Пән туралы мәлімет: Атауы: «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» Кредит саны: «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері»



бет13/39
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138768
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
Байланысты:
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері, Ж.Ж.Шайекенов

10 апта
Дәріс 10
Тақырыбы: Ә.Қоңыратбаев және қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселелері.
Дәріс мазмұны: Қоңыратбаев Әуелбек (1905-86) - түрколог, филология ғылыми докторы профессор. Ғалымның негізгі еңбектері қазақ фольклоры, көне түркі поэзиясын зерттеу және қазақ әдебиетін мектептерде оқыту мәселелеріне арналған. Қазақ совет әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші" (1950), Қазақтың Қозы-Көрпеш жыры туралы» (1959), «Әдебиетті оқыту методикасының очерктері» (1962), "Әдебиетті оқыту методикасы" (1966), "Шеберлік сырлары" (1979), "Қазақ эпосы және түркология" (1987), "Қазақ фольклорының тариxы" (1991), "Қазақ әдебиетінің тариxы" (1994) жарық көрді. Қоңыратбаевтың бірқатар еңбектері абайтану мәселөлерін сөз етеді, әсіресе ақынның шығыс әдебиетімен байланысын ашуға арналған. «Мәдениет тарихынан алынатын таным» («Қазақ әдебиеті», 1972, 28 қаңтар), «Әлішер Науаи - өзбек халқының ұлы ақыны» (ҚазССР ғылым академиясының Хабаршысы, 1948, №6), «Фараби және Абай» еңбектерінде Шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің тарихи сабақтастығы және жалпы түркология мәселөлерін қарастырған. Оның бірқатар зерттеулері Абайдың философиялық көзқарасын анықтауға, ақындық шеберлік және шығармаларындағы еткірсын, әжуа, мысқыл ерекшеліктерін ашуға арналған. Ол Абайдың өмірі мен ақындық жолын зерттеу мәселелеріне байланысты 10-нан астам ғылыми мақала жазып, 1945 жылғы Абай шығармаларының академиялық жинағына түсініктер жариялады. Ғалымның 10 томдық шығармалар жинағы (2004-2005), 2 томдық таңдамалы көркем шығармалары (2008) жарық көрді.
Практикалық сабақ тақырыбы: Ә.Қоңыратбаев және қазақ әдебиеті тарихы.

СОӨЖ мазмұны:
Әдебиеттану ғылымындағы белгілі ғылыми мектептер мен олардың бағыттары


СӨЖ мазмұны: Қазақ әдебиеті тарихы

Әдебиет:


1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Мебетбек Т. «Алтынкөпірліктер» (Қазіргі жастар поэзиясы хақында).
«Жұлдыз» журналы 2008, №1,2
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Үсенова А. “Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері” А, 2010
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет