Пәнге арналған оқу-әдістемелік кешен Пән: Коммуникативті тренинг дағдылары Курс



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата28.01.2017
өлшемі0,89 Mb.
#2935
1   2   3   4   5   6   7   8

 Жоспары:  Интерактивті  ойын  әдістері  туралы 

түсінік.  Қозғалмалы,  ролді  ойындар,  оларды 

өткізуге  дайындық  пен  жүргізу  кезеңдері. 

Тренингтегі  ойын  әдістерінің  психологиялық 

ерекшеліктері 

Күндізгі 



13 

Коммуникативті 

дағдылар 

тренингіндегі  психодиагностика 

және психологиялық практикум   

Мақсаты: 

Тақырып 

бойынша 

теориялық 

білімдерін кеңейту.. 

 Жоспары: 

Коммуникативті 

дағдылар 

Күндізгі 



тренингінде  психодиагностикалық  әдістемелер. 

Психологиялық 

практикум 

негізінде 

психологиялық 

тренингті 

бағдарламаларды 

құрастыру. 



 

Барлығы 

 

 

15 сағат 

 

2.2 Практикалық сабақтар 

№ 

Практикалық сабақтардың 

тақырыптары 

 

Мазмұны 

Оқыту 

формасы 

Көлемі 

(сағаттар) 

Коммуникативті 



тренинг 

дағдылары пәніне кіріспе  

Ұсынылған тақырып бойынша студенттер 

білімдерін толықтырып, коммуникативті 

тренинг дағдылары пәнімен  таныстыру. 

Күндізгі 

 



Коммуникативті 

тренинг 


дағдылары 

пәнінің 


психологиялық-әдістемелік 

аспектілері  

Тақырып негізінде студенттердің 

теориялық білімдерін бекіту. Ежелгі 

шығыс ойшылдарының психологиялық 

идеяларымен таныстыру. 

Күндізгі 



Коммуникативті тренингі 

дағдылар бағдарламалары  

Аталмыш тақырып негізінде теориялық 

білімдерін толықтыру, коммуникативті 

тренингі дағдылар бағдарламалары туралы 

ақпарат беру. 

Күндізгі 



«Топта қарым-қатынасты 

дамыту» коммуникативті 

іскерлік тренингі  

Тақырып бойынша жалпы түсініктерін 

қалыптастыру, білімдерін толықтыру 

көзделінеді. 

Күндізгі 



Коммуникативті дағдылар 

тренингін жүргізушісінің 

қызметі. 

Коммуникативті дағдылар тренингін 

жүргізушісінің қызметі мен танысады. 

Күндізгі 



Тренингті 



және 

психопрофилактикалық шаралар  

Тренингті және психопрофилактикалық 

шаралары тақырыбы аясында білімдерін  

толықтыру. 

Күндізгі 



Психологиялық  тренингті  ойын 



элементтері  

 Психологиялық тренингті ойын 

элементтері тақырыбы бойынша теориялық 

білімдерін кеңейту. 

Күндізгі 



Психогимнастикалық 

жаттығулар  

Берілген  тақырып  негізінде  теориялық 

білімдерін  кеңейту,  психогимнастикалық 

жаттығулар жайлы толық ақпарат беру 

Күндізгі 



Іскерлік қабілеттерді дамытуға 



арналған тренингтер  

Іскерлік  қабілеттерді  дамытуға  арналған 

тренингтер туралы білімдерін толықтырып, 

бекіту 


Күндізгі 

10 



Психологиялық тренингте 

жеткіншектермен жұмыс 

жасаудың негізгі бағыттары  

Психологиялық 

тренингте 

жеткіншектермен  жұмыс  жасаудың  негізгі 

бағыттарымен таныстыру. 

Күндізгі 

11 


Адамгершілікке тәрбиелеу 

диагностикасы  

Адамгершілікке  тәрбиелеу  диагностикасы 

жайлы толық ақпарат беру. 

Күндізгі 

12 



Әлеуметтік-психологиялық 

тренингтер 

Әлеуметтік-психологиялық 

тренингтер 

жайлы теориялық білімдерін бекіту.

 

Күндізгі 

13 


Әлеуметтік-психологиялық 

тренингтердің 

түрлі 

форматтарын 



өткізудің 

стилистикалық ерекшеліктері. 

Әлеуметтік-психологиялық  тренингтердің 

түрлі форматтарын өткізудің ерекшеліктері 

туралы білімдерін толықтыру.              

Күндізгі 

14 


Эмоционалды өзін – өзі реттеуші 

жүйе: релаксация (демалу) , 

визуализация, концентрация, 

өзін – өзі сендіру, Өзін – өзі 

реттеу дағдыларын дамыту.  

Эмоционалды өзін – өзі реттеуші жүйе: 

релаксация (демалу) , визуализация, 

концентрация, өзін – өзі сендіру жайлы 

білімдерін толықтыру. 

Күндізгі 



 

2.3 Өзіндік оқуға ұсынылатын тақырыптар (СОЖ, СӨЖ) 

№ 

СОЖ, СӨЖ тақырыптарының 

атауы 

Мазмұны 

Көлемі 

(сағаттар) 

Бақылау 

формасы 

 



Тренингті топ критерииінің 

классификациясы 



 

Берілген тақырып негізінде 

студенттердің қазіргі кездегі 

психокоррекциялық және 

психотерапиялық топтағы көптеген 

3 ұпай 


Реферат 

классификациялар.  

Психоаналитикалық, және 

экзистенциалды-гуманистік келістер. 

К.Рудестам және Ж.Годфурдің 

критериилері.  жайлы білімдерін 

толықтыру. 

Топтағы трансактылы анализ 



 

Студенттердің, трансактылы 

анализді құрушы психологтар. Ойын 

әрекетінде трансактылы анализдің 

алатын орны туралы білімдерін 

кеңейту.  

2 ұпай 

сыба құру 



Психодраматикалық келіс. 

Тақырып негізінде теориялық білімді 

игере отырып, оны тәжірибеде 

қолдана алу дағдысын 

қалыптастыру. 

1 ұпай 

Коллоквиум 



Нейролингвистикалық 

бағдарламалауда топтық 

жұмыстың әдістері 



 

Нейролингвистикалық 

бағдарламалардың психологиялық 

өзгешеліктері жайлы білімдерін 

кеңейтіп. Оны топтық жұмыста 

қолдану ерекшеліктері мен 

түсініктерін қалыптастыру. 

2 ұпай 


Бақылау 

Тренингтегі топ дамуының негізгі 



этаптары 

 

Тренингтегі топ дамуы туралы 

түсініктері, этаптары жайлы 

біліммен қаруландыру.  

2 ұпай 

конспект 



Топтық тренингті жүргізушісінің 

негізгі ролі. 

 

Топты жүргізушінің негізгі ролі, 

басқарудың стилі туралы ой 

пікірлерін кеңейту және түсініктерін 

қалыптастыру. 

2 ұпай 


Семинар 

Тренингте педагогикалық өзін-өзі 



сезінудің кәсібилігін дамыту  

 

Студенттерге  өзін-өзі  сезіну  – 

тренинг  мақсатын  дамыту  құралы 

ретінде.  Кәсіби  өзін-өзі  сезінудің 

тренингті 

бағдарламалардың 

мазмұнды 

аспектілерімен  

таныстыру. 

1 ұпай 


дискуссия 

Тренингте видеоқұрылым-дарды 



қолданудың психологиялық және 

әідстемелік аспектілері 

Тренингте 

видеоқұрылым-дарды 

қолданудың  психологиялық  және 

әдістемелік аспектілерімен танысу. 

3 ұпай 

хабарлама  



әзірлеу 

Мінез-құлықтық тренингті өткізу 



әдістемесі  

 

Тренингтік 



сабақтардағы 

мінез-


құлықтық 

тренингті 

өткізу 

әдістемесімен таныстыру. 



3 ұпай 

тренинг  

10 

«Жеке 


тұлғаның 

өзін-өзі 

дамытуы» 

әлеуметтік-

психологиялық 

тренинг 


бағдарламасы 

«Жеке  тұлғаның  өзі-өзі  дамытуы» 

әлеуметтік-психологиялық  тренинг 

бағдарламасында 

қолданылатын 

жаттығулар 

топтамасы 

жайлы 


білімдерін толықтыру.  

1 ұпай 


жаттығулард

ы орындау 

11 

Топтық тренердің жеке тұлғасына 



мінездеме 

Тренинті 

жүргізуші, 

оның 


жұмысына 

жеке 


тұлғасына 

қойылатын 

талаптар 

мен 


ережелерімен таныстыру. 

2,5 ұпай 

ғылыми 

мақала 


 

СӨЖ 

Практикалық психология және 



психотерапиялық жұмыстағы 

топтық әдістердің даму тарихы 

Практикалық 

психология 

мен 

психотерапиялық 



жұмыста 

дамуының  тарихы  мен  таныстыру, 

білімдерін толықтыру. 

10 ұпай 


   Реферат  

Ресей психотерапевтері мен 



психологтарының тәжірибесіндегі 

топтық жұмыс әдістемелері 

Ресейдегі психотерапиялық және 

психология ғылымы саласындағы 

ғылыми жетістіктер мен еңбектері 

жайлы білімдерін толықтыру. 

9 ұпай 

Аннотация 



Психологиялық тренинг 

практикалық психологияның әдісі 

Психологиялық тренингтің 

жүргізілуі, оның практикалық 

8 ұпай 


Ауызша 

әңгімелесу 



ретінде 

психология саласындағы ролі 

жөнінде  білімдерін кеңейту. 

Тренингтік топтардың 



психологиялық ерекшеліктері 

Берілген тақырып негізінде 

салыстырмалы талдау жасауға және 

әдебиеттермен жұмыс жасай алу 

дағдыларын қалыптастыру. 

7 ұпай 


Кесте құру, 

салыстыру 

Жалпы тренингтік әдістер 



Тақырып бойынша білімдерін 

толықтыру. 

8 ұпай 

пікірталас 



Оқушылардың өзін-өзі бағалауын 

жетілдіру тренингі  

Оқушылардың өзін-өзі бағалауын 

жетілдіру тренингі туралы 

білімдерін толықтыру, өздігмен 

жұмыс жасай алу қабілеттерін 

дамыту. 


8 ұпай 

семинар 


Қарым-қатынасты қалыптастыруға 

арналған психологиялық тренинг 

жаттығулары 

Коммуникативтілікті 

қалыптастыруға арналған 

психологиялық ойындар мен 

жаттығуларды қолданып, 

психологиялық сабақ жоспарын 

жасау. 


9 ұпай 

Психолгиялы

қ сабақ 

жоспары 


Әлеуметтік-психологиялық 

тренингке тапсырыс 

 

Әлеуметтік-психологиялық 



тренингті өткізудегі негізгі 

ережелер. Клиенттің жағдайын 

қолайлы жағдайлар жасаудың 

психологиялық кезеңдері жайлы 

білімдерін дамыту. 

8,5 ұпай 

конспект 

 

3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі 

Ұсынылатын әдебиеттер 

Негізгі:  

1.Вачков И.В. Основы технологии группового тренинга. – М.: «Ось-89», 2000. – 224 с. 

2.Большаков В.Ю. Психотренинг. СПб, 1994, 316с. 

3.Льюис Д. Тренинг эффективного общения. – М.: Изд-во Эксмо, 2002. – 224с. 

4.Марасанов Г.И Социально-психологический тренинг. – М.: Изд-во «Совершенство», 1998. – 208с. 

5.Парыгин Б.Д. (ред.) Практикум по социально – психологическому тренингу. СПб, 1994, 176с.  

6.Петровская  Л.А.  Компетентность  в  общении.  Социально  -  психологический  тренинг.  –  М.:  Изд.  МГУ, 

1989. – 216с.   

7.Петровская  Л.А.  Теоретические  и  методологические  проблемы  социально  –  психологического  тренинга, 

М., 1982. 

8.Рудестам К. Групповая психотерапия. – СПб.: «Питер», 2000. – 384 с. 

9.Сидоренко Е.В. Тренинг коммуникативной компетентности в деловом взаимодействии. СПб.: Речь, 2003. – 

208с. 

10.Фопель К. Психологические группы / Пер. с нем. – М.: Генезис, 1999. – 256с. 



11.Хрящева Н.Ю. Психогимнастика в тренинге. – СПб.: «Ювента», И. Т., 1999. – 256 с. 

12.Чистякова М.И. Психогимнастика. – М.: ВЛАДОС, 1995. – 160 с. 

13.Ялом И. Теория и практика групповой психотерапии. – СПб.: «Питер», 2000. – 640 с. 

 

Қосымша:  

1.Вуднок М., Френсис Д. Раскрепощенный менеджер. Изд во «Дело», 1991, 313с. 

2.Ефремцева С.А. Тренинг общения для старшеклассников. Киев, 1994, 80с. 

3.Краткий  психологический  словарь/  Сост.  Л.А.  Карпенко;  Под  общ.  Ред.  А.В.  Петровского,  М.Г. 

Ярошевского.– М.: Политиздат, 1985.– 431 с. 

4.Макдональд В. Руководство по субмодальностям. – Воронеж: НПО «МОДЭК», 1994. – 89 с. 

5.Петрусинский В.В. Игры для интенсивного обучения. М., 1991, 224с. 

6.Прутченков А.С. Трудное восхождение к себе. – М.: РПА, 1995. – 140 с. 

7.Психологический  практикум.  Межличностные  отношения:  Методические  рекомендации.  СПб.: 

Издательство «Речь», 2003.- 40с. 

8.Самоукина Н.В. Игры в школе и дома. – М.: Новая школа, 1993. – 144 с. 

9.Сидоренко  Е.В.  Психодраматический  и  недирективный  подходы  в  групповой  работе  с  людьми.  –  СПб., 

1992. – 72 с. 

10.Шадриков В.Д. Психология деятельности и способности человека. – М.: Изд. корпорация «Логос», 1996. - 

320 с. 


 

4. Пәннің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі 

№ 

Дәріс, практикалық 

сабақтардың 

тақырыптары 

Мультимедиялы

қ презентация 

Оқу 

фильмдері 

Муляжда

р 

Макропрена

раттар 

Басқалары 

Коммуникативті  тренинг 



түрлері   





 





сызба 

Коммуникативті дағдылар 



тренингі пәнінің 

психологиялық-

әдістемелік аспектілері 

слайд 



 





кесте 

 

 



 

Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті 

  

Коммуникативті тренинг дағдылар пәні оқытуда әдістемелік ұсыныстар: 



 

Коммуникативті тренинг дағдалары пәнінің оқу құрылымы: 45 сағат аудиториялық оның 15 сағаты лекция, 

30  тәжірибелік.  22,5  сағат  студенттің  оқытушымен  өздік  жұмысы,  67,5  студенттің  өздік  жұмысынан 

құралған. Лекцияда карастырылған тақырыптар:  



-

 

Тренингті топтар, олардың психологиялық ерекшеліктері  



-

 

Тренингті топтар және әлеуметтік-психологиялық тренинг  



-

 

Коммуникативті тренинг түрлері   



-

 

Коммуникативті тренингті  топ критерииінің классификациясы  



-

 

Топтық тренингті жүргізушісінің негізгі ролі  



-

 

Жаттығулар – коммуникативті дағдылар тренингті өткізу негізі  



-

 

Жасөспірімдерге арналған коммуникативті тренинг  



-

 

Мінез-құлықтық тренингті өткізу әдістемесі   



-

 

«Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы»  психологиялық тренинг бағдарламасы 



-

 

«Өзіңді-өзің танып біл» жеке тұлғалық даму тренингі  



-

 

 «Топта қарым-қатынасты дамыту» коммуникативті іскерлік тренингі 



-

 

Интерактивті ойын әдістері  



-

 

Коммуникативті тренинг дағдыларының психодиагностика және психологиялық практикум   

Тәжірибелік сабақта қарастырлған сұрақтар: 

-

 

Коммуникативті тренинг дағдылары пәніне кіріспе 



-

 

Коммуникативті тренинг дағдылары пәнінің психологиялық-әдістемелік аспектілері  



-

 

Коммуникативті тренинг дағдыларының бағдарламалары  



-

 

 «Топта қарым-қатынасты дамыту» коммуникативті іскерлік тренингі 



-

 

Коммуникативті тренингі дағдылары жүргізушісінің қызметі  



-

 

Тренингті және психопрофилактикалық шаралар  



-

 

Психологиялық тренингті ойын элементтері  



-

 

Психогимнастикалық жаттығулар  



-

 

Іскерлік қабілеттерді дамытуға арналған тренингтер  



-

 

Психологиялық тренингте жеткіншектермен жұмыс жасаудың негізгі бағыттары  



-

 

Адамгершілікке тәрбиелеу диагностикасы  



-

 

Әлеуметтік-психологиялық тренингтер  



-

 

Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің түрлі форматтарын өткізудің стилистикалық ерекшеліктері 



-

 

Коммуникативті тренинг дағдылары пәнін оқытудың мақсаты:  

-

 

► топқа қатысушылардың психологиялық мәселелерін зерттеу және оны шешуде  



-

 

     психологиялық көмек көрсете білуге үйрету; 



-

 

► адамдармен қарым-қатынас кезінде тиімді өзара жекедаралық қарым-қатынас 



-

 

     ықпалдылығын орната білуге үйрету; 



-

 

► адамның жеке даралық қалыптасуы, әсер ететін әлеуметтік факторлардың мазмұнын 



-

 

     айқындап, өзіндік жетістікке жету жолдарының психологиялық  аспектілерін  



-

 

     қалыптастыру; 



-

 

► психологиялық тренинг курсының қазіргі құрылымы, психологиялық  әдістемелер 



-

 

    туралы біліммен қаруландыру. 



-

 

Коммуникативті тренинг дағдылары пәнін оқытудың міндеттері.  

-

 

√  негізгі психологиялық тренинг ұғымы және анықтама мазмұнын жетілдіру;  



-

 

√  оқу-танымдық әрекет процесінде алған білімдерін өз бетімен қаруландыру; 



-

 

√  психологиялық білімді тәжірибеде қолдана білуге үйрету; 



-

 

√ жеке даралық өзіндік даму бағдарламасында өзін-өзі анықтай, бағалай 



-

 

   білуді дамыту. 



Аталмыш  пән  бойынша  СӨЖ  тапсырмаларын  орындаудың  әдістемелік  нұсқаулары  теориялық  және 

тәжрибелік 

сабақтарға 

беріле 


отырып 

студенттердің 

теоретикалық 

ой 


тұжырымдауының 

қалыптастырылуына,  пәннің  мәні  мен  мазмұнын  түсіне  отырып  қорытындылай  алуына  үйретеді. 

Студенттердің  өзіндік  жұмысы  –  студенттердің  ғылыми  әдебиеттерді,  нормативтік  материалдарды  өз 

бетінше  оқуының  маңызды  нысандарының  бірі  болып  есептеледі.  Ол  студенттерге  өз  білімін  жетілдіруге, 

қоғамдық  құбылыстар  мен  процесстерді  бағалай  білуге,  ғылыми  және  саяси  мағлұматтардың  көптеген 

ағымдары бойынша бейімдесе алуға мүмкіндік береді. 

 

 

1-тақырып. Тренингті топтар, олардың психологиялық ерекшеліктері Жоспары:  



Тренингті топтар, топпен жұмыс жасаудың психологиялық еркшеліктері.  Жеке дара және топтық 

жұмыстың психологиялық өзгешеліктері 



Әдебиеттер:  

1.

 



Вачков И. Основы технологии группового тренинга, психотехники. Ось-89. 

2.

 



Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. М., 2001 

3.

 



 Емельянов Ю.Н. Активное социальное –психологическое обучение – Л, 1985 г. 

4.

 



 Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995 

5.

 



 Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003 

ТРЕНИНГ  –  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  жетілдіру  үшін  арнайы  ұйымдастырылған  топтық  форма  болып 

табылады.  

Жеткіншектерге арналған тренингтер төмендегі шешімдер жауабын табуда көрінеді: 

√  әлеуметті-психологиялық білімді меңгеруімен; 

√  өзін және басқа адамдарды сезе білу қабілеттілігін арттыру; 

√  «Мен»-концепциясының жағымды жақтарын қалыптастыру, өзі туралы ойдың белсенді дамуы.  

Әлеуметті-психологиялық тренингтер міндеттері – жеткіншекке өзін тануда көмек көрсету, ең алдымен өзін 

түсіне  және  ұғына  алуына  көмек көрсету.    Әлеуметтік-  психологиялық  тренинг  коррекция  құралы  ретінде 

кең  мағынада  психологияның  ықпал  ету  тәжірибесі,  тпотың  жұмыстардағы  негізгі  белсенді  әдістемелер 

ретінде  түсіндіріледі.  Осының  негізінде  өзіндік  бейнелі  білімді  үйрету  формасы,  істей  алу  және  қарым-

қатынастағы техника сферасында, шығармашылықты, өзіндік дамуда және коррекцияда қолданылады.  

Психологиялық  тренинг  әлеуметтік-психологиялық  білімге,  коммуникативті  қабілеттіліктің  дамуына, 

рефлексиялық  белгілерге,  жағдайды  шешу  қабілеттілігіне,  мінез-құлыққа,  өзін  және  қоршаған  ортаны 

адекватты қабылдауға бағытталған. Осының негізінде тұлғаның мінез-құлық нормасы және тұлға арасының 

өзара ықпал ету өңделеді.  

            Топтық  тренинг  –  белсенді  үйрету  мен  психологиялық  ықпал  ету  әдісінің  бірі.  Әлеуметтік-

психологиялық тренингтің жалпы мақсаты - оның процестегі тапсырмасын шешуде қатынас сферасындағы 

компоненттіліктің жоғарылауы.  

          Әлеуметтік-психологиялық  тренинг  тапсырмаларға  бағытталушының  негізінде,  ол  әр  түрлі 

формаларды шығаруы мүмкін:  

1.

 



Кейбір  белгілерді  дамытуды  және  ойлап  табуды  көздеу,  мысалы;  іскерлік  әңгімелеуді  өткізе  алу, 

тұлға аралық қарама-қайшылықты шешу және т.б.  

2.

 

Қарым-қатынас жағдайының анализінің тәжірибесін тереңдету.   



Негізгі тапсырмалар, әлеуметтік – психологиялық тренингте шешілетін, оларды бес топқа бөлуге болады:  

1.

 



Психологиялық білімді жасау, тұлғаның  психологиялық мектептердің әртүрлі көзқарастары;  

2.

 



ішкі  қарым-қатынас  белгілерін  істеу;  істей  алуды  жасау;  жұпты  ықпал  етуде,  топ  құрамында, 

белсенді тыңдауды, келісімге отыруда және т.б;  

3.

 

Коммуникативтілікті  құру  коррекциясы;  әріптес-поэзия  күшінен  ықпал  ету,  алғыс-манипуляция, 



қызығушылық  жоқтығы  –  қарым-қатынастан  қашу,  талапшыл-келіспеушілік,  егер  өңдеу  өзіндік  қарым-

қатынасы;  

4.

 

Өзін және басқалар қарым-қатынас жағдайын адеватты қабылдау.  



Тұлғалық даму және коррекция. Тренинг өту барысында адамдар топпен жұмыс жасайды, яғни, біріне-бірі 

әсер  ететіні  анықталады.  Топтар  үйренудің  жаңа,  нәтижелі  әдісі  ретінде  тез  тарала  бастады.  Топ  -  өзіндік 

шынайы  әлем.    Онда  шешім  қабылдау,  мінез-құлық,  тұлғаралаық  қарым-қатынастар  сияқты  өмірде 

кездесетін мәселелерді байқауға болады. 

Жеткіншектерге арналған әлеуметтік-психологиялық тренинг басқа психологиялық тренинг түрлері сияқты 

сабақтардың  көптеген  сатыларынан  тұрады.  Атап  айтсақ,  тренингтік  сабақтар  ұйымдастыру  сатысынан 

басталады.  Бұл  сатының  басты  міндеттері  мыналар  болып  табылады:  тренингке  қатысушылардың  және 

жүргізушінің  мақсаттарын  анықтап,  бір-бірімен  сәйкестендіру,  қарым-қатынас  жасауға  қолайлы 

психологиялық  атмосфераның  болуын  қамтамасыз  ету,  топта  белсенді  жұмыс  жасауға  түрткі,  ниетті 

қалыптастыру,  топтық  жұмыстың  барысы  мен  нәтижесіне  жауапкершілікпен  қарауға  бағдар  беру.    Осы 

сатыда  әлеуметтік-психологиялық    тренингтің  принциптері  мен  топта  жұмыс  жасау  ережелерін  жүзеге 

асырылады. Әлеуметтік-психологиялық тренинг мақсаты мен міндеттерін, тренинг барысында жұмыс жасау 

шартын  айқындау  үшін  арнайы  дәріс  тиімді  болады.  Сонымен  қатар,    дәріс  тренинг  кезінде  белсенділік 

танытуына,  тұлғалның  оңды  өзгерістерге  ниеттенуіне  бағдар  функциясын  да  атқарады.  Тренинг  мақсаты, 



міндеттері,  принциптері,  топтық  жұмыс  ережелері  тек  мәлімет    ретінде  баяндалып  қана  қоймай, 

қатысушылармен  оларды  бірлесе  талдауын  қажет  етеді.  Соның  нәтижесінде  тренингке  қатысушылардың 

әрқайсысының өзіндік мақсаты айқындалады. Одан кейін ғана тренингтің әсері  тиімді болатындай топтық 

жұмыс  мақсаттары  мен  нормалары  қорытылады.    Ұйымдастыру    сатысының  маңызды  кезеңі  –  топ 

жұмысына қатысушылардың әрқайсы өздерін атайды, өздері жайлы қысқаша баяндаудан тұрады.  

Тренингтің келесі сатысы диагностикаға арналады. Яғни, тренингке қатысушылардың оқу әрекетіндегі және 

қарым-қатынастарындағы  қиыншылықтардың  себептері  анықталады.  Ол  үшін  белгілі  психологиялық 

әдістемелер  және  диагностикалық  жағы  басым  жаттығу  түрлері  қолданылады.  Аталған  саты  мақсатына 

оқушылардың  тұлғалық,  кәсіби  мәнді  қасиеттерінің  даму  деңгейлерін  анықтау  арқылы  топтық  жұмыстың 

мақсаты  мен  міндеттерін,  мазмұнын  анықтау,  топтағы    жұмыс  тиімді  болуы  үшін  тренингке 

қатысушылардың  ерекшелігінен  орай  қолданылатын  әдіс-тәсілдерді  үйлестіріп  таңдау.  Әрбір  жаттығу 

орындалған  соң,  жеке  тұлғалық  қиыншылықтардың    мәселелердің  пайда  болуына,  күрделенуіне  ортаның 

және  тренингке  қатысушының  үлесін  анықтау  мақсатымен  талдау  жасалады.  Осылайша  диагностикалық 

жұмыстар коррекциялық функция қызметін де атқара бастайды.  

Осы  сатыдан  соң,  тренингтің  келесі  сатысы  -  өзін-өзі  танып  білуіне  бағытталады.  Мұнда  екі  бағыттағы 

топтық  жұмыс  жүзеге  асырылады.    Бірінші  –  жеке  тұлға  мәселелерінің  себебіндегі  субъективті  сипатты 

айқындау. Екіншіден, субъективті қиыншылықтарды топтық жұмыста белсенндіру керек. Осы үшін әртүрлі 

жұптық, шағын топ негізіндегі тапсырмалар орындалып, топтық формадағы жұмыс ұйымдастырылады. Ол 

топтық талдаумен қатар жүреді.   

  

Тренингтік  сабақтың  келесі  сатысы  өзін-өзі  адекватты  бағалаудың,  өзін-өзі  белсендірудің,  өзін-өзі 



реттеудің  және  субъект-субъект  негізінде  қарым-қатынас  жасаудың  әртүрлі  жасаушыларын  аңғаруға 

бағытталады.  Көп  жағдайда  тақырыпқа  байланысты  жаттығулар  мен  ролдік  сюжеттер,  ойындардың 

психологиялық әсері тиімді болатындығы тағайындалады.  

Топтық  сабақтың  келесі  сатысын  жетілдіру  деп  атаймыз.  Мұнда  жеке  тұлға,  оқу  және  қарым-қатынас  

қиыншылықтарын,  мәселелерін  шешу  технологияларын  меңгеру  басты  мақсат  болады.    Ол  үшін  арнайы 

жаттығу  түрлері  таңдалынып  алынады  да,  жаттықтыру  жүзеге  асырылады.  Бұл  сатыдағы  тренингке 

қатысушылардың  ауызша  есеп  беру  түріндегі  формада  ұйымдастырылады.  Талдау  барысында  біріншіден, 

жаттығудағы қиындықтар, екіншіден, жаттығудағы сәттіліктер мен оңды нәтижелер басты тақырып болады. 

             Тренингтік  сабақтың  соңғы  сатысы  топтық  релексияға  арналады.  Мұнда  топтық  жұмыс 

жалпыланады. Ол әрбір тренингке қатысушының өзінің топтағы іс-әрекеті мен қарым-қатынасын сипаттауы 

мен алған әсері, нәтижесі бойынша қорытынды жасауы болып табылады.   

Сонымен  қатар,  әрбір  тренингтік  сабақтың  бастапқы  кезінде  және  соңында  экспресс-диагностика  әдістері 

қолданылады.  Экспресс-диагностика  С.А.Прутченковтың  сұрақнамасы  және  ауызша  сұхбаттасу  арқылы 

өткізіледі.  Бұл  шара  біріншіден,  әлеуметтік-психологиялық  тренинг  тиімділігн  анықтауға,  екіншіден, 

топтағы  әлеуметтік-динамикалық  процестің  сипатын  болжауға,  үшіншіден,  топтағы  қатысушы 

жасөспірімдердің  психологиялық  жай-күйлерін  аңғаруға,  төртіншіден,  тренинг  әдістерінің  әсері  мен 

нәтижелілігін  білуге,  бесіншіден,  топтық  жұмыстың  және  тренингке  қатысушылардың  қарым-қатынас, 

эмоциялық  кейіп  динамикасын  үздіксіз  қадағалауға,  алтыншыдан,  тренингтік  жұмысқа  деген  пікір 

тілектерін, көзқарастарын біліп, ескеруге мүмкіндік жасайды.  

Тренингтің  дәстүрлі  оқытудан  өзгешелігі  принциптерінің  ерекшелігінде.  Бұл  принциптер  төмендегідей 

сипатта: 

1.

 



Белсенділік, әркімнің топ жұмысының нәтижелілігіне жауапкершілігі; 

2.

 



Топ жұмысына қатысу тұрақтылығы. 

3.

 



Топтың тұйықтығы. 

4.

 



Анықтық пен адалдық. 

5.

 



Психологиялық ережелерді ұстану, талаптарын орындау. 

Әлеуметтік-психологиялық  тренингті  өткізу  жеткіншектерді,  жалпы  оқушыларды  тәжірибелік  бағытта 

психологиялық дайындауды, интенсивті жүзеге асыру үшін қолданудың ерекшелігі зор.  Бұл оқушылардың 

әлеуметтенуі, оған психологияның әсерін ескерумен сипатталады.  

Жалпы  тренингтік қалыпқа келтіру әдетте,  топтық мақсаттардан тұрады: 

√  Психологиялық заңдылықтарды, механизмдерді, жеке тұлға мен адамдар   арасындағы қарым- қатынасты  

қарастырады; 

√  Жекелік  дамуы,  шығармашылық  потенциалдың,    өмірде  оптималды  деңгейге    жетуі  және  бақыт    пен 

сәттілікті  сезіну; 

√  Коррекцияға  қатысушылардың    өзін  -  өзі    тану,  өзіндік    іздену    және  эмоционалды  күйдің    бұзылуы, 

өзіндік іс - әрекеттің  өзгеруі негізінде болуы; 

√ Топтағы қатысушылардың   психологиялық мәселелерін  қарастыру және   олардың шешім қабылдауына 

көмек көрсету; 

√ Субъективті өзіндік  сезімнің және   психологиялық денсаулығының  жақсаруы. 

Тренингтің бірінші спецификалық   топтық мақсаты - қарым- қатынас,  ал тренингтің өзіндік  өсуі – екінші  

орында  тұрады.  3-5  топтың  мақсаты    психотерапиялық    және  психопрофилактикалық    болып  табылады. 

Тренингтерде  олар көбінесе  қосымша ретінде қолданылады. Мақсат тапсырмаға  байланысты болады.  Егер 

мақсат жұмыстың нақты  бағытын көрсетсе, онда тапсырмалар нақты  қадамдарын жасайды. 



1970-ші  жылдары  ГДР-да  М.Форвергтің  жетекшілігімен  ол  әлеуметтік-психологиялық  тренинг  деп  атаған 

әдіс жасап шығарылды. Біздің елге де тренинг осы атауымен келді.   

Біздің  елімізде  тренингтер  қарым-қатынас  тренингінен  басталды.  Қарым-қатынас  тренингі  іс  жүзінде  кез 

келген басқа тренинг үшін базалық бағдарлама болып табылады. Басқа бағдарламалар (өз-өзіне сенімділік 

тренингі, келіссөздер тренингі, сауда-саттық тренингі, топ қалыптастыру тренингі, жанжалсыз мінез-құлық 

тренингі және басқалары) жасап шығарылғанда, бұл бағдарламалардың негізіне әлеуметтік-психологиялық 

тренинг  алынды.  Сондықтан  әлеуметтік-психологиялық  тренинг  атауы  әлеуметтік-психологиялық  тренинг 

қағидаттарында құрылған басқа тренингтік бағдарламаларды белгілеу үшін де жиі пайдаланылады.   

Егер Артур Ребер құрастырған «Үлкен түсіндірмелік психологиялық сөздікке» жүгінетін болсақ, тренингтің 

мынадай  анықтамасын  көреміз:  «Жалпы  тренинг  дегеніміз  –  олардың  жүзеге  асырылуы  нәтижесінде 



қандай да бір белгілі реакцияға (реакцияларға) немесе қандай да бір күрделі, шеберліктерді қажет ететін 

қызметке  қатысуға  қабілетті  организм  түріндегі  ақырғы  өнімді  алу  үшін  жасап  шығарылған 

процедуралар жиынтығы немесе кез келген оқу бағдарламасы». Бұл кез келген, соның ішінде адамды ғана 

емес, оқытуды қамтитын өте кең анықтама. Бұл анықтаманың негізгі ойы тренингтің жаттығу, дағдылар мен 

шеберліктерді жинақтау болып табылатындығында.  

Тренингтің  тағы  бір  анықтамасын  Ю.Н.Емельянов  берген:  «Тренинг  дегеніміз  –  қызметтің  кез  келген 



күрделі  түріне,  соның  ішінде  қарым-қатынасқа  үйренуге  және  оны  меңгеруге  қабілеттіліктерді  дамыту 

әдістерінің тобы» (1985, 89-бет). 

И.В.Вачков тренингтің мынадай анықтамасын ұсынады: «Практикалық психологияның өзін-өзі тану және 



өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру мақсатында қолданылатын белсенді әдістерінің жиынтығы»

«Психологиялық  сөздікте»  (1990)  әлеуметтік-психологиялық  тренинг  (ары  қарай  ӘПТ)  «Практикалық 

психологияның  қарым-қатынастағы  хабардарлықты  дамыту  мақсатында  топтық  психологиялық 

жұмыстың белсенді әдістерін пайдалануға бағдарланған саласы» ретінде анықталады. 

Бұл анықтама  тренинг ұғымын қарым-қатынас тренингіне әкеліп саяды да, оның аясын одан әрі тарылтады. 

Көбінесе «әлеуметтік-психологиялық тренинг»  атауы қарым-қатынас  тренингінің,  іскерлік  қарым-қатынас 

тренингінің, әріптестік қарым-қатынас тренингінің және т.б. синонимі ретінде қолданылады.  



«Психологиялық» сөзінің қолданылуын психологтар дәстүрлі түрде тек психолог қана жаттықтырушы бола 

алады  деп  түсіндіреді,  әйтсе  де,  соңғы кезде  жаттықтырушылардың  едәуір бөлігінің  психологиялық  білімі 

жоқ және олар оны алуға ұмтылмайды да. Мен психолог ретінде жаттықтырушының психологиялық білімі 

болуы  тиіс,  өйткені  тренинг  механизмдерінің  көпшілігі  психологиядан  алынған  деген  пікірді  ұстанамын. 

Психология негіздерін түсінбеу көбінесе қателерге ұшыратады. 

 Жаттықтырушының  қатесі  тренинг  нәтижесіздігінің  негізгі  себебі  болып  табылады,  ал  тренинг  болса  – 

нақты  дағдылар  мен  шеберліктерге  үйрету  бойынша  ең  тиімді  технология.  Жаттықтырушының  қатесі 

тренингті уақыт пен ақшаны еш пайдасыз, босқа жұмсауға айналдырады.  

Жаттықтырушының  ең  басты  қатесі  –  топтық  жұмыстың  механизмдерін  түсінбеуі:  кез  келген  топта,  және 

әсіресе тренингтік топта бірнеше өзара байланысты үдерістер болады. Ең маңызды үдеріс – жаттығу, жаңа 

дағдыларды меңгеру үдерісі, жаңа шеберліктерге үйрену. Бұл үдеріс топтық динамикаға негізделеді. Топтық 

динамиканың,  қатысушылардың  ұйымшылдығының,  қауіпсіздік  пен  қолдау  ахуалының  арқасында  оқыту 

тиімдірек  болады.  Сондықтан  жаттықтырушының  басты  міндеті  топ  динамикасын  үнемі  ынталандырып 

отыруда, басқаша айтқанда, жаттықтырушы топта қолайлы ахуалдың қалыптасуына көп көңіл бөлуі тиіс.  

Өкінішке  орай,  кейбір  жаттықтырушылар  топтық  динамиканың  механизмдерін  түсінбей,  оған  жеткілікті 

көңіл  бөлмейді,  сондықтан  көбінесе  топтар  аз  нәтижеге  қол  жеткізеді,  ал  кейде  тренингтер  жалпы 

қанағаттанбаушылықпен аяқталады.  

Көбінесе, жаттықтырушының ойынша, топ өз міндетін орындай алмағанда, жаттықтырушы ашуланады. Өз 

әріптестеріне ол топтың «тым енжар» екендігін, қатысушыларының ештеңені «түсінбейтіндігін», орынсыз 

сұрақтар қоятындығын және т.б. айтып шағымданады. Егер, оның ойынша, олар нашар үйренетін болса, ол 

оларды барлығын тезірек жасаулары тиіс деп есептеп, тықырта бастайды. Ал олар, неге екені белгісіз, баяу 

істейді,  және  тек  уақыт  мағынасында  ғана  емес,  түсіну  мағынасында  да.  Бірнеше  ойын  ойналып,  бірнеше 

жағдай  талқыланғандай  болғанмен,  олар  тағы  да  қате  жібереді.  Бұл  жаттықтырушыны  ашуландыра 

бастайды және, әрине, бұл топтық үдерістер мен оқып-үйрену үдерісін одан әрі тежей түседі.  

Мұндай жағдайда жаттықтырушы «не қылған зердесіз едіңдер» деп кейіп, «ақылдары жоқ ақымақтардың» 

қателерін көздеріне шұқып көрсетіп, үйретуге тырысады.  

Тәжірибе  көрсеткендей,  екі  бірдей  топ  болмайды.  Әр  топтың  өз  жылдамдығы  және  өз  нәтижесі  болады. 

Және, айталық, оқу материалы бойынша бір топта тезірек алға басса, екіншісінде баяуырақ жылжиды, бірақ 

топ үшін нәтижесі бойынша бұл бірдей дәрежеде тиімді болуы мүмкін.  

Жаттықтырушы  топтың  өзіне  бағдарлануы  тиіс:  топ  өзі  қалай  жүрсе,  солай  жүреді. Оның  топты  барынша 

ынталандыруға және оның жылдамдығын арттыруға тырысатыны өзінен-өзі түсінікті. Кейбір жерлерде ақыл 

айтып, итермелеп те жібереді. Бірақ бұл жерде ең бастысы – топтың өзі шығатын нәтиже. 

Бұл орайда жаттықтырушы «паровоз» болып табылмайды және топтың алдына түсіп жүгірмейді, ал тек қана 

топты бағыттап, қажет болған жағдайда алға итермелейді.  

Топ  мүшелерінің  ұйымшылдығына,  олардың  топта  өздерін  қаншалықты  жайлы  және  еркін  сезінетіндігіне 

басты  назар  аударылады.  Осының  арқасында  топ  тиімдірек  жұмыс  жасай  бастайды.  Көбінесе  жұмыс 

жылдамдығы  сағат  сайын  артады  да,  топ  жақсы  нәтижелерге  қол  жеткізеді.  Ең  бастысы,  қатысушыларға 


топта жұмыс істеу ұнауы тиіс. Осының арқасында тренинг әсері ұзағырақ сақталады, өйткені ол туралы еске 

алудың өзі жақсы. Тренинг аяқталғаннан кейін мұндай топтардың қатысушылары осы топтарда ары қарай да 

жұмыс істей бергілері келеді.  

Тренингтің қатысушылары өздерін мұнда бағалайды,  қандай да бір «мінездемелер» жазады деп үрейленіп, 

тренинг  олардың  қабілеттіліктерін  анықтау  үшін  өткізіледі  деп  қорқатыны  да  болады.  Ол  кезде  олар 

тренингтен де, жаттықтырушыдан да қорқады. Олардан басынан бастап жақсы жұмыс күтудің қажеті жоқ. 

Және,  әрине,  мұндай  топты  алғашында  асықтырудың  қажеті  жоқ,  әйтпесе  өздерінің  қорқыныштары  бекер 

емес екен деп шешіп, бүкіл тренинг бойы «окоптарында» отырып шығады. Егер жаттықтырушы алғашқы 

жарты  күнде  топтың  өздерін  еркін  сезінуін  қамтамасыз  етуге  жұмсаса,  көңілді  және  рахаттанып  отырып 

оқып-үйренуге  болатындығына  көздерін  жеткізсе,  топ  қатысушылары  өздерін  еркін,  бос  сезіне  бастайды. 

Кейін олар өз батылдықтарына өздері таң қала бастайды да, алғашқы күннің аяғында әдетте мұндай ахуалда, 

әрі  таныс  емес  адамдармен  олар  тіпті  екі-үш  күн  сөйлемейтіндігін,  ал  қазір  өздерін  «видеоға»  түсіріп 

жатқандығына  да  қарамастан,  өздері  ойынға  қатысуға  ынта  білдіріп  отырғандығын  айтады.  Тағы  да 

қайталаймын: тренингтен алған әсер жақсы болған сайын, оның ықпалы да ұзағырақ болады.  

Жаттықтырушының  тағы  да  бір  елеулі  қатесі  –  тренингке  адекватты  емес  теориялық  және  практикалық 

материалды қосуы. Жаттықтырушы тренингтің жаттығу екендігін түсінуі тиіс. Жаттықтырушының міндеті – 

топ  қатысушыларына  жаңа  ақпарат  беру  емес,  ал  нақты  дағдылар  мен  шеберліктерге  үйрету. 

Жаттықтырушы үнемі жаңа нәрсеге ұмтылып отыруы тиіс емес.  

Көптеген  жаттықтырушылар  қатысушылардың  бір  бөлігінің  бұрын  да  мұндай  тренингте  және,  мүмкін, 

осыған ұқсас бағдарламада болғандығынан қорқады. Қатысушылар мұның бәрін білетіндіктері туралы айта 

бастайды  деп  қорқады.  Мұндай  жағдайлар  барған  сайын  жиі  ұшырасады,  өйткені  фирмалардың  көптеген 

қызметкерлері  төрт-бес  тренингте  болып  көрген.  Қайтсе  де  өз  қорқыныштарының  орнын  толтыру  үшін 

кейбір  жаттықтырушылар  тренингтік  бағдарламаларға  қандай  да  бір  жаңа  элементтерді  енгізеді.  Бірақ 

тренинг үшін, оның қатысушылары үшін олар көбінесе жай ғана пайдасыз емес, сонымен бірге, зиянды да 

болып  шығады,  өйткені  көбіне  қатысушыларды  дұрыс  емес  мінез-құлыққа,  дұрыс  емес  мақсаттар  мен 

қағидаттарға баулиды.  

Мәселен,  сауда-саттық  технологиясы  жөніндегі  тренингтік  бағдарламаларда  әр  түрлі  жіктеулер,  сатып 

алушылар типологиялары пайда болды. Ішінара олар қатаң ғылыми теориялардан алынған, ішінара қолтума 

болып  табылады  да,  мысалы,  сатып  алушыларды  «кептерлер»  мен  «бүркіттерге»  және  т.б.  бөлу  сияқты 

болады.  Бірақ  тіпті  қатаң  ғылыми  жіктеудің  өзі  зиянды,  өйткені  сатушы  сатып  алушының  типін  бірден 

дұрыс анықтай алмайды. Оның үстіне, мұндай жіктеулердің авторларының көпшілігі өздерінің типологиясы 

қалада  бағдарлануға  көмектесетін  карта  сияқты  деп  айтады.  Кез  келген  нақты  картаның  нақты  қаладан 

айырмашылығы  болатынындай,  тұлға  типінің  сипаттамасы  да  нақты  тұлғадан  ерекшеленеді.  Нәтижесінде 

сатушы  бірдеңе  істеуге,  қандай  да  бір  өзінің  түсініктері  бойынша  сөйлеуге  тырысады  және,  әрине,  сатып 

алушы әлденеден сезіктенеді.  

Шындығында, сатушыларға сатып алушылардың өздерін де, олардың сатып алушылық қабілеттіліктерін де 

кез келген бағалауға тыйым салу қажет: сатушы кез келген сатып алушымен жақсы жұмыс істеуге міндетті, 

жақсы сервистің, сатушының жақсы жұмысының негізгі мән-мағынасы да осында.  

Тренингтік бағдарламаларға енгізілген жаңалықтардың тағы да бір мысалы НЛБ-дан көптеген элементтерді 

қосу  болып  табылады.  Нейролингвистикалық  бағдарламалау  –  өте  жақсы  психотерапевтік  тәсіл,  бірақ 

тренинг үшін, соның ішінде сауда-саттық тренингі үшін көбінесе зиянды болады. Тіпті НЛБ-мен бұрыннан 

айналысатын  көптеген  тәжірибелі  психологтар  бір  қарағаннан  адамның  типін  –  оның  «визуал»,  «аудиал» 

немесе  «кинестетик»  екендігін  анықтай  алмайды.  Бұл  үшін  тіпті  олардың  өздеріне  де  5  минуттан  15 

минутқа  дейін  уақыт  қажет  болады.  Ал  сатушының  мұндай  уақыты,  тәжірибесі  және  НЛБ  бүкіл  жүйесін 

түсінуі  жоқ.  Ал  егер  сатушыны  НЛБ-ға  жақсылап  үйретсе  (бұған  бірнеше  жыл  кетеді),  онда  оған  сатушы 

болып жұмыс істеудің қажеті қанша?  

Тағы  бір  мысал:  сатушыларды  сатып  алушыларға  әсер  етулері  үшін  және  сатып  алушының  ықтимал 

гипноздық әсер етуінен өздерін қорғаулары үшін гипноз дағдыларына үйрету. Сатушыны гипноз әдістеріне 

үйрету үшін көп уақыт және ақша жұмсау қажет. Ал осының бәрі болған күнде, тағы да сатушының сатушы 

болып қалуында не мән қалады?! Ал егер  нашар үйреткен жағдайда, ал бұл бір тренингтің аясында әбден 

мүмкін,  өздеріңізді  сатушы  өзінше  ұйытып,  сендіруге  әрекеттенетін  сатып  алушының  орнына  қойып 

көріңіздерші...   

Тренинг  дегеніміз  –  жаттығу,  және  топ  қатысушыларына  жаттығуға  мүмкіндік  беру  қажет.  Өз 

жаттықтырушысына  әрбір  жаттығуда  өзінің  бұлай  жүгіре  білетіндігін  және  жүгірудің  қандай  да  бір  жаңа 

тәсілін  үйренгісі  келетіндігін  мәлімдейтін  жүгіргішті  елестетіп  көріңіздерші.  Нағыз  шеберлік  қайта-қайта 

жаттыға отырып қалыптасады, тренингтің өзі де осы үшін керек.  

Тағы  бір  қате  –  тренинг  пен  терапевтік  топтың  арасындағы  айырмашылықты  түсінбеу.  Алдында 

айтылғандай,  тренингтің  мақсаты  –  жаттығу,  белгілі  бір  дағдылар  мен  шеберліктерге  машықтану.  Ал 

психотерапевтік топтардың мақсаты – топ қатысушыларының жеке проблемаларын шешу. 

 Тренинг  сырттай  қарағанда  қатысушылар  көп  күліп-ойнайтын  қандай  да  бір  әншейін  ойындардың 

жиынтығы  сияқты  көрінуі  мүмкін,  және  бұл  жұмысқа  ұқсамайды.  Жаттықтырушы,  терапевтік  топтарда 

болғаннан  кейін,  өз  тренингіне  терапевтік  жаттығуларды  қоса  бастайды.  Нәтиже  әрқашан  біреу: 

қатысушылардың біреуі көз жасына ерік береді, осылайша, онымен жұмыс істеу аяқталады, өйткені кәдімгі 


тренингте  бұл  жағдайды  ары  қарай  өрбітуге  уақыт  жоқ,  және  көбінесе  шеберлік  те  жоқ.  Сондықтан 

жаттықтырушы  осы  тәсілдердің  арасындағы  айырмашылықты  анық  түсініп,  оларды  ешқашан  бір 

бағдарламада араластырмауы тиіс. Бұл – әр түрлі жұмыстар.  

Әрине,  тренингтік  топтарда  да,  терапевтік  топтарда  да  пайдаланылатын  жаттығулар  бар.  Мысалы,  барлық 

тренингтік  жаттығулар  терапевтік  топтарда  да  қолданылады,  бірақ  бұл  терапевтік  топтардағы  басқа 

процедуралар  мен  ойындарды  тренингтік  топтарға  ауыстырып  қолдануға  болады  дегенді  білдірмейді.  Бұл 

жаттықтырушыға  психологиялық  білімнің  қажеттігі  туралы  айтуға  тағы  бір  себеп  болады.  Өйткені 

психология негіздерін білмеу осыған ұқсас қателерге алып келеді.  

Жаттықтырушы  сондай-ақ  өзі  адекватты  емес  ойынды  ойлап  табуы  немесе  оны  әдебиеттен  алуы  мүмкін. 

Әдебиетте  сипатталған  көптеген  ойындар  да  әрқашан  тренингке  жарамды  бола  бермейді.  Мысалы, 

әдебиетте сипатталған «Әуе шарындағы апат» ойыны. Ойынды көбінесе мектеп психологтары қолданады, 

және мен олардың ойынның жаман екендігі туралы айтқандарын жиі естимін. Ол көбінесе тренингтен кейін 

де  жалғасуы  мүмкін  елеулі  жанжалмен  аяқталады.  Бұл  ойында  барлық  қатысушылар  әуе  шарындағы 

адамдарды құтқару үшін нені теңізге тастау керек, ал нені қалдыру керектігі туралы шешім қабылдаулары 

тиіс.  Бірақ  ұсынылған  заттардың  ішінде  тірі  ит  бар.  Ойынның  қызуымен  қатысушылардың  біреуі  қаруды 

тастау  керек деп  шешсе,  енді  біреуі  итті  тастау  керек  дейді (өйткені,  олардың ойынша,  қару олардың  ары 

қарай тіршілік етуі үшін қажет болады). Ал кейде топта қандай да бір көзқарастың жақтастарының бірін де 

лақтырып  тастауға  шешім  қабылдануы  мүмкін.  Жанжалды  болдырмау  үшін,  мұндай  ойынға,  заттармен 

қатар,  жануарды  (итті)  қоспау  керек.  Бұл  эмоционалдық  бауыр  басушылықтың  әр  түрлі  деңгейі,  және 

мұндай  таңдау  жасағанда,  адамның  көңіліне  терең  эмоционалдық  қаяу  түсуі  мүмкін,  және  бұл  тренингтің 

емес, жаттықтырушының біліксіз жұмысының нәтижесі болады.  

Иә, бір жаттықтырушы терапевтік те, тренингтік те топтарды алып жүруі мүмкін, бұл – жиі болатын жағдай, 

бірақ бұл – әр түрлі қатысушылары, әр түрлі міндеттері бар әр түрлі топтар. 

Тағы бір проблема кейбір жаттықтырушылардың тренингті өзін таныту үшін, өзін топтың есебінен таныту 

үшін пайдаланатындығында.  

Кез  келген  жаттықтырушы  топпен  не  істегісі  келсе  де  ерікті  екендіктерін  біледі.  Сөздің  дәлме-дәл 

мағынасында,  жаттықтырушы  –  «әрі  патша,  әрі  құдай».  Жаттықтырушы  әр  түрлі  ойындар  жүргізеді, 

қатысушыларға  рөлдерді  үлестіріп  береді.  Топтағы  бірде-бір  адам  қандай  да  бір  ойынның  жалпы 

мақсаттарын  ойын  басталғанша  түсінбейді.  Топтың  барлық  қатысушылары  жаттықтырушылар  болған 

күннің  өзінде  де  олар  бәрібір  ойынның  қандай  болатындығын  білмейді,  оның  үстіне,  қатысушыларға 

нұсқаулар көбінесе жеке беріледі. Және, соған сәйкес, кейбір немесе барлық қатысушылары ақымақ болып 

көрінетін ойынды жасау оңай. Мысалы, бір тренингте барлық қатысушыларға мынадай нұсқау берілген: «Ал 



қазір  бәрің  бір  қатарға  тұрыңдар...  (кідіріс)  төрт  тағандап  тұрыңдар...  (кідіріс)  енді  тілдеріңді 

шығарыңдар».  Ары  қарай  мынадай  түсініктеме  берілген:  «Қызметтік  іздеуші  иттер  тобы  тренингке 

дайын».  Содан  соң  барлығы  қалжың  ретінде  түсіндірілген.  Жаттықтырушыға  мұндай  «қалжыңдардың» 

қажеті қанша? Айналадағылардың бәрі ақымақ болып көрінгенде, жаттықтырушының өзі өзіне әрі ақылды, 

әрі тапқыр, әрі талантты болып көрінетіні өзінен-өзі түсінікті.  

Енді бір топта жаттықтырушы жылқы туралы есепті шешуге тапсырма берді (нұсқауды ары қарай қараңыз). 

Ол  кімде  «0»  шыққанын  сұрады.  Бірнеше  адам  қолдарын  көтерді.  Жаттықтырушы  олардың  білімдерінің 

қандай  екендіктерін,  мектепте  қалай  оқығандықтарын  сұрады.  Ары  қарай  ол  бұл  есептің  үшінші  сынып 

оқулығынан  алынғандығын  қуана  хабарлады.  Содан  соң  жаттықтырушы  кімде  «1»  шыққанын  сұрады  да, 

бәрі  қайталанды  және  т.б.  Соңында  мынадай  түсініктеме  берілді:  сендердің  барлықтарың  жоғары  білімді 

ересек  адамдарсыңдар,  ал  үшінші  сыныпқа  арналған  есепті  шеше  алмадыңдар.  Содан  соң  топ 

қатысушыларының  барлығы  өздерін  тіпті  үшінші  сынып  деңгейіне  де  жетпейтін  адамдар  ретінде 

бағалаулары үшін кідіріс жасалды.  

Шын мәнінде, бұл ойын – қабылдау таптаурындарына арналған ойын, және мұнда есептеуде қателер болуы 

мүмкін.  Бұл  ойынның  негізгі  мағынасы  –  барлық  адамдардың  есеп  шарттарын  әр  түрлі 

қабылдайтындықтарын көрсету, және барлық даулар дәл осыдан туындайды. Ойыннан шығатын қорытынды 

есептің  топтық  шешіміне  көшуге  әлі  ерте  болғандығында.  Ең  алдымен  есеп  шарттарынан  хабардар  етіп, 

барлық  қатысушылардың  осы  шарттарды  жалпы  түсінуін  қамтамасыз  ету  қажет  болатын,  сонда  шешім 

бірден  табылар  еді.  Бұл  есеп  қарым-қатынас  үдерісін  сатылы  түрде  өту  қажет  екендігін  көрсетеді.  Бұдан 

басқа, осы ойын мысалында тиімді қарым-қатынас өлшемдері жақсы көрінеді.  

Азырақ  көзге  түсетін  жағдайлар  да  болады.  Мысалы,  жаттықтырушы  біреудің  атына  бірнеше  бағалау 

фразаларын  тастауы,  топ  алдында  қатысушының  анық  қатесін  көрсетуі,  бағалаған  кейіппен  бет-аузын 

тыжырайтуы мүмкін – және нақты «құрбандық» өзінің дәрменсіздігін түсінеді. Ал тренингте барлық дерлік 

ойындар  қате  қағидатына  құрылатындықтан  (яғни,  ойындарда  солардың  мысалында  жұмыста  оларды 

қайтып жібермеуге үйрену үшін міндетті түрде қателер болады), жаттықтырушының мұндай мүмкіндіктері 

молынан болады. 

Қорытындылай  келе,  жаттықтырушының  жоғарыда  көрсетілген  барлық  қателері  оның  жұмысының 

тиімділігіне өткізілген тренингтер саны мен тәжірибесінен гөрі әлдеқайда күштірек әсер ететіндігін айтуға 

болады.  Жаттықтырушының  көптеген  жылдар  бойы  жұмыс  істеуі,  бірақ  осы  заңдылықтардың  бірде-бірін 

түсінбеуі  мүмкін,  және  бұл  жаман  нәтижелерге  алып  келетін  болады.  Тренингтің  тиімділігі  және 

пайдалылығы  туралы  екі  пікір  бар:  біреулер  тренингтің  өте  тамаша  және  жақсы  екендігін  айтса,  енді 


біреулер тренингті жай ғана алдау және ешқандай нәтиже бермейтін дүние деп мәлімдейді. Шын мәнінде, 

біреулердің  жаттықтырушымен  жолы  болған,  енді  біреулерінің  жолы  болмаған.  Тренингтің  өзі  болса  – 

тамаша  әдіс,  бірақ  жүргізушісі  жаман  жақсы  машина  жаман  жүретіндігі  сияқты,  тренинг  те  көбінесе  кері 

нәтиже береді.  

Қалайша  осындай  қателерді  жібермеуге  болады?  Жауап  қарапайым:  шындап  оқып-үйрену  қажет,  және  ең 

тиімді  әдіс  тренинг  болып  табылады,  жаттықтырушыларды  оқытып-үйретуге  арналған  тренингтік 

бағдарламалар болады.  

Бұдан басқа, жұмыс барысында жаттықтырушы үнемі өзін бақылап отыруға міндетті. Бақылаудың тамаша 

механизмі – өзіңе үнемі «мен мұны не үшін істеймін?», «менің мақсатым қандай?», «мен қандай нәтижеге 

қол  жеткізгім  келеді?»  деген  сұрақтарды  қойып  отыру.  Және  жаттықтырушы  әлденені  айтқысы  немесе 

істегісі  келгенде,  ол өзінің  не  істеп  отырғандығын  және  топқа  мұның  қажеті  қанша  екендігін  түсінуі  тиіс. 

Егер бұл топтың пайдасына жарайтын болса, онда барлығы жақсы. Егер жаттықтырушы әлденені айтқысы 

немесе істегісі келсе, бірақ бұл топ үшін зиянды немесе тым болмағанда пайдасыз болса, онда оны айтуға не 

істеуге болмайды. Жаттықтырушының жақсы жұмысы деген осы. Жаттықтырушы топ үшін жұмыс істеуге 

міндетті.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет