Пән Шағын комплектілі бастауыш мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру Сабақтың тақырыбы



бет2/8
Дата13.04.2023
өлшемі0,88 Mb.
#82553
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин (9.40.-9.45)
ІІ. Жаңа сабақ 40 мин ( 09.45-10.25.)
ІІІ.Жаңа материалды бекіту 22 мин (10.25.-10.47)
ІҮ. Үйге тапсырма 3 мин (10.47.-10.50)
Ү.Қорытындылау 7 мин (10.50.-10.57)
ҮІ. Бағалау 3 мин (10.57.-.11.00)
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Қайырлы күн, студенттер! Бүгін колледжде «Әдістемелік күн» аясында шағын комплектілі мектептерде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру пәнінен дәстүрден тыс сабақ өткіземіз. Алдымызға қойылған мақсат: ШКБМ – еңбекке баулу сабағын өткізу ерекшеліктері туралы мағлұмат алып, өздіктеріңізден алған білімдеріңізді басқа студенттерге түсіндіру және пед.технология элементтерін тиімді қолдануды үйрену.

С абаққа кіріспес бұрын естеріңізге салайын, сіздер болашақ мұғалімдер, бүгінгі сабаққа тек қатысып, жаңа білім алып қана қоймай, менің сабағыма қатысушы ретінде шағын талдау жасайсыздар, қандай педагогикалық технологиялар қолданылды, алған әсерлеріңіз, кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңызды айтасыздар. Сонымен, қатар сабақ соңында өздеріңізге баға қоясыздар.
Бүгінгі кіріктірілген сабағымыздың эпиграфын неміс философы Генри Фордтың «Бірге жиналу - бастама, Бірге жұмыс жасау – жетістік» деген нақыл сөзімен белгіледім. Ендеше бүгін біз бірге жиналып қана қоймай, бірге жұмыс жасап, жетістікке жетейік, деген тілек айтамын. Іске сәт! Сабаққа кірісейік.


ІІ. Жаңа сабақ 40 мин (10.00-10.40.)
1. Бүгінгі сабақ «Аквариум» тәсілі бойынша өткізілу жоспарланып отыр. 3 топқа бөлініп отырсыздар. Әр столда екі қатар қойылған. 1 қатарға сабақта өз ойымды айтып, белсенді қатысамын дегендер, ал 2 қатарға мен тыңдаушы ретінде қатысамын деген студенттер отыруларыңызды сұраймын.
3 топқа берілген тақырыптарды «ЖИГСО» стратегиясының алгоритмі бойынша бір лектор басқа топтарға түсіндіріп шығу керек. Сіздерге 5 минут уақыт беріледі.
1 топ- ШКБМ еңбекке баулу сабағының ерекшеліктері
2 топ – ШКБМ еңбекке баулу сабағының міндеттері
3 топ – ШКБМ еңбек түрлеріне шолу

Лекторлар бір топқа түсіндіріп болған соң екінші топқа түсіндіреді.


2 . Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Шешімдер ағашы» әдісімен алдарыңыздағы ватмандағы шыршадағы ойыншықтарға экранда көрсетілген тақырыптар бойынша жаңа мәліметтердмен толықтырасыздар.
(Сыртқы шеңберде отырған студенттен не жазғандарын айтуын сұраймын).





3. Сіздерге «Борттық журналды» толтыруларыңызды өтінемін. Бұл әдіс сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімді әдістерінің бірі. Ол түсіндірілген материал бойынша көрсетілген кестені толтырып түсіндірулеріңізді сұраймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет