1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы Басқару психологиясы Кредит саны 5 Курс, семестр 1 курс, 1 семестр Оқу жылы 2022-2023 Білім бағдарламасының атауы және шифры Барлық педагогикалық мамандық магистранттарына Институт Педагогика және психология Кафедра Педагогика және психология Оқытушының аты-жөні, дәрежесі,ғылыми атағы, қызметі п.ғ.к., аға оқытушы. Байдалиев Д.Д. п.ғ.м.,аға оқытушы Сахиева Л.М.8747 156 99 25 Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) 87711588181, 87001588181, Baidaliev-d@mail.ru .
8747 156 99 25,Sakhieva.Leyla@mail.ru 2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)* Бағалау критерийлері: Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген мән-жайлар және т.б. жағдайында ұзартылуы мүмкін. Конструктивті сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығуларды орындау мен кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1.Әр сабаққа кестеге сәйкес, тақырыпқа сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2.Үй тапсырмалары пән кестесінде берілген.
3.Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4.Семестр барысында сіз оқу материалдарын қолданасыз
* СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс.
Пән туралы жазбаша емтихан жұмысын бағалау шкаласы «Басқару психологиясы»
Балдар: 1 сұрақ -30; 2 сұрақ – 30; 3 сұрақ - 40
Білім алушылар:
A
– өз ойын жазбаша, стилистикалық сауатты жеткізді, сұрақтарға логикалық тұрғыда дұрыс жауап берді;
– тақырыпты толық аша білді, теориялық ережелерді нақты мысалдармен дәйекті түрде сипаттады;
– ғылыми терминологияны нақты қолдана алды;
– шығармашылық тәсілді қолдана отырып, практикалық тапсырманы толық көлемде орындады.
B
– жауаптың логикалық және ақпараттық мазмұнын бұрмаламаған шағын олқылықтарға жол берілді;
– тақырыпты ашуда, теориялық ережелерді нақты мысалдармен сипаттауда, ғылыми терминологияны нақты қолданылуда, практикалық тапсырманы орындауда елеусіз дәлсіздіктерге жол берілді.
C
– білім алушы өз ойын жазбаша жеткізуде стилистикалық қателіктер жіберді, сұрақтарға жауап бергенде логиканы сақталмады;
– тақырыпты ашуда, теориялық ережелерді нақты мысалдармен сипаттауда, ғылыми терминологияны қолданылуда бірқатар қателіктерге жол берді;
– теорияны жаңа жағдайда және/немесе практикалық тапсырманы орындау кезінде қолдана алмайды.
D
– білім алушы өз ойын жазбаша жеткізуде көптеген стилистикалық қателіктер жіберді, сұрақтарға жауап бергенде логиканы мүлде сақталмады;
– тақырыпты ашуда, теориялық ережелерді нақты мысалдармен сипаттауда, ғылыми терминологияны қолданылуда өрескел қателіктерге жол берді;
– теорияны практикалық тапсырманы орындау кезінде қолдана алмайды;
– терминологияны пайдалану кезінде, ұғымдарды анықтаудакөптеген қателіктер жіберілді.
F
– жұмыс оқушының тексерілетін пән бойынша міндетті білімі мен іскерлігінің толық жоқтығын көрсетті.