Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Диалог құруға шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Талдауға арналған сұрақтар: Не себебті ......деп ойлайсыз ишара
Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар қою. Балалар сендер тіл дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой қозғар» әдісін пайдаланып, «Тіл – халық қазынасы» » сөзіне ассоциограмма құрғызады.
Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілінен айрылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып, халық болудан қалады. Тіл ана тілі атануы үшін, ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы керек.
Тілдің ең негізгі қызметі адамдардың бір – бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайында пікір алысу үшін қызмет етуі. Екінші қызметі – адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көз – қарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар.Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70 – орынға ие болып тұр.
Сөздік дәптерді қолдана отырып сөздер жарысы, мұғалім орысша сөздерді атайды оқушылар жауабын береді, өткен тақырыптағы сөздерді естеріне түсіру.
Диалогқа түсу /сыныпқа сұрақ қою/
Ана тілі дегеніміз не?
Ұлт тілі,ділі дегенді қалай түсінеміз?
Оқулықтағы жаттығуларды дәптерге орындату