1-4 шағын комплектілі ауылдық бастауыш қазақ сыныптардағы еңбек сабағы балаларды оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың бірыңғай жүйесінің құрамдас бip бөлігі негізінде қарау өзінің алдында төмендегідей міндеттер қояды:
- балалардың еңбек тәжірибесінің, ауыл шаруашылығы жөніндегі түсініктерін байыту; оқушыларды еңбек сүйгіштікке, өз бетімен жұмыс істей білуге, ұйымшылдыққа, еңбек адамын сыйлай білуге тәрбиелеу; еңбекке деген шығармашылық сапалы қарым-қатынасын қалыптастыру;
оқушылардың ауылшаруашылық қызмет көрсету және техникалық еңбекке деген алғашқы қарапайым іскерліктерін қалыптастыру, еңбек мәдениетіне тәрбиелеу;
еңбек сабағында оқушылардың ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене күш жағынан дамуын және тәрбиеленуін қамтамасыз ету;
оқушыларды қазақтың ұлттық қөлөнерімен таныстыра отырып, мәдени және тұрмыстық бұйымдарды жасауға деген іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру;
қазақ халқының мал бағу, төл өcipy, жер өңдеу сияқты кейбір ерекшеліктерімен таныстыру.
Еңбек жөнңндегі сабақтар үшін еңбек бағдарламасының барлық бөлімдерін орындауды қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар және материалмен жабдықталған жұмыс бөлмесі (кабинет) жасалады.
Бағдарламада қол еңбегінің қарапайым түрлерін кағаздан, қатырма қағаздан, ағаштан, табиғи материалдардан, сым темірден әзірлеу атап көрсетілген, бағдарламалық тақырыптар бойынша жасалатын кез келген бұйымдарды сабақ мазмұнына, оқытылатын тақырыпқа лайықты ipiктеп алады.
Оқушыларды техникалық элементтермен таныстырады.
Бұл техникалық қондырғылардың модельдерін және «конструктор механик», «электроконструктор» типті детальдар жиынтығынан тұратын машиналарды жинастыру процесінде және экскурсия кезінде жүзеге асырылады.
Бағдарламадағы қоғамға пайдалы еңбек дағдыларына үйретіп, жұмыстарының кейбіреуі сабақтан тыс уақыттарда, сыныпта, мектепте, үйде, (ата-ананың басшылығымен) ұйымдастырылады.
Еңбек сабағын бұлайша ұйымдастыру оқушыларды ұйымшылдыққа, тәртіптілікке уйретеді.
Еңбек сабағында оқушылардың техника қауіпсіздігі және жекебас гигиенасы ережелерін қатаң сақтауына баса назар аударылады.
Аспаптар, материалдар, ауылшаруашылық жабдықтары оқушылардың жас мөлшеріне сай алынады.