Пәндерінің барлық мамандықтарға арналған дәрістер жинағы Алматы, 2022ж. Модуль- 3


Дәріс №7 Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы



бет56/84
Дата05.12.2022
өлшемі460 Kb.
#54829
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   84
Дәріс №7 Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы
Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар және бағдарламалар. Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары. Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік. Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар. Кәсiби өсудегі кедергiлер, оларды болдырмау және жеңу жолдары. Кәсіби сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық қажу синдромы.
Адам баласы тұлға болып қалыптаса бастағаннан оның өмірінде маңызы күшті, мағынасы терең жайттар болып жатады, ол адамның өмір сүру барысында, жасерекшелігіне де байланысты болып келеді.
Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасай отырып, адамның болмысының абстрактілі жəне өзгермейтінін негізге ала отырып, адамның өмірінің мəні оның іс-əрекеттерінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға ден қойып келгені мəлім. Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мағынасын жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдық нормаларды бейнелейтін реттеуші ұғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мағынасын белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек. Өмірдің мағынасы туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мағынасы əр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде 6 млрд-тан астам адам бар десек, өмірдің мағынасы туралы сонша пікір бар.
Ал, өмірдің мағынасы туралы философтар пікірлерінің жалпы адамзатқа ортақ, əлдеқалай бір жиынтық тұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөні бар. Адам өмірінің мағынасы оның əлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам – белсенді əрекет иесі. Ол əлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мəнін, құндылығын айқындаушы – сол адамның өзі. Жəне ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.
В. Франкл айтқандай өмір мағынасын адам жаны ұмтылатын рухани деп түсіндіреді. Өмір мағынасын түсіну əр түрлі жас кезеңінде жəне əртүрлі жағдайда пайда болуы мүмкін, сондықтан адам өз тіршілігіне өзі мəн беруі тиіс, əйтпесе оған сырттан келер көмек жоқ. Өмірдің мағынасы жазылып, құрастырыла салмайды, ол өмір бойы жинақталады. Өмір мағынасын іздестіру адам үшін табиғи құбылыс болып саналады.
ХХ ғасырда батыстық философия мен психоаналитикалық жəне постмарксисттік дəстүрлерге ортақ мəселе – əр адамның өмір мағынасын іздеу не табудың рухани құндылыққа айналуы болды. Адамның қоршаған орта мағынасын түсініп, сол ортада өз бағытын таба білуі осы мəселенің басты мəніне айналды. Өмір мағынасы – адамның өмірлік бағыттар, мақсаттар мен бағдарламалар жəне оларды жүзеге асыру жолдарының жиынтығы болып келеді.
Барлық когнитивтік (зерттеушілік) əрекеттер адамды осы өмірде өз орнын іздеуге, өмірлік мақсаттарын айқындауға, қоғамда белгілі бір статустарға ие болуға итермелеп отырады. Индивидтің өмірлік бағыт анықтау процесі көбіне басқалармен қарым-қатынас жасау, өз мүмкіндіктерін дамыту жəне сол мүмкіндіктерді пайдалана алу сияқты əрекеттердің тізбегінен құралады.
Өмір мағынасын іздеуде социум үлкен жұмыс атқарады, социумда адамның тұлға болып қалыптасу жолындағы көпжоспарлы идентификация жүзеге асырылады. Тұлға болып қалыптасқан байқуатты, танымал əрі актуалды дамуы тоқтамаған адамның жеке құпиясы оның сырт келбетінде емес, оның киіну, сөйлеу, басқалармен қарым-қатынас жасау жолдарында емес оның өз мүмкіндіктерінің шегінен таси алатындығында, өзін-өзі анализдеп, өзін-өзі сырттан бағалай білуінде, сол адамның өмір сүру əдістерінде жəне де өз өмірін өзі құра білуде деп түсіну керек.
Өмір жолында адам үнемі өзін-өзі асып түсіп отырады, себебі адам өмір туралы ойланып қана қоймай, өмірдегі мəселелер мен қиындықтарды шешу жолын қарастырады, сонымен қатар өз əрекеттерін жəне айналасындағы қоғаммен, туыстарымен, жанұясымен жəне өз-өзімен қарым-қатынасты реттеп, оларға байланысты шешімдер қабылдап отырады. Басқа адамдар өмірі мен өз өмір шығармашылығындағы байланыс адамды өмірді бағалауға жəне өмір мағынасын табуға итермелейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет