Шілдехана шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той.
Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.
Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ.
Туған жерге аунату- Қазақтар қай жаққа көшпесін, қай жақта жүрмесін, өздерінің туған жерін ұмытпайды, сонымен олар ежелгі дәстүрлері Туған жерге аунатуын сақтап келеді, онда өз туған жерінен жыраққа кеткен көптен жоламаған адамды әкеліп, өзінің сүйікті туған жерін көрсетеді, әдетте ғұрыпты сақтап оны жерге аунатып алуға болады.
Ашамайға мінгізу – қазақы ғұрыптардың бірі. Қазақ ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойған, соның ішінде алғаш рет жеке атқа мінгізу рәсімін өткізген. Бұл рәсімде откізілетін шараны «Ашамайға мінгізу» немесе «Ашамай тойы» деп атаған. Бұл бала үшін де, ата-ана туысқандары үшін де ерекше оқиға, үлкен қуанышқа саналатындықтан ауқаттылар той жасап, ат шаптырып, көкпар тартқызған.
Ашамай дегеніміз -баланы атқа мінуге үйрету үшін қолданылатын ердің қарапайым түрі. Ашамайдың ер сияқты екі қасы (алдыңғы және артқы), екі қапталы, оқпаны болады. Үзеңгінің орнына тепкішек қолданылады. Тепкішек тебінгіге жапсыра тігілген, шағын киіз қоржын.
Бастаңғы — қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, Бастаңғы жасайды.
Оқушылар түсінгенін айтады.