Пән туралы қЫСҚаша мәлімет: Пән оқытушысы



бет7/18
Дата24.03.2023
өлшемі326,59 Kb.
#75866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
2021-2022 Силлабус Отарш дәу қаз әдеб тар

ТақырыбыХІХ ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. ХІХ ғасырдағы айтыстың дәстүрлі суырыпсалма ақындық айтыс пен бірге жазба түрде де өрістеуі.

  2. Айтыстың түрлері және жанрлық ерекшеліктері.

Дәріс тезисі*
XIX ғасырдағы айтыстың дәстүлі сипаты. Қазақ әдебиеті тарихындағы айтыс өнерінің ауыз әдебиетіндегі үлгілері мен XIX ғасырдағы ақындық айтыс өнерінің өзіндік ерекшеліктері.
XIX ғасырдағы айтыстың дәстүрлі суырыпсалма ақындык, айтыспен бірге жазба түрде де өрістеуі. Айтыстың түрлері. Жанрлык ерекшеліктері. Әлеуметтік сипаты. XIX ғасырдағы әйгілі айтыс ақындары Шөже, Орынбай, Кемпірбай, Балта, Түбек, Сүйінбай, Нұрым, Қашаған, т.б. айтыстарының сөз қолданыс, өлең айшығы, көркемдік алымы. Әлеуметтік мәні. XIX ғасырдағы айтыс ақындарының өзіндік мәнер-машығы, айтыстағы әдіс-тәсілі. Жазба айтыс дәстүрінің дамуы.
XIX ғасыр айтыстарының жиналып, зерттелу жайы. М.Әуезов, А.Байтұрсынов, С.Мүқанов, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, М.Жармұхамедұлы, т.б. ғалымдардың айтысты теориялық жағынан зерттеуі.
Айтыс өлең - XIX ғасыр әдебиетінің елеулі нұсқасы. Қазақ әдебиетінің қайталанбас хас ерекшеліктері аз емес.Осы орайда ауыз әдебиеті үлгілерінің кемел жазба әдебиетке ойысу, ұласу үрдісін тану, табу, ғылыми негізден айқындап көрсету - әлемдік әдебиеттануда тек қазақ әдебиетінің теориялық тарихының ғана еншісі болып көрінеді. Қазақ әдебиетінің тарихындағы фольклор дәстүрі әдебиеттану ғылымында бастапқы кезеңнен гөрі ауқымды зерттеулерге ұласып отыр. Мұның мәні – қазақ әдебиет тарихының сарқылмайтын, таусылмайтын көркемдік негіздерден құйылған шығармашылық өзгеше жаратылыс сырында. Ауыз әдебиет, жазба әдебиеттің айырым белгісі хатқа түскен, тасқа басылған сөз фактісінде емес, шығарманың, туындының жазылу стилінде, дәстүр үрдісінде, жанрлық өзгешелігінде жатыр.Сол өзгешеліктердің бірі - XIX ғасырдағы ақындар айтысы, жалпы айтыс өнері, айтыс өлең фольклористикада, әдебиеттану ғылымында Шоқан дәуірінен бері зерттеліп келеді. Ұзақ уақыттар бойы әдебиетіміздің көп асыл мұрасы сияқты айтыс ауыз әдебиетінің еншісі есебінде зерттелді. Бірте-бірте зерттеу проблемалары күрделеніп, ауқым аймағы кеңи түсті. Жекеленген зерттеушілер XIX ғасырдағы ақындар айтысының табиғатындағы дәстүрлі айтыс өлеңмен туыс тұсты да, оның өзіндік белгілерін де аша сөйлеуге ауысты. Осы айырым, ажырату тұсында XIX ғасырдың айтысында атап айтар, айқын өзгешеліктер, әрине аз емес.
Бекіту сұрақтары:

  1. Айтыстың әлеуметтік сипаты.

  2. ХІХ ғасырдағы әйгілі айтыс ақындарының айтыстарының сөз қолданыс, өлең айшығы, көркемдік алымы.

  3. Бүгінгі айтыстардың көркемдік мәні

Әдебиет

  1. Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғ. Бірінші жартысы (1800-1850). 4-том. Он томдық. Ред. Басқарған ф.ғ.д., проф. Асқар Егеубаев. Алматы, 2005. 438 б.

  2. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  3. Ысмайылов Е. Ақындар. - Алматы, 1956

  4. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. - Алматы. 1960

  5. Мәдібаева Қ.Қ. Қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы көркемдік дамуы және зерттелуі. Автореферат. Докторлық диссертация.

  6. Сыдиқов Қ. Ақын жыраулар. – Алматы, 2004.- 240б

  7. Т.Тебегенов. Халық аңыздары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор дәстүрі. – Алматы, 2001. – 332б.

  8. М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. 2007.

Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы сал-серілер. Ән өлең. Өнерпаздық, сыршылдық ағым.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. ХІХ ғасырдағы сал-серілер шығармашылығына шолу.

  2. Сегіз сері Баһрамұлының өмірі мен шығармашылық мұрасы.

  3. Ақан Сері Қорамсаұлы (1843-1913) өмірі мен шығармашылығы

Дәріс тезисі*
Сал-серілер, әнші-ақындардың ХІХ ғасыр әдебиетін тарихындағы орны. Сал-серілер, әнші-лирик ақындар мұрасы. Олардың зерттелу, таралым, танылым жайы. Сал-серілер өнерінің өзіндік ерекшеліктері. Әрі ақындық, әрі сазгерлік, әрі орындаушылық өнер.
ХІХ ғасырдағы сал серілік, әншілік дәстүр, әншіілік жайлы А.Жұбановтың ғылыми теориялық тұжырымдары. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің шығармашылық мұрасы Е.Ысмайлов зерттеулерінде. Ш.Керімовтің сал серілер жайлы арнайы зерттеуі. М.Мағауин сал серілік өнер туралы. І.Жақановтың сал серілер шығармашылық мұрасын айқындаудағы еңбегі.Аймақтық ән мектептері. Жетісу, Арқа, сыр, Маңғыстау өңіріндегі әнші ақындар мұрасы.
Біржан салдын өмірі мен шығармашылығы. Әншілік өнердің көшбасшысы екендігі. Шығармаларының тақырьштық, әуендік ерекшелігі. Ән-өлендегі алар орны.
Біржанның «Жанбота», «Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ», «Қара жер», «Шалқыма» олеңдері мен әндері. Олардың туу тарихы. Біржанның Сарамен айтысы туралы ілгерідегі, кейінгі пікір, түжырымдар. Бұл айтыстың көркемдік сапасы.
Ақан сері Қорамсаұлы. Жаяу Мұса Байжанұлы. Өмірі. Шығармашылық мұрасы. «Сырымбет», «Қара торғай», «Үш тоты», «Ақ көйлек», т.б. ән-елеңдері. Ақыннын сезім жырларының кекемдік мәні. Ақан Сері өлеңдеріндегі әлеуметтік үн. Ақанның жан қасіреті. «Құлагер», «Жүсіп төреге», т.б. өлеңдері. Ақан сері әндеріндегі лиризм, ғашықтық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет