстыру мақсатында жүргізіледі. Қарапайым бұйымдарды жасату арқылы оқушылардың көркемдік талғамын арттыру мақсаты да көзделеді.
Матамен жұмысты бастамас бұрын оқушыларға матаның түрлерін, оның қалай пайдаланылатыны жайлы қысқаша түсінік беріледі. Осы мақсатта мақта, жүн, жібек, жасанды талшықтардан тоқылатын маталармен таныстырылады.
Қолданбалы қолөнер- халық өмірі және тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өнер. Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындылары элементтерімен таныстыру. Оқушылардың практикалық жұмыстарында бұл элементтерді қағазды қолдана отырып жасату.
Оқушылар алдымен әр алуан материалдарды сапалы өңдеп үйренуі тиіс. Өйткені оларды сонда ғана көз тартарлық тамаша заттар жасап шығару үшін қажетті құрал ретінде шығармашылықпен пайдалана алады. Бағдарлама мәтінінде барлық құрамдас нәрселер “минимум бойынша” көрсетілген, ал одан да көп “максимум бойынша пайдалана беруге шек қойылмайды.”
Тапсырмалар өздерінің орындалу мүмкіндіктеріне қарай үш түрлі деңгейді қамтиды. Олар:

  • оқулықтағы үлгілер деңгейіндегі тапсырмалар;

  • оқушылардың өздері дербес атқара алатын жұмыстар деңгейіндегі тапсырмалар;

  • оқушылардың біліміне, қабілетіне қарай қойылатын талаптарды орындап шығуына болатын ықтимал деңгейдегі шығармашылық тапсырмалар.

Оқушының әр түрлі материалдармен “белсене” таныс болуын қамтамасыз етудің маңызы зор. Сонда ол оқушы материалдардың көркемдік және конструкциялық қасиеттерін творчестволықпен алуан түрлі етіп пайдалана алады. Іс жүзінде мұның өзі “материалды сезіну” жөніндегі тәрбиенің өзіндік түрі болуы керек. Ал мұнсыз еркін көркемдік- шығармашылық қызметтің болуы тіпті де болуы мүмкін емес. Балалар әдетте, алуан

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет