Пәндерінің барлық мамандықтарға арналған дәрістер жинағы Алматы, 2022ж. Модуль- 3


Тұлға ішілік дау-дамайлар психологиясы



бет79/84
Дата05.12.2022
өлшемі460 Kb.
#54829
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Тұлға ішілік дау-дамайлар психологиясы
Тұлға ішілік дау-дамайларды ғылыми зерттеу ХІХ ғасырдың соңында бастады. Моральдық тұлға ішілік дау-дамай категориясы философиялық әдебиеттерде айтарлықтай көрнекті көрініс тапқандықтан, философ-этиктер бұл тұрғыда психологтардан көш ілгері деп саналады. Сыни жағдаяттарды бастан кешіру нәтижесінде адамның психикасы мен ағзасындағы патологиялық өзгерістер проблемалары психиатрия мен биологияда бұрыннан қарастырылып келеді (Донченко, Титаренко,1989). Психологияда жиырмасыншы ғасырдың ішінде тұлға ішілік дау-дамайлар мәселесіне байланысты бірқатар теориялық және эмпирикалық материал жинақталған.
Тұлға ішілік дау-дамайлар мәселесі шетел психологиясында белсенді түрде қарастырылып келеді. Шетел зерттеулерінің ерекшелігі сол, тұлға ішілік дау-дамайлар тұлға түсініктеріне сүйене отырып, белгілі қалыптасқанпсихологиялық мектептердің шеңберінде қарастырылады.
1)Психоаналиталық бағыт шеңберіндегі тұлға ішілік дау-дамай тұжырымдамасында оның биопсихологиялық түсіндірмесіне ерекше көңіл бөлінеді. Тұлға ішілік дау-дамай адамның тілек-қалауларының қайшылығынан туындайды, тұлғаның бір бөлігі талап-тілекті орынды деп тапса, екіншісі оларды қабылдамайды (Фрейд. 1991). К.Юнг теориясында (1967) тұлғаішілік дау-дамай бұл психиканың тым төмен деңгейдегі кері кетушілігі, яғни, ол санадан тыс аймақта жүреді. К. Хорниде тұлға ішілік дау-дамай екі ұстанымда талданады. Біріншіден, бұл тілектерді қанағаттандыру менкауіпсіздікке деген ұмтылыстардың қайшы келуі. Екіншіден, тұлға ішілік дау-дамай «невротикалық қажеттіліктердің» қайшылығы болып табылады, оларды қанағаттандыру басқалардың фрустрациясына әкеп соқтырады (1993).
Гуманистік психология аясында тұлға ішілік дау-дамайдың басқа теориясы ұсынылады. К. Роджерс (1994) бойынша дау-дамайдың негізінде тұлғада саналы, бірақ тіршілік ету барысында ол меңгеоген жалған және саналы түрде меңгерілмейтін деңгейдегі өзіндік бағалау арасында пайда болатын қайшылық жатыр. Аталмыш бағыттың екіші бір өкілі А.Маслоу, тұлға ішілік дау-дамайдың мәнін адамның өздігінен маңызды етіп (1965) жүзеге аспаған қажеттілігі ретінде қарастырады.
К.Левин бойынша, тұлға ішілік дау-дамай бұл субъектіге бір мезетте бірдей мөлшердегі қарама-қарсы бағытталған күштер әрекет етеді де, субъект жағымды мен жағымсыз бағыттар арасында жағымсыз бен жағымсыз бағыттар арасында таңдау жасауға мәжбүр болатын жағдаят (1926).
Тұлға ішілік дау-дамайдың мәні логотерапияның негізін салушы Ф.Франклдің пікірінше, өмірдің мәнін жоғалту болып табылады (1969).
Когнитивті психология тұлға ішілік дау-дамайды когнитивті диссонанс арқылы қарастырады (Фестингер, 1967). Диссонанс- білім мен мінез-құлықтың сәйкессіздігі немесе екі білімнің үйлеспеу жағдаяттарында пайда болатын жағымсыз күй. Субъективті когнитивті диссонанс жайсыздық ретінде бастан өтеді. Сондықтан тұлға оны жоюға тырысады.
Бихевиоризм аясында тұлға ішілік дау әдет, қате тәрбие нәтижесіретінде түсіндіріледі (Скинер, 1986). Необихевиористер Н.Миллер мен Дж.Доллардтың (1941) еңбектерінде дау-дамай фрустрация, яғни кедергіге кері әсер ретінде анықталады.
Интеракционизм тұлға ішілік дау-дамайды талдау кезінде оның рөлдер дауы ретіндегі түсініктеріне сүйенеді (Голднер, 1955).
Психосинтез тұжырымдамасының негізін слушы Р.Ассаджоли (1994) тұлға ішілік дауін тұлға ішінде «Мен» тұтастығын төмендететін өткір қайшылқтардың болуынан көреді.
Тұлға ішілік дау-дамайдың шетелдік теорияларының көпшілігінде оның негізін қайшылық, ішкі күрес категориясы және психологиялық қорғаныс (дау-дамайды жеңу) ұғымы құрайды. Тұлға ішілік дау-дамайдың өтуі жағымсыз сезімдермен, уайымдаулармен байланысады.
ТМД елдерінің психологтардың арасында ішкі дау-дамайларды алғашқы боп зерттегендердің бірі А.Лурия(1930) болды. Тұлға ішілік дау-дамай ретінде ол жеке адамның мінез-құлқында екі күшті, бірақ қарама-қарсы бағыттағы қақтыгысып қалатын жағдаятты түсінді.
Тұлға ішілік дау-дамай теориясын дамытуға психологтар С.Мерлин (1951), В.Мясищев (1960), Н.Левитов (1964), Л.Славина (1966) елеулі үлес қосты. В мерлин тұлға ішілік дау-дамайды «тұлғаның терең және басты түрткілері мен қатынасытарын қанағаттандырмау нәтижесі» ретінде қарастырады.
Егер іс –әрекет үрдісінде түрлі жақтардың қасиеттерінің қатынастары мен әрекеттерінің арасындағы қайшылықтардың шиеленісуімен байқалатын тұлғаның ұзаққа созылған кіріктірмелкті теріске шығару күйі пайда болса онда ол тұлға ішілік дау - дамай болып табылады (Мерлин 964). Дау-дамайдың ұзақтылығымен қарқындылығы бұзылған антогонистік қатынастардың адам қатынастарының барлық жүйесінен қандай орын алатындығына тәуелді болады. Орталық қатынастардың қайшы келу кезеңі дау-дамай ғаламдық өлшемдерді қабылдайды, тұлғаны тұтастай қамтиды. В.Левитов бойынша ішкі дау-дамай рухани алауыздықты (ішкі сезім араздығын) бастан кешіру ретінде ұғынатын түркілердің күресі болып табылады.
Осы идеялар арасында тұлға ішілік дау-дамай мәселесін Т.Немчин мен С.Цицаров (1983), Е.Кузьмин мен В.Семенов (1987), И.Роных (1993), А.Скалепов (1995). Е.Фанталова (1992), Т.Юферова (1975) зерттеді. Рлдік тұлға ішілік дау- дамай М.Гомелаури (1964, 1966), С.Ерина (1982, 1988), И.Конның (1981) еңбектерінде талданды. Соңғы жылдары тұлға ішілік дау-дамайларды Ф.Василюк (1984, 1995), Т.Титаренко (1989, 1993), Ю.Юрлов (1993, 1995) белсенді түрде зерттеуде Ф.Василюк (1995) ішкі дау-дамайды өте қиын өмірлік жағдаят (күйзеліс, фрустрация және дағдарыс) түрлерінің бірі ретінде қарастырады. Сонымен тұлға ішілік дау-дамайды тұлғаның ішкі дүние құрылымдарының ұзаққа созылған күресі туғызған, әлеуметтік ортамен қайшылықты байланыстарды көрсететін және шешім қабылдауды тежейтін өткір жағымсыз сезім ретінде анықтауға болады. Психологияда (Анцупов, Шипилов, 1997; Донченко, Титаренко 1989; Василюк, 1984; Юрлов, 1995) тұлға ішілік дау-дамайдың көрсеткіштерін бөліп көрсетеді. Когнитивті сфера «Мен» бейнесінің қайшылығы; өзін-өзі бағалаудың төмендеуі; өз қалпын психологиялық дағдарыс; шешім қабылдаудың кідірісі ретінде ұғыну; құндылықты таңдау мәселесінің болуын субьективті мойындау; субьект бұрынырақ басшылыққа алған түрткілермен ұстанымдардың шынайылығына күмәндану.
Эмоцианалдық сфера: психоэмоционалдық қысымда бірқатар маңызды жағымсыз сезімдер.
Мінез-құлықтық сфера: іс-әрекеттің санасы мен қарқындылығының төмендеуі, қарым-қатынастың жағымсыз эмоционалды ахуалы.
Интеграциялық көрсеткіштер: бейімделулің қалыпты механизмінің бұзылуы; психологиялық стрестің күшеюі.
4.2 Тұлға ішілік дау-дамайлардың түрлері
Теориялық тұжырымдамалардың көпшілігінде тұлға ішілік дау-дамайлардың бір немесе бірнеше түрлері келтірілген. Психоанализде тұлғаның қажеттіліктері арасындағы, сондай-ақ қажеттіліктермен әлеуметтік нормалар арасындағы дау-дамайлар басты орын алады. Тнтеракционизмде рөлдік дау-дамайлар талдауға түседі. Алайда шынайы өмірде көптеген басқа тұлға ішілік дау-дамайлар кездеседі. Олардың біріңғай типологиясын құру үшін бір негіз қажет, соған сәйкес әр түрлі ішкі дау-дамайларды жүйеге біріктіруге болады. Тұлғаның құндылық мотивациялық төңірегінде осындай негіз бар. Адам психикасың осы маңыщды мәселесі мен оның ішкі дау-дамайына байланысты, өйткені ол тұлғаның қоршаған дүниемен әр түрлі байланыстары мен қатынастарын көрсетеді(Василюк, 1984; Донченко, Титаренко, 1989; Мерлин, 1971; Мясицев, 1960; Столин, 1983). Осыған сүйене отырып, тұлғаның дау-дамайға түсетін ішкі негізгі құрылымдары мыналар болып табылады(Шипилов, 1997).
А. Әр түрлі деңгейдегі тұлға ұмтылыстарын көрсететін (қажеттіліктер, қызығушылықтар, мүдделер, тілектер, құштарлықтар ж.т.б) түрткілер. Олай «қалаймын» («Мен қалаймын») ұғымынан байқалуы мүмкін.
Б. Қоғамдық нормаларды көрсететін және соның арқасында міндет өлшеміне айналған құндылықтар. Біз бұл жерде тұлғалық құндылықтарды, яғни қабылдаған, сондай-ақ, тұлға қабылдмайтын, бірақ қоғамдық немесе басқа маңыздылығына қарай тұлға оларды орындауға мәжбүр болатын құндылықтарды айтып отырамыз. Сондықтан олар «қажет» («Мен тиіспін») ретінде белгіленеді.
В. Өзіндік құндылық тұлғаның мүмкіндіктерін, сапаларын және басқа адамдар арасынан аталатын орнын бағалау ретінде анықталатын өзін-өзі бағалау. Тұлғаның талаптану деңгейлерінің көрінуі сияқты өзін-өзі бағалау белсенділіктің, мінез-құлықтың өзінше бір түрткісі болады. Ол «Істей аламын» немесе «істей алмаймын» ретінде көрінеді.
Тұлғаның ішкі жан дүниесінің қандай жақтары ішкі дау-дамайға түсетіндігіне байланысты тұлға ішілік дау-дамайдың алты негізгі түрлерін бөліп көрсетеді. (1-кестені қараңыз).
1.Мотивациялық дау-дамай. Тұлға ішілік дау-дамайдың жиі зерттелетін, оның ішінде психоаналитикалық бағытта көп зерттелетін түрлерінің бірі. Бейсаналық ұмтылыстар (Фрейд, 1903) арасындағы, меңгеруге және кәуіпсіздікке деген ұмтылыстар арасындағы (Хорни, 1943), екі жағымды тенденцияның арасындағы «Буриданова осла» классикалық дилеммасы (Левин, 1939) немесе әр түрлі мотивтердің қақтығысуы ретіндегі (Кузьмин,Семенов, 1987) сияқты дау –дамайларды бөліп көрсетеді.
2.Адамгершілікті дау-дамай. Этикалық ілімдерде оны көбінесе моральдық дау-дамай деп атайды. (Бакштановский, 1972; 1983; Арницане, 1978; Федоркина, 1970). Ол әлеуметтік сферадағы немесе жеке адамның санасындағы адамгершілікті қайшылықтардың негізінде пайда болатын және бір-біріне қарсы жақтардың, пікірлердің, бағалаулардың, құндылық бағдарлардың қайшы келуімен және қарама-қарсы әрекеттесулерімен сипатталатын айқын адамгершілікті компоненті бар дау-дамай ретінде қарастырылады.
3.Жүзеге аспаған тілектер дау-дамайлары немесе кемшілікті сезіну ыңғайсыздық дау-дамайы (Юрлов, 1995). Бұл көңілдің қалауы, нәпсі және оларды қанағаттандыруды бөгейтін шындық (ақиқат) арасындағы конфликт. Кейде оны «олар сияқты болғым келеді» (референттік топ) мен оны іске асырудың мүмкін еместігі арасындағы дау-дамай ретінде түсіндіреді (Захарова, 1982). Дау-дамай тек шындық тілектерді жүзеге асыруды тоқтатуда ғана емес, сондай-ақ, адамның оны жүзеге асыруға дене күші мүмкіндігінің жоқтығының нәтижесінде де пайда болуы мүмкін. Бұл өзінің сыртқы келбетіне, түр-тұлғасына,қабілеттеріне қанағаттанбаушылыққа байланысты пайда болатын дау-дамайлар. Аталмыш түрге сексуалдық патология негізіндегі тұлға ішілік дау-дамайлар да жатады (Кратохвил, 1991; Свядощ, 1991; Харитонов, 1996).
4.Рөлдік дау-дамай бір уақытта бірнеше рөлдерді іске асырудың мүмкін еместігімен байланысты, (рөларалық тұлға ішілік дау-дамай) сондай-ақ, тұлғаның бір рөлді атқаруға қойылатын талаптарды түрліше түсінуімен байланысты (ішкі рөлдік дау-дамай) сезімдермен айқындалды. Бұл түрге екі құндылық, стратегиялар немесе өмірдің мәні арасындағы тұлға ішілік дау-дамай жатады (Родных, 1993; Скалепов, 1995).
5.Бейімдеушілік дау-дамай кең мағынада, яғни субъект пен қоршаған орта арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы негізінде пайда болатын қайшылық ретінде, ал тар мағынада әлеуметтік немесе кәсіби бейімделу үрдісінің бұзылуы кезінде пайда болатын қайшылық ретінде түсіндіріледі. Бұл шындық талаптарымен адамның мүмкіндіктері (кәсіби, дене күші, психологиялық) арасындағы дау-дамай (Сенокосов, 1989). Тұлға мүмкіндіктерінің орта немесе іс-әрекет талаптарына сәйкес келмеуі уақытша даяр болмау ретінде, сондай-ақ қойылған талаптарды орындауға қабілетсіздік ретінде қарастырылуы мүмкін.
6.Өзін-өзі бағалаудың сәйкессіздігі туралы дау-дамайы. Тұлғаның өзін-өзі бағалау адекваттылығы оның сыншылдығына, өзіне талап қоюшылығына, табыстар мен сәтсіздіктерге деген қатынастарына тәуелді. Талаптанулар мен өз мүмкіндіктерін бағалау арасындағы айырмашылықтар адамда жоғары мазасыздану, көңіл-күйге әсер етуші олқылықтардың және т.б. пайда болуына әкеп соқтырады (Петровский, Ярошевский, 1990). Адекватты емес өзін-өзі бағалау дау-дамайларының ішінен тым жоғарғы өзін-өзі бағалау ұмтылыстарының арасындағы (Юферова, 1975), өзін-өзі бағалаудың төмендігі мен адамның объективті жетістіктерін ұғыну арасындағы, сондай-ақ бір жағынан, барынша көп табысқа жету үшін талпынуды көтеруге, ал екінші жағынан, сәтсіздіктерге ұрынбау үшін талаптануды төмендетуге ұмтылыстың арасындағы (Хакхаузен, 1986) дау-дамайларды бөліп көрсетеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Фромм және басқа ғалымдар ұсынған жеке тұлға типтерін түсіндіріңіз.
2. Мінез-құлық моделін сипаттаңыз.
3. Тұлға ішілік дау-дамайлар психологиясы туралы баяндаңыз.
4. Кәсіби дау-дамай дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет