Пән туралы мәлімет: Атауы: «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» Кредит саны: «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері»



бет15/39
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138768
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері, Ж.Ж.Шайекенов

12 апта
Дәріс 12
Тақырыбы: М.Мағауин және қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселелері.
Дәріс мазмұны: Қазақстан Халық жазушысы, «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты Мұхтар Мағауиннің отандық әдебиеттанудағы іргелі еңбектері ұлтымыздың елдік пен ерлік жолындағы мәңгілік мұраттары өзіндік өшпес ізін қалдырған жыраулар мұрасын зерттеу, жариялау сынды руханият әлеміндегі аса маңызды мәселелерімен сабақтас.

Әлеуметті бастапқы отаршылдық, кейінгі тоталитарлық жүйе танған құлдық санадан арылтудағы Мұхтар Мағауиннің ғылыми-шығармашылық тұлғасындағы отаншылдық қасиеттер қазақтың байырғы әдебиетін, онымен өзектес өнерін, тарихы мен мәдениетін ғылыми тұрғыда зерттеу, жариялау және насихаттау арнасындағы ізденістерін даралайды. «Әдебиетіміздің тарихы жнінде» («Қ.Ә».1965.6.ҮІІІ), «Қазтуған жырау» («Лениншіл жас».1965.15.ҮІІІ), «Доспамбет жырау» («Лениншіл жас».1965.4.ІХ), «Еленбей келген ақын» («Қ.Ә».1966.7.І) «Асан Қайғы» («Білім және еңбек».1966.№2), «Көне дәстүр куәсі» («Қ.Ә».1966.1.ҮІІ), «Шалкиіз жырау Тіленшіұлы» («Қ.Ә».1966.9.ІХ), «Ақтамберді жырау» («Қ.Ә».1967.15.ХІІ), «Шал ақын» («Жұлдыз».1966.№12), т.б. мақалалары жыраулар мұрасына сәуле түсіруімен қатар хандық дәуір әдебиетін зерттеудің соны сипаттағы тың ғылыми-әдіснамалық бағытын да айқындады.


Кеңестің жүйе қысымындағы ұлттық әдебиеттанудың түйінді әрі аса ділгір мәселесі қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу, байырғы тарихи бастауларына тән көркемдік дәстүр ұласуын айқындау мен дәлелдеудегі Бейсенбай Кенжебаев ғылыми тұжырымдарын жетекші ұстанымға айналдыру болды десек, хандық дәуір әдебиетін кешенді зерттеу, қазақтың дербес ұлттық әдебиетінің тарихын ХҮ ғасырдан бастауды ғылыми негізді жүйелі орнықтыру мәселесі М.Мағауиннің «Қобыз сарыны» (1968) зерттеуінің жарық көруімен оң шешімін тапты.
«Қазақ тіл өнерінің ескіде өткен өкілдерінің артында қалған асыл мұра күні бүгінге дейін арнайы зерттелген емес. Тіпті, қазақ әдебиетінің тарихы ХҮІІІ ғасырда жасаған Бұқар жыраудан басталады деген жаңсақ пікір орын алып келгені мәлім» деп білген әдебиетшінің «Қобыз сарыны. ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын, жыраулары» (1968) еңбегі жыраулар мұрасын ғылыми айналымға енгізіп қана қоймай, қазақ хандығы дәуіріндегі сөз өнерінің қайталанбас табиғатын ұлт тарихының күретамырымен байланыстыруда отандық ғылымда мән-мағынасы айрықша маңызға ие мәселеде шешуші қадам жасады. Дербес қазақ атымен аталатын төл тума әдебиеттің ХҮ ғасырдан басталатынын дәлелдеуді мақсат еткен ғалым сол кездегі ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде аңыз кейіпкері деп күмәнмен қарастырылып, әдебиет бастауы тұрғысынан мойындала бермеген жыраулар тұлғасындағы өнерпаздық ілкі қасиеттерді толғау жанры негізінде талдап, осы дәуірдегі асқақ рухты ұлттық сөз өнерін түбегейлі зерттеуге жол ашты.
Әдебиетші ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда өмір сүрген жыраулар шығармашылығының арқауы ұлт өмірінің елдікпен сабақтас маңызды мәселелері екенін жыр-толғаулары мысалында дәлелдеп, өнерпаздық болмысының көркемдік арнасы өз бастауын көне дәуірдегі түркі әдебиетінен алатынын тарихи сабақтастық тұрғысынан айқындап: «Туған әдебиетіміздің түп негізі көне дәуірге - түркі тайпалары әлі жеке-жеке халық боп жіктелмеген, ортақ мәдениет, ортақ мұра жасап жүрген кезеңге барып тіреледі. Ал туыстас түрік руларының бір тобы қазақ деген атпен бөлініп, өз мемлекетін құруымен байланысты, ХҮ ғасырдың орта шенінен бастап дербес, қазақ атымен аталатын әдебиет аренаға шығады. Қазақ әдебиетінің алғашқы өкілдері - Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіздер, Бұқар жырау және соңғы дәуірдегі қаламгерлер творчествосы осылардың ақындық өнерінің логикалық жалғасы болып есептеледі» деген тұжырым жасады. Әсіресе жыраулар поэзиясындағы поэтикалық тәсілдің көне замандармен дәстүрлі байланысын зерделеудегі түйіндері де теориялық жағынан тың болып табылады. Мысалы, көне жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктерінің бірі - өлең жолдарында алғашқы сөздердің, кейде тіпті сол алғашқы сөздердің басқы буындарының қайталануы екенін, ол нақыш эпоста кеңінен қолданылатынын анықтайды. Сонымен бірге жырау поэзиясының өзіндік ерекшеліктерінің тағы бір қыры - жыр-толғаулардағы тармақтардың буын саны жағынан алғанда үнемі біркелкі болып отырмайтыны. Міне, осы көркемдік ерекшеліктегі дәстүр табиғатының тарихи жалғастық арнасын дәйектеген зерттеуші пікірінің ғылыми негіздерін «Қобыз сарынына» жазған рецензиялық мақаласында академик Әлкей Марғұлан «Тегінде біздегі поэзияның түу баста шыққан заңдылығына үңіліп қарасақ, жол басындағы буындардың ұйқастары Орхон жазуларында не ҮІІІ-ХІІ ғасырларда кездесетін көне түркі тілдес поэзияға тән қасиет екенін көреміз» («Қ.Ә».1968.8.ҮІ) деп баса көрсеткен болатын. Осы ретпен келгенде М.Мағауин зерттеуінде біріншіден, жыраулар көне дәуірде жорық жыршысы болғандықтан поэзиясы өр рух, романтикаға, жауынгерлік пафосқа құралатыны, ол қаһармандық эпосты жасау және таратуда елеулі маңызды болғаны түйінделсе, екіншіден, ақын және жырау тұлғаларының өнерпаздық болмыстарының ортақ сипаты мен ерекшеліктері, толғау жанрының поэтикалық қуаты, көркемдегіш құралдар әдеби-теориялық тұрғыдан талданды. Ал әдебиеттегі көркемдік әдіс табиғатының түрленуі, яғни жыраулық поэзиядан реалистік әдебиетке өтуінің көріністері Шал ақын шығармашылығы мысалында дәйектелді.


Практикалық сабақ тақырыбы: Жыраулар поэзиясы және М.Мағауин зерттеулері.


СОӨЖ мазмұны: Хандық дәуірдегі әдебиеттің зерттелу бағыттары


СӨЖ мазмұны: Хандық дәуірдегі әдебиет

Әдебиет:


1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе ( хрестоматия) А., 1991.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет