ПӘН СИЛЛАБУСЫ 1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы__ «Мәдениеттану» Кредит саны__2
Курс, семестр__2, 2022-2023 жж.
Институт_____________Тарих және құқық институты
Кафедра______________Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі,ғылыми атағы,қызметі ____Арипжанова Улдана Калдыбековна, гуманитарлық ғылымдар магистрі
Контактілік ақпарат (телефон, e-mail) uldashka_kz@mail.ru, +77475192938
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)* Жиынтық бағалау: Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2) 0,6 + емт 0,4
3. Пәннің қысқаша мазмұны Пәннің мақсаты студенттердің мәдениет феномені, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктері, қазіргі Қазақстандағы мәдениет жағдайы туралы жалпы түсінік алуы болып табылады. Пәннің негізгі міндеттері білім алушыларда пәндер бойынша оқыту нәтижелерін (РО) ББ(ОП) бойынша пәндік құзыреттіліктермен қатар қалыптастыру болып табылады. Студенттерді философиялық, социологиялық, психологиялық және этнологиялық көзқарастарды қамтитын гуманитарлық дәстүрге жататын мәдениеттанудағы ғылыми көзқараспен таныстыру. Әр түрлі мәдени дәстүрлердің ерекшеліктері туралы нақты түсінік қалыптастыру. Мәдениеттану білімінің негіздерімен, оның ғылым жүйесіндегі орнымен, мәдениеттанудың әртүрлі академиялық интерпретацияларымен таныстыру; негізгі мәдениеттанулық ұғымдар мен терминдерді анықтау; негізгі ұғымдық-категориялық аппаратты меңгеру.
4. Курстың академиялық саясаты Академиялық тәртіп ережелері: • Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуыңыз керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
• Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы үлестіріледі.
• Үй тапсырмаларының көпшілігі деректер қорының мысалында сұрау арқылы жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады; сізге сұрауларды орындау қажет болады және сіз алған жауаптар үй жұмысының келесі бөлігі үшін пайдалануға болады.