Пәндерінің барлық мамандықтарға арналған дәрістер жинағы Алматы, 2022ж. Модуль- 3



бет76/84
Дата05.12.2022
өлшемі460 Kb.
#54829
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   84
Дау-дамайдағы мінез-құлық стратегиясы тұлғаның (топтың) дау-дамайға қатысты бағытталуы, дау-дамай ситуациясындағы мінез-құлықтың белгілі бір формаларына (түрлеріне) бағдар ретінде қарастырылады. Стратегиялар дау-дамайда әр түрлі тактикалар арқылы жүзеге асады. Тактика (грек тілінен алғанда tasso - әсерлі сапқа тұрғызу) бұл оппонентке ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы, стратегияларды жүзеге асыру құралы. Бір тактика стратегияның түрлі шеңберінде қолданылуы мүмкін. Мысалы, деструктивті әрекеттер ретінде қарастыратын қатер немесе қысым қарама-қарсы жақтардың біреуі дайын емес немесе қабілетсіз болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Тактикалар қатал, бейтарап және ыңғайлы да болады. Дау-дамайларда тактикаларлы қолдану әдетте ыңғайлыдан едәуір қаталға қарай жүреді.
3.Даулы жағдаяттың ақпараттық модельдері. Даулы жағдаяттың осы субъективті компонентін басқаша "дау-дамайды оппоненттердің қабылдауы" деп атайды. Ол дау - дамайдың пайда болуы мен дамуын түсіну үшін ерекше маңызды болып табылады.
Осы келтірілген құрылым дау-дамай психологиясындағы ең қолайлысы болып табылады. Сонымен бірге психологтар арасында дау-дамайдың құрылымы жөнінде үзілді-кесілді бірыңғай түсінік әлі жоқ. Қазіргі уақытта дау-дамайлар функциясы тақырыбы да біршама проблемалы болып келеді.
Дау-дамайлардың қызметі. Дау-дамайларды жүйелі функционалдық талдау олардың қатысушылар мен әлеуметтік ортаға қатысты рөл атқаратындығын көрсетеді. Бұл ықпал көп мағыналы және дау-дамайдың функционалды ретінде де қарастырылуы мүмкін. Дау-дамай оның дамуының әлеуметтік және психологиялық үрдістері оппоненттердің де және айналасындағылардың да психикасын мінез-құлұына, іс-әрекетіне әсер ететнің жағдайда функционалды болады.
Адамдарда күнделікті өмірде дау-дамайларға жағымсыз құбылыс ретінде бір мәнді қарау қалыптасты. Дау-дамайдың цехте бөлімде, отбасында немесе достар арасында пайда болуы сәтсіздік симптомы ретінде қарастырылады және мүдделі жақтардың күштері де оны жеңуге бағытталады. Дау-дамайды жағымсыз құбылыс ретінде танитындар оны қалыпты жағдайдағы әлеуметтік жүйені бүлдіруші деп есептейді. Енді бір ғылыми дәстүр дау-дамай әлеуметтік қатынастардың қажетті компоненті ретінде қарастырады. Бұл көзқарас Аристотельдің, Гобсстің, Гегельдің, Вебердің , Маркстің, Козердің, Дарендорфтың еңбектерінде кездеседі.
Тұлға мен әр түрлі деңгейдегі топтар өміріндегі дау-дамайлардың атқаратын рөліне байланысты қарама-қайшы көзқарастарының болуы ресейлік мамандардың дау-дамайларды зерттеуінің барлық кезеңінде байқалады.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, дау-дамайдың негізгі функцияларын конструктивті қызметтер бөлігіне және деструктивті қызметтер бөлігіне біріктіруге болады.
Конфликтінің негізгі қатысушыларға қатысты конструктивті функцияларының ішінен төмендегілерді көрсетуге болады: 1) Дау-дамай іс-әрекетті ұйымдастырудың жетілмеуіне қарай пайда болатын қайшылықты, басқарудағы қателіктерді жекелеген қызметкерлердің ұқыпсыздығын және т.б. толығымен немесе біртіндеп жояды. Дау-дамай кемшіліктердің жеткіліксіз іскерлік пен парасаттылық фактілерін айқын көрсетеді. 75%-дан көп жағдайларда дау-дамайлар аяқталған кезде олардың негізінде жатқан қайшылықтарды толығымен немесе жарым жартылай шешу мүмкін болады.
2) Дау-дамай оған қатысушы адамдардың жеке психологиялық ерекшеліктерін анағұрлым терең бағалауға мүмкіндік береді. Дау-дамай адамның құндылық бағаларын, оның іс-әретке, өзіне немесе өзара қатынастарға бағытталған мотивтерінің салыстырмалы күштерін, қиын жағдаяттың күйзелісті факторларына психологиялық тұрақтылғын анықтайды.
3) Дау-дамай қатысушылардың даулы жағдаятқа қарсы әрекеті болып табылатын психикалық шиеленісті азайтуға мүмкіндік береді. Даулы өзара әрекеттесу адамдағы мүмкін боларлық жағымсыз салдардан басқа, әсіресе эмоционалдық қарқынды қарсылыққа ұштасатын эмоционалдық шиеленісушілікті төмендетеді.
4) Дау-дамай тұлғаның тұлға аралық қатынастардың даму көзі болып табылады. Дау-дамайды оны конструктивті шешу адамға қоршағандармен өзара әрекеттесу тәсілдерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Тұлға қиын жағдаяттарды шешудің әлеуметтік тәжірибесін меңгереді.
5) Дау-дамай дербес іс-әрекеттің сапасын жақсарта алады.
6) Дау-дамайда әділ мақсаттарды жақтау кезінде оппонент қоршағандар арасында өзінің беделін арттырады.
7) Әлеуметтену үрдісі қайшылықтарының көрінісі болатын тұлға аралық дау-дамайлар тұлғаның өзін таныту, қоршағандармен өзара әрекеттесуде белсенді ұстанымын қалыптастырудың құралы ретінде анықталуы мүмкін (Первышева 1990).
Дау-дамайдың конструктивті функцияларынан басқа, деструктивті салдары да бар.
1.Дау-дамайлардың көпшілігі оған қатысушылардың психикалық күйіне жағымсыз әсерін тигізеді.
2. Сәтті дамыған дау-дамайлар психологиялық және дене күшін көрсетуге, демек оппоненттерге зақым келтіруге ұштасуы мүмкін.
3.Дау-дамай қиын жағдаят ретінде үнемі күйзеліспен қатарласа жүреді. Жиі және эмоционалды түрде шиеленіскен дау-дамайлар кезінде жүрек-қантамыр ауруларының, сондай-ақ асқазан-ішек жолы жұмысының созылмалы бұзылуларының мүмкіндігі шұғыл артады (Иванов, 1965, Судаков,1974).
4. Дау-дамай - бұл өзара әрекеттесуші субъектілердің арасында оның басталуына дейін қалыптасқан тұлға аралық қатынастар жүйесінің бұзылуы. Қарсы жаққа пайда болған жек көрушілік, өшпенділік, қастық дау-дамайға дейін қалыптасқан өзара ізгі байланыстарды бұзады. Кейде дау-дамай нәтижесінде қатысушылардың өзара қатынастары мүлде тыйылады.
5.Дау-дамай басқаның жағымсыз бейнесін, яғни "жаудың бейнесін" қалыптастырады, ал ол өз кезегінде оппонент жөнінде жағымсыз бағдардың қалыптасуына ммкіндік береді.
6. Дау-дамайлар оппоненттерінің жеке іс-әрекеттерінің тиімділігіне жағымсыз әсер етуі мүмкін.
7.Дау-дамай тұлға мен топтың әлеуметтік тәжірибесінде проблемаларды шешудің күш көрсететін тәсілдерін орнықтырады. Бір жолы күш көрсетудің көмегімен жеңе отырып, адам аталмыш тәжірибені әлеуметтік өзара әрекеттесудің басқа осыған ұқсас жағдаяттарында қайта жаңғыртылады.
8. Дау-дамайлар көбінесе тұлғаның дамуына жағымсыз ықпалын тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет