Пәндерінің барлық мамандықтарға арналған дәрістер жинағы Алматы, 2022ж. Модуль- 3


Дау-дамай алдындағы жағдаяттың пайда болуы



бет78/84
Дата05.12.2022
өлшемі460 Kb.
#54829
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   84
Дау-дамай алдындағы жағдаяттың пайда болуы. Жағдаяттың даулылығы өзара әрекеттесуші жақтардың бірінің қауіпсіздігіне қатердің төнуі ретінде қабылданады. Жағдай дау-дамайдың алды ретінде және қауіп-қатерді қабылдау кезінде қандай да бір қоғамдық маңызды құбылыс ретінде түсінілуі мүмкін. Ашық кезеңді көбінесе даулы өзара әрекеттесу немесе дау-дамайдың нақты өзі деп атайды. Ол мыналардан тұрады: а) инцидент; б)дау-дамай эскалациясы; в) баланс жасалаған қарама-қарсы әрекет; г) дау-дамайдың аяқталуы.
Инцидент жақтардың сыртқы қарама-қарсы әрекеттесулерінен, қақтығысуларынан көрініс табатын дау-дамай динамикасындағы бірінші ашық саты болып табылады. Егер әрекеттесуші жақтардың бірінің ресурстарының салмағы жеткілікті болып, өз пайдасына шешілсе, онда дау-дамай инцидентпен шектеледі. Көбінесе дау-дамай даулы оқиғалардың инциденттердің кезектесуі ретінде әрі қарай дамиды. Өзара даулы әрекеттер әрі қарай болатын әрекеттерге жаңа стимулдар ендіре отырып, конфликтінің бастапқы құрылымын күрделендіруге, өзгертуге қабілетті. Мұндай үрдіс "дау-дамай эскалациясы" деген атауға ие болады.
Көбінесе, дау-дамайда оның эскалациясын айғақтайтын күрестің жылдам шиеленісуі жүреді. Эскалацияның белгілері болып табылатындар: когнитивті аясының тарылуы, "жау бейнесінің" пайда болуы, эмоционалдық күштенудің артуы, жеке қарсы шығу әрекетіне өту, бұзылатын және қорғалатын мүдделердің бағыну сатыларының өсуі және олардың поляризациясы, күш қолдану, келіспеушіліктің бастапқы нысанының жоғалуы, дау-дамай шекарасының кеңеюі.
Баланс жасалған қарама-қарсы әрекет. Қарсы жақтар қарама-қарсы әрекеттесуді жалғастырады. Алайда қарқындылығы төмендейді. Қарсы жақтар дау-дамайды күштеу әдістерімен жалғастыру нәтиже бермейтіндігін түсінеді, бірақ келісімге келуге байланысты әрекеттер әлі жасалмайды.
Дау-дамайдың аяқталуы даулы қарама-қарсы әрекеттесуден мәселені шешу жолдарын іздеуге өтумен, дау-дамайды кез-келген себептерге байланысты тоқтатуға өтумен сипатталады. Дау-дамай аяқталуының негізгі формалары - шешу, реттеу, тоқтату, жою немесе басқа дау-дамайға айналдыру.
Дау-дамайдан кейінгі кезең екі сатыдан тұрады: а) жаңадан келген оппоненттердің қатынастырын жарым жартылай қалыпқа келтіру; б) олардың қатынастарын толық қалыпқа келтіру.
Қатынастырды жарым жартылай қалыпқа келтіру дау-дамайда орын алған жағымсыз эмоциялар жоғалмаған жағдайларда өтеді. Қатынастарды толық қатынасқа келтіру жақтардың әрі қарайғы конструктивті өзара әрекеттесудің маңыздылығын жете түсінуі кезінде болады. Бұған жағымсыз бағдарларды жеңу, бірлескен іс-әрекетке өнімді қатысу, сенім орнату мүмкіндік береді. Қарастырылған кезеңдер мен сатылардың ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін қас қағым сәтте ( оқушылардың үзілістегі дауларында) немесе ондаған жылдарға созылуы мүмкін (Испан колонияларының 1810-1826 ж.ж. Америкада тәуелсіздігі үшін соғысы немесе 1959-1973ж.ж. Вьетнам соғысы). Кейбір сатылардың болмауы да мүмкін (мысалы, инциденттен кейін екі жақтың біреуі келісімге келеді де дау-дамай аяқталады).
Дау-дамайды кезеңдер мен сатыларға бөлу оны күрделі динамикасы бар құбылыс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Жекелеген стратегиялар мен тактикалар дау-дамайдың өту уақытының түрлі бөліктерінде әр түрлі мәнге ие болады. Дау-дамай көбінесе тікелей конфронтация болмаған кезде оппонентердің мүмкіндіктерін, өз ресурстарын "зерттеу" сәттерінен тұрады.
Дау-дамайлардың ұзақтығында қандай жақтардың оған қатысатындығына байланысты ерекшеліктер болады. Қатерге бас тіккен жағдайларда дау-дамайлар айқын "жылдам" қарқында дамиды. Дау-дамай нәтижесі оның ұзақтығына тәуелді. Ұзаққа созылған дау-дамайларда даудың іскерлік негізі азаяды да эмоционалдық-тұлғалық негізі артады. Қылмыстық дау-дамайлардың ерекшелігі олардың күш қолдануымен аяқталатын шапшаң эскалациясы болып табылады. Дау-дамайлардың жиілігі бірлескен іс-әрекет сипатының бір жыл ішіндегі циклдық өзгерістеріне тәуелді болады.
Қорыта келгенде мыналарды атап өткен жөн: дау-дамайлардың жіктелуін, құрылымын, өзгермелілігін, функцияларымен себептерін білмейінше, оларды тиімді нәтижелі реттеледі дегенге сену қиын.
Дау-дамайлардың пайда болуының негізгі объективті факторлары мыналар: тіршілік ету үрдісінде адамдар қызығушылықтарының табиғи түрде қайшы келуі, әлеуметтік қайшылықтарды шешудің нормативті процедураларының нашар жасалуы және қолданылуы; адамдардың қалыпты өмір сүруі үшін маңызды материалдық және рухани игіліктердің жетіспеушілігі мен әділетсіз бөлінуі, адамдардың материалдық қамтамасыз етілмегендігі және радикалды, ауқымды шапшаң өзгерістермен байланысты өмір сүру салты; әлеуметтік қайшылықтарды даулы түрде шешудің біз үшін дәстүрлі стереотиптері және т.б.
Дау-дамайлардың әлеуметтік -психологиялық себептеріне жататындар тұлға аралық және топ аралық қарым-қатынас үрдісінде ақпараттардың жоғалуы мен бұрмалануы; адамдардың қайта балансталған рөлдік өзара әрекеттесуі; бірден күрделі оқиғаларды әр түрлі бағытта бағалау; топ ішіндегі феворитизм; жарыс және бәсекелестік; децентрацияға қабілеттің шектеулігі және т.б.
Дау-дамайдың негізгі тұлғалық себептері мыналар: адамдар тұлға аралық дау-дамайларға түсу жиілігін көрсететін, оның интегралды қасиеті ретіндегі тұлға дау-дамайларының жоғары деңгейі; эмпатияның нашар дамуы; талаптанудың адекватты емес деңгейі; мінез акцентуациялары және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет