Пән туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы: Утеулиев Бауыржан Бабажанұлы конференцияның id номері: 224 620 7857 ПӘннің ҚЫСҚаша сипаттамасы «Тележурналистика»



бет8/25
Дата06.03.2023
өлшемі131,27 Kb.
#71850
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
Тележурналистика

Өткізу форматы:Презентация,дискуссия
Тақырыбы Теледидар құрылымы және оның қызметі
Сағат саны 2
Өткізу форматы:Презентация,дискуссия
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Теледидар құрылымы
2. Телехабарлардың практикалық функциясы.


Дәріс тезисі*
Теледидар – бұқаралық ақпарат құралдары жүйесіндегі ең әсерлі де ең өткір ақпарат құралы. Телевизияның жаппай өрістей бастағанда, 1962 жылы американдық ғалым Маршал Маклюен оның мүмкіндігін бағалай келе, «енді кітап және өзге де баспасөз құралдарын басу ісі келмеске кетті, оның орнын визуалдық ақпарат құралы – телевизия басты» деген екен. Маклюеннің пікірінде әсіреқызбалық бар деп айыптағанымызбен, өзге ақпарат құралдарына қарағанда теледидар аудиториясының әлдеқайда көп екенін мойындаймыз. Бейне мен дыбыстық қатарды үйлесімде бере алатындығымен, кинематографияның, әсіресе техника мен технологияның жаңа мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, өмірдің шынайы кескінін сол қалпында, сол бояуымен бере алатын теледидар қай жанрда көсілсе де, жетімділік тұрғысынан өзге ақпарат құралдарынан біртабан артық, жұртшылықтың зейінін арбап, назарын еріксіз өзіне өзіне аударады.
Телевизияның спецификалық артықшылықтарын санамалай келе өз зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен идеясына ойысалық. Жалпы тележурналистика жанрлары: ақпараттық, сараптамалық және көркем – публицистикалық деген үш үлкен топқа жіктеледі. Қоғам өміріндегі күнделікті жаңалықтар, өмірге жаңа енген құбылыстармен таныстыратын ақпараттық блок, белгілі-бір мерзім ішінде қордаланған мәселелер мен оқиғалар легін талдап, сараптайтын сараптамалық жанрдағы хабарлардың өзіндік практикалық функциялары (аудиторияны құлағдар ету, нақты бір оқиғаға баға беру) мен берілу мәнерінде жанрлық ерекшелігі (шапшаңдық, ресми сипат) бар. Ал енді көркем-публицистикалық жанрдағы телехабарлардың практикалық функциясы – эстетикалық тәрбие беру, көрерменді әсемдік болмыспен қауыштыру, рухани қажеттілігін сусындату, бір сөзбен айтқанда, рухани ләззатқа бөлеу. Көркем хабарды тамашалауға беттеген көрерменнің психологиялық күйі босаңсып, экран бетіндегі көріністі бар ынта-ықыласымен түйсіну, соған бой алдырып, сондағы шындықпен біте қайнасып, бірге жасасу, эстетикалық нәр алуға әзірленеді. Демек, көркем хабарлар жасауда, оның жанрлық табиғатынан туындайтын эстетикалық ерекшелігі мен мүмкіндігін іс жүзінде бір сәт те назардан шығармастан, барлық процестерді сол факторға бағындырған кәміл. Бұл – көркем телехабарларға қойылатын жалпылама талап. Көркем хабарлардың әрбірінің өзіндік тақырыптық айшығы мен формаларына қарай, олардың әрбіріне қатысты жеке-дара туындайтын міндеттер мен шарттар легі қалыптасады.
Қазіргі қазақ эфиріндегі көркем хабарларды талдау, оларды жасау мәселелеріне көшпес бұрын, қазір телеарналардан беріліп жатқан көркем хабарларды жасалу орнына қатысты екіге бөліп қарау керектігін айтуымыз керек. Бірі – әр телеарна редакциясының өз студиясында жасалатын немесе редакция алқасының ықпалымен, сондағы тележурналистердің басшылығымен, ұйымдастыру, қатысуымен студиядан тыс жерде (мәселен, табиғат аясында) жасалатын көркем хабарлар. Екіншісі – концерттік сахнада немесе театр сахнасында қойылған, бір айта кетерлігі, журналистердің емес, әртістердің басымдығымен, телекөрермендерге ғана емес, залда отырған бұқараға арналып, көрерменнің көз алдында жасалатын көркем хабарлар. Айталық, әртістер қатысымен жасалатын көркем хабар деп отырғанымызға «Бауыржан-шоу», «Шымкент шоу», «Күлкі керуені», «Терісқақпай», «Ән мен әнші», «Сағыныш», «Інжу-маржан», «Айтыс» сынды концерттік және театрлық қойылымдар мен театр спектакльдері жатады. Концерттік бағдарлама, я сахналандырылған қойылым студиялық телехабардан жасалу технологиясы, режиссурасы тұрғысынан түбегейлі ерекшеленеді. «Егемендік дәуірде бағдарламаларға ұлттық түр мен пішін, мазмұн мен мән беріп, рухани келбетін таныту қажеттігі туындады» – деген қазақ тележурналистикасының тарихы мен тоериясын зерттеуші ғалым Құдайберген Тұрсынның тұжырымы өте әділ.
Әдебиет
1. Есенбекова Ұ.М. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. –А., 2011
2. Әбілдина Ғ. Телевизия өнері: теориясы мен технологиясы. – А.,2012.
3. Бекетова Л. Проблемы реформирования телевидение и радио вКазахстане. – Алматы: 2011.
4. Галперин Ю. Человек с микрофоном – М., 2011.
5. Д.Рендаль Универсальный журналист – А.,2011.
6. Любосветов Д. Радиожурналист и процесс общения.//Мастерство
журналиста – М., 2011.
7. Әбдіжәділқызы Ж. Тележурналистика:оқу құралы, Алматы.,Қазақ университеті, 2018
8. Қабылғазы К., Телерадиожурналитика: теория, тәжирибе, түйін., Алматы.,Қазақ университеті, 2017


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет