Пән туралы қЫСҚаша мәлімет: Пән оқытушысы



бет4/18
Дата24.03.2023
өлшемі326,59 Kb.
#75866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
2021-2022 Силлабус Отарш дәу қаз әдеб тар

Бекіту сұрақтары:

  1. Исатай – Махамбеттің қандыкөйлек жолдасы, идеялас жан серігі: «Таудан мұнартып ұшқан тарланым», «Міңкен ер», «Тайманның ұлы Исатай», т.б.

  2. Исатай опат болғаннан кейінгі Махамбет поэзиясындағы көңіл – күй лирикасы

  3. Махамбеттану: кеше және бүгін

Әдебиет

  1. Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғ. бірінші жартысы (1800-1850). 4-том. Он томдық. Ред. Басқарған ф.ғ.д., проф. Асқар Егеубаев. Алматы, 2005. 438 б.

  2. История Казахстана. История Казахстана с древнейших времен до наших дней. Очерк. 1993., стр. 214. Алматы: Дәуір, 1993.

  3. Әуезов М. ХХ томдық шығармалар жинағы. Алматы, Жазушы, 1979-1985.

  4. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

  5. Ж.Құлиев «Отқа да түсіп елі үшін, пәруана болған есіл ер…» немесе Махамбет рухын қайта тірілту// «Заң газеті».- 2002 .- 26 маусым

  6. С.Қирабаев «Елдік пен ерлік жыршысы» //«Егемен Қазақстан» газеті. -2003

  7. Махамбет – жауынгер ақын. Махамбет – воин и поэт. Орал-Уральск. 2003 ж

  8. Ғ.Қайырбеков «Қырқарланып өткен ер» //«Түркістан» газеті.- 2003.

Тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы (1818-1881) шығармашылығы
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Зар заман – қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі ағым.

  2. Зар заман әдебиетінің зерттелу тарихындағы саяси негіздемелер.

  3. Зар заман ақындарының өлеңдерінің мәні

  4. Ақындарының шығармаларына тиым салынуы.

Дәріс тезисі*
Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы. Зар заман поэзиясындағы негізгі сарын. Зар заман әдебиетінің айтулы өкілдері. Зар заман- қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі ағым. Зар заман- қазақ әдебиетінің ауызшадан жазбашаға ойысқан өтпелі кезеңнің әдебиеті. М.Әуезовтің қазақ әдебиеттану ғылымында зар заман ағымының ғылыми негіздемесін жасаудағы орны.Зар заманды жүз жылдық дәуірдің әдебиеті деп атап, оның туын тікелей орыс отаршылдығымен байланыста қарастыру. Оның зар заманды үш кезеңге: әлеуметшілдікке, ісшілдік, дін мен мәдениет иісі шыққан кезеңдерге бөлуі. Зар заман сарынының күшейген тұсы қазақ жерінің отаршыл жер отарына айналған кезеңі (1867 жылдан кейінгі) деп атап көрсетуі. Зар заманның әдеби ағым есебіндегі көркемдік негіздемелерін тұжырымдауы. С.Мұқановтың зар заман әдебиетіне байланысты айтқандары. Зар заман әдебиетінің зерттелу тарихындағы саяси негіздемелер. Оның қилы қалыпта бағалану, танысу тарихы. Зар заман поэзиясының негізгі сарын, көркемдік сипат жөнінен кейінгі кезеңдердегі зерттелу жайы. Зар заман дәуірі әдебиетінің аса көрнекті өкілдері. Шортанбай, Дулат, Мұрат, Шернияз, Әбубәкір, т.б, шығармашылық мұрасының әдебиет тарихындағы орны. Н.Радлов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Ә.Қоңыратбаев, С.Қирабаев, Д.Кәкішұлы зар заман поэзиясы туралы. А.Шәріп, Б.Омарұлы, К.Мәндібай, т.б, зар заман ағымының көрнекті тұлғаларының шығармашылық мұрасын қазірге кезеңде зерттеуі.
Бекіту сұрақтары:

  1. Шортанбай Қанайұлының өмірі.

  2. Шортанбай қанайұлының шығармашылығының зерттелуі.

  3. Ақын толғауларының басты тақырыптары.

  4. Шортанбай ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы орны.

Әдебиет

  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  2. Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғ. Бірінші жартысы (1800-1850). 4-том. Он томдық. Ред. Басқарған ф.ғ.д., проф. Асқар Егеубаев. Алматы, 2005. 438 б.

  3. Мәдібай Қ. Зар заман ағымы. – Алматы, 2005

  4. Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. - Алматы, 2000

  5. Омарұлы Б. Зар заман әдебиеті. - Астана, 2005

  6. Мәдібай Қ.Қ. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. 2 кітап. – Алматы: «Қазақ
    университеті», 2004.- 270 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет