Пәндерінің барлық мамандықтарға арналған дәрістер жинағы Алматы, 2022ж. Модуль- 3


шынайы “мен” (осы шақтағы өзі туралы түсінік), идеалдық



бет54/84
Дата05.12.2022
өлшемі460 Kb.
#54829
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   84
шынайы “мен” (осы шақтағы өзі туралы түсінік),

  • идеалдық “мен” (өзінің пікірі бойынша, субъектінің моральдық нормаларға бағдар алғанда қандай болуға тиіс екендігі),

  • серпінді “мен” (субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті),

  • фантастикалық “мен” (егер мүмкін болса, субъектінің қандай болуды армандайтындығы), т.б.

    "Мен" тұжырымдамасының қалыптасуы адамдар арасында қызмет алмасу жағдайында жүріп, оның барысында субъект “басқа адамға айнадағыдай көрінеді” және сол арқылы өз менінің бейнесін сақтап, айқындайды және түзетеді.

    1. Құндылықтар

    Аксиология (грек, axios — құңды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып қойған Сократ екенін білеміз. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді.Олар бізге бала кезден,ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу.Құндылықтар әр адам үшін әрт түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі: табиғи, жүре пайда болатын және абсалюттік. Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады. Ал, абсалюттік- уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар.
    Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады.Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді.
    Оқыту үрдісіне мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді.
    Мәңгілік құндылықтар білім негізі және оның өзегі болып табылады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   84




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет