Пән Шағын комплектілі бастауыш мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру Сабақтың тақырыбы



бет4/8
Дата13.04.2023
өлшемі0,88 Mb.
#82553
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
0005c904-11b11845

ҮІІ. Қорытындылау. Бағалау
Б үгінгі сабақта тиісті теориялық білімді меңгергендігіміз, жалпы сабақтың қалай өткені туралы студенттер өз бағаларын беріп сабақты қорытындылауларыңызды сұраймын. Сонымен бірге өздеріңізді бағалап берсеңіздер. Алдарыңыздағы ватманға «Бес саусақ» әдісі арқылы өз ойларыңызды білдіруге болады.
Б – білдім
С- сездім
О-ойландым
Ш – шештім
К – келісемін



  1. Сабақтан алған әсеріңіз?

  2. Қандай оқыту технологиялары қолданылды?

  3. Сабақтың ұтымды жайттары?

Талдауларыңызға рахмет. Жасаған ұсыныстарыңызды есепке аламын деп сөз беремін. Сау болыңыздар.




Қосымша материалдар



  1. топ - ШКБМ еңбекке баулу сабағының ерекшеліктері

Шағын кешенді мектеп дегеніміз – біріккен сынып құрамында шағын оқушылары бар жалпы білім беру мектебі. Ауылдық жерлерде шағын кешенді мектептер бар. Аз кешенді бастауыш мектепте қатарлас сыныптар болмайды, оқушылардың саны аз. Сынып - комплект - бір мұғалім - сынып жетекшісі басқаратын сынып, онда екі, үш, төрт сынып болуы мүмкін. Бір мезгілде екі немесе одан да көп сынып оқушыларына оқу материалдарын меңгерту мұғалімнен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бір сыныптың оқушылары мұғалімнің басшылығымен жұмыс істесе, екінші сыныптың оқушылары өзбетімен жұмыс жасауына тура келеді.
Шағын кешенді ауыл мектебінде еңбекке бау­лу сабағын өткізу осы мектеп түрінің ерекшелігімен анықталады. 2 немесе 4-сыныпта қатар сабақты бip уақытта өткізудің қаеттілігі оның әрбіреуінде стандарттың бөлімдері және түрлері бойынша уақыт бөлуді талап етеді. Жалпы сағат санынан 6 сағат әр класта оқушылардың көшедегі және жолдардағы тәртібі бойынша қауіпсіздік ережелері оқытылады.
Мұғалім 6ip уакытта 4-сыныл оқушыларымен бірдей тақырыпта сабақ өткізе алады. Бұл сабақ оқушылардың еңбегін ұйымдастыруды жеңілдетеді және оқушыларға бірігіп, бір немесе бірнеше бұйымды бірігіп жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұғалім оқу­шылардың білімінің қалыптасуын бағалай алады: әpбip класс оқушыларымен қосымша әңгіме жүргізеді олардың әзірлейтін бұйымдары мен игеретін еңбектікбілімдерінің нақты түрлері бойынша инструктаждар мен бейне көрсетулер жүргзіледі. Бip тақырыпты сабақтарда оқу жылына байланысты бepiлeтiн білім мен білік оқушылардың жас epeкшeлiктepiнe байланыс­ты берілуі тиіс. Мемлекеттік стандарттың ұсынуы бо­йынша шағын кешенді мектеп оқушылары 6ip уақытта жасай алатындай еңбек объектілері таңдалған. Егер 1-сынып оқушылары үлгі бойынша оны жай детальдарын жасаса, онда 2-сынып оқушылары техникалық сурет нұсқаулық карта бойынша жұмыс жүргізеді және күрделі нысандарды жасайды. Осы уакытта 1-2 сынып оқушыларымен әзipлeнгeн детальдарды жинактайды, оны 4-сынып оқушылары өңдейді. Басқа нұсқалары да болуы мүмкін. Мысалы, әр класс оқушылары түpлi бұйымдар жасайды. 3-4 сынып оқушылары 1-2 жай де­тальдарды белгілеу үшін шаблондар және жай қажетті құралдар жасайды (кағаз бен қатырма қағазды бүгу үшін бұйым, астына қоятын тақтайшалар және т.б.). 3-4 сынып оқушылары түрлі материалдарды өңдеу бойынша алған білімдері мен біліктерін жeтiлдipeдi (кағаз, қатырма қағаз, мата, табиғи материалдардан, т.б.) Еңбекті осылайша ұйымдастыру оқушылардың еңбек объектісінің уақытында сапалы жасалуына жауапкершілігін арттырады.
Жергілікті жағдай мен мектеп мүмкіншілігі бойын­ша әp6ip мұғалім өз бетімен оқушылардың, машықтық жұмысы үшін бұйымдарды таңдай алады. Бipaқ еңбек объектілерін таңдағанда мемлекеттік стандартта қарастырылған оқушылардың бойында кажетті білім мен білік қалыптастыратын дидактикалық міндеттерге сай болуы тиіс, сонымен қатар дайындау кезінде оқушыларды графикалық сауаттылық элементтерімен, материалдарымен, олардың қасиеттерімен, жай еңбек және сызбалық өлшеуіш құрал-саймандармен жұмыс жасау тәртібіне үйреткен жөн.
Шағын кешенді мектептер үшін негізінде еңбекке баулу бойынша оқу материалы мемлекеттік стандартқа сәйкес келеді. Бірақ электротехникалық жұмыстар, материалдарды өңдеу бойынша технология суұрақтары бо­йынша қысқартулар енгізілген.
Төмендегіп кестеде 2- ші және 4-сыныптағы еңбек сабағының, шамамен алынған жоспарының үлгісі ұсынылады:


Сабактың кезеңі

2-сынып

4-сынып

I. Барлық сыныптарға

Ұйымдастыру бөлімі

II. Барлық сыныптарға

Такырыпты хабарлау, мақсат қою

III. Бөлек сыныптарға

Жаңа такырыпты түсіндіру

Машыктык жұмыс, өзіндік

IV. Бөлек сыныптарға

Өзіндік машықтық жұмыс

Жана такы­рыпты түсіндіру

V. Барлык сыныптарға

Ойын сәті, сергіту сәті

VI. Бөлек сыныптарға

Жана такырыпты бекту. Бағалау

Машықтық жұмыс. Бағалау

VII. Барлық сыныптар-

Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет