Пән туралы қЫСҚаша мәлімет: Пән оқытушысы



бет6/18
Дата24.03.2023
өлшемі326,59 Kb.
#75866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
2021-2022 Силлабус Отарш дәу қаз әдеб тар

Бекіту сұрақтары:

  1. Мұрат ақынның «Үш Қиян», «Сарыарқа» толғауларының шығу тарихы, тақырыптық-мазмұндық ерекшеліктері

  2. Мұрат ақын айтыстарының көркемдік негіздері.

  3. Ақынның «Қазтуған», «Шәлгез», «Қарасай-Қази» тарихи жырлары.

  4. Мұрат шығармаларының басылымы, жариялануы, зерттелуі.

Әдебиет

  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  2. Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғ. Бірінші жартысы (1800-1850). 4-том. Он томдық. Ред. Басқарған ф.ғ.д., проф. Асқар Егеубаев. Алматы, 2005. 438 б.

  3. Мәдібай Қ. Зар заман ағымы. – Алматы, 2005

  4. Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. - Алматы, 2000

  5. Омарұлы Б. Зар заман әдебиеті. - Астана, 2005

  6. Мәдібай Қ.Қ. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. 2 кітап. – Алматы: «Қазақ
    университеті», 2004.- 270 б.

Тақырыбы: Қоқан хандығы езгісінің қазақ ауылдарындағы көріністері.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Қоқан хандығы езгісінің қазақ ауылдарындағы көріністері

  2. Ақын Мәделіқожа Жүсіпқожұлының өмірбаяндық деректері, шығармаларының жариялануы, зерттелуі.

  3. Құлыншақ Кемелұлының өмірі мен шығармашылығы.

Дәріс тезисі*
Қоқан хандығы Орта Азияда ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында құрылған феодалдық монархиялық мемлекет еді. ХІХ ғасырдың бас шенінде 1799-1809 жылдары хандық құрған еңбекші халық «Әлім залым» атап кеткен Әлім хан Оңтүстік Қазақстан қалаларына тарап бас салды. Бұл басқыншылық саясат оның інісі Омар ханның ағасы Әлімді өлтіруге өзі де қатысып, ол өлген соң таққа отырып, адамгершілікке жат небір зұлымдық істер істеп, атап айтқанда, өзімен бірге туған екі қарындасына үйленді. 1822-1854 жылдары хандық құрған Мәмәділ, кейін Құдияр ханның (1845-1875) тұсында Қоқан басқыншылығы одан әрі жалғастырылды. Соның салдарынан күнгей ауылдарының едәуір бөлігі – Сырдарияның орта ағысының Ақмешітке дейін, Таншкенттен Жетісуға дейінгі ел-жұрт Қоқан бектерінің езгісіне түсті
Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816-1892). Ал, ф.ғ.д., проф. Ө.Күмісбаевтың айтуынша, ақын 1816-1888 жылдары өмір сүрген, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданы «Қожатоғай» деген жерде дүниеге келген. Туысқандары дәулетті кісілер болған. Жас бала ойын-сауықтарға қатысып, өнерін ұштай беріпті. Нағашылары шешен кісі болған деседі. Сондай ортаның әсері жас Мәделіге игі-ықпалын тигізген. Оңтүстікте ертеректе ескі кітаптар, қолжазбалар тез тарап отырады емес пе? Медреседен хат танып шыққан бала шәкірттің сондай көнекөз кітаптарды оқып, өздігінен ізденістерге түсуі жаман нәтижеге апармаған. Ең алдымен, Мәделінің ауыз әдебиетінің ажарлы мектебінен өтіп, сонан соң барып кітабилық білімге бас қойғаны аңғарылады. Мәделінің «Бір жан жоқ болыстыққа талас емес» деген өлеңі «Түркістан уалаяты» газетінде (1878, 8 февраль) авторсыз жарияланыпты. Революцияға дейінгі жарық көрген ескі хрестоматия, жинақтардан Мәделі есімін әзір ұшырата алмақ. Мүмкін, алдағы уақытта кездесіп қалар. 72 жыл өмір сүрген ақыннан ел арасында 15000 жолдай өлең қалуы айтар ауызға аздау секілді. Батырлығына, айтқыштығына қарағанда Мәделі сынды мықты сөз шеберлері өлеңді төгіп-төгіп тастап, өмірден өте шыққан ғой. Бағдарлап қарағанда, ақынның тіршілігі бірқалыпты болмағанын, ала-құла күй кешкен жан екенін өлеңдерінен көреміз.
Бекіту сұрақтары:

  1. Майлықожа Сұлтанқожаұлының әдеби мұрасы.

  2. Базар Оңдасынұлының өмірі мен мұрасы.

  3. Бұдабай Қабылұлының өмірі, шығармашылығы.

Әдебиет

  1. Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғ. Бірінші жартысы (1800-1850). 4-том. Он томдық. Ред. Басқарған ф.ғ.д., проф. Асқар Егеубаев. Алматы, 2005. 438 б.

  2. Ысмайылов Е. Ақындар. - Алматы, 2006

  3. Жұмалиев Қ. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиет тарихынан очерктер. – Алматы, 2007

  4. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. - Алматы. 2005

  5. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы: Санат, 2006.-998б.

  6. Мәдібаева Қ.Қ. Қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы көркемдік дамуы және зерттелуі. Автореферат. Докторлық диссертация.

  7. Сыдиқов Қ. Ақын жыраулар. – Алматы, 2004.- 240б



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет