Информатика пәні сабақтарында топтық- жұптық- жеке жұмысты ұйымдастыру, Оқушыларды сыни ойлауына бағыттау, бағалау, алған білімдерін өмірмен байланыстырып қолдана алу бойынша берген деңгейлік тапсырмалары арқылы оқушыларды ойлауға, ізденуге, бірлесе жұмыс істеу, талқылау арқылы тақырыптың мәнін ашуға толық мүмкіндік берді.
Сабақ барысында жаңа технология элементтерін пайдалану барысында күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзыреттілігі қалыптасқан,өз ойын толық, нақты,мазмұнды жекізе алатын,инабатты,білімді,жан-жақты ,өз елін сүйе білетін болашақ ұрпақты тәрбиелеу,қалыптастыру

«А,В,С»
«А,В,С»
А - сұрақ қояды.
В - жауап береді.
С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
«Айырмашылығы неде?»
«Айырмашылығы неде?»
Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсетіңіз. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұраңыз. Жауаптарын дəлелдеп отырулары керек.
«Алдын-ала берілген атаулар»
«Алдын-ала берілген атаулар»
Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.