Пәнге кіріспе. Психология пәні, міндеттері және әдістері Лекция жоспары



бет4/10
Дата10.04.2023
өлшемі153,48 Kb.
#81354
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
4.Психологияның салалары.
Еңбек психологиясы адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми (ЕҒҰ) ұйымдастырудың психологиялық астарларын зерттейді. Еңбек психологиясының міндетіне адамның кәсіби ерекшеліктерін, еңбек дағдыларын дамытудың заңдылықтарын, өндірістік жағдайдың ықпалын анықтау жатады. Еңбек психологиясы бірнеше бөлімдерден тұрады: олар сонымен қатар өз бетінше дербес, бір-бірімен байланысты психология ғылымдарының салалары. Олар: инженерлік психология негізінен адам мен машинаның қызметін бөлу және үйлесім проблемаларын шешетін автоматтандырылған жүйелерді басқарушы оператордың қызметін зерттейді; авиация психологиясы ұшуды үйрету мен ұшуды орындау үрдісінде адамның іс-әрекетін психологиялық зерттейді; космос психологиясы организмге шамадан тыс психологиялық ауыртпалық түскен ауасыз кеңістік жағдайында адам іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.
Педагогикалық психологияның зерттеу пәні адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу пәні адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Педагогикалық психологияның бөлімдеріне немесе салаларына мыналар жатады: оқыту психологиясы (дидактиканың психологиялық негіздерін зерттейді); тәрбие психологиясы (мектептегі тәрбие жұмысының психологиялық негіздерін зерттейді); ұстаз психологиясы мұғалім мен шәкірттердің арасындағы қарым-қатынасын, мұғалімге қойылатын талаптардың психологиялық мәселелерін зерттейді.
Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер оқыту мен тәрбие мазмұнын дұрыс анықтаған оқулықтар мен оқу құралдарына әртүрлі талаптарды белгілеуге, оқыту мен тәрбиенің тиімді әдістерін тауып, негіздеуге көмектеседі.
Медициналық психология дәрігер қызметінің және ауру мінез-құлқының психологиялық мәселелерін зерттейді. Ол нейропсихологияға, психофармокологияға, психотерапияға, психопрофилактика мен психогигиенаға бөлінеді. Нейропсихология психикалық құбылыстардың физиологиялық ми құрылымдарынмен арақатынасын зерттейді. Психофармакология дәрі-дәрмек заттарының адамның психикалық іс-әрекетіне әсерін зерттейді; психотерапия ауруды емдеу үшін психикалық әсер ету тәсілдерін қолдануды зерттейді; психопрофилактика мен психогигиена адамдардың психикалық денсаулығын қамтамасыз ету үшін шаралар жүйесін талдауды зерттеу болып табылады.
Заң психологиясы заң жүйесін іске асырумен байланысты психологиялық мәселелерді қарастырады. Ол сот психологиясы, криминалді психология, пенитенциарлық немесе еңбекпен тузету психологиясы. Сот психологиясы тергеу үрдісіне қатысушылардың мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысады; криминалді психология мінез-құлықтың психологиялық проблемаларын және қылмыскер тұлғасын қалыптастыру мен қылмыстың себептерін анықтайтын саласын айтады; пенитенциарлық немесе еңбекпен түзеу психологиясы еңбекпен түзеу колониясында ұсталғандардың психологиясы, сендіру және көндіру әдістері арқылы тәрбиенің психологиялық проблемалары және т.б.
Әскери психология соғыс іс-әрекеттері жағдайында адамның мінез-құлқын, бастықтар мен қарамағындағылардың өзара қарым-қатынастарының психолгиялық жағын, психологиялықнасихаттың және қарсы насихаттың әдістерін, әскери техниканы басқарудың психологиялық проблемаларын зерттейді және т.б.
Спорт психологиясы спортшылардың жеке басы мен іс-әрекетінің психологиялық ерекщеліктерін, психологиялық даярлықтың шарттары мен тәсілдерін, спортшылардың жаттығуының және даярлығының психологиялық өлшемдерін, жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты психологиялық факторларды зерттейді.
Жас психологиясы әр жастағы адамның психикалық дамуының заңдылықтарын, әртүрлі психикалық үрдістер мен қасиеттерінің қалыптасуын зерттейді. Жас психологиясы мынадай бөлімдерге бөлінеді: балалар психологиясы, жеткіншек психологиясы, жастық шақ психологиясы, ересектер психологиясы. Жас психологиясының міндеті – жас ерекшеліктерін ашып көрсету, бір жастан екінші жасқа өтудің заңдылықтарын анықтау, жеке тұлғаның әртүрлі психикалық қасиеттері қалыптасуының сензитивтік (ерекше қолайлы) кезеңдерін табу болып табылады. Жас психологиясы педагогикалық психологиямен байланысты.
Арнаулы психология бірнеше бөлімдерге бөлінеді: патопсихология, олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология.
Патопсихология адамдардың дұрыс психикалық іс-әрекеті бұзылуының әртүрлі түрін зерттейді; Олигофренопсихология мидың туғаннан болған ақауына байланысты психикалық дамудың патологиялық сипатын зерттейді. Сурдопсихология есту сезімінің бұзылуына байланысты психологиялық ерекшеліктерін зерттейді; Тифлопсихология көру сезімінің бұзылуына байланысты психологиялық ерекшелігін зерттейді.
Салыстырмалы психология жануарлардың психикасын зерттейтін психологияның саласы.
Психологияның бұл бағытының мәні мынада: жануарлардың психикасын зерттей отырып, әсіресе, жоғары сатыдағы жануарлардың, адам санасының тарихын жан-жақты қарастыруға көмектеседі, салыстырмалы психология саласында жануарлар мен адам психикасын салыстыру іске асады, олардың мінез-құлқындағы қасиеттері мен айырмашылығының сапалы белгілері мен себептері анықталады.
Әлеуметтік психология әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың психологиялық ерекшеліктерін (топ, ұжым, олардың көңіл-күйін, қоғамдық пікірін, еліктеуін т.б.), топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын, ондағы жеке тұлғалардың жағдайын, олардың лидерлері мен қарамағындағылардың проблемаларын зерттейді. Соңғы жылдары әлеуметтік психологияға ерекше мән берілуде. Әлеуметтік психология әртүрлі ұйымдасқан және ұйымдаспаған қоғамдық топтардағы адамдардың өзара қатынасынан туындайтын психикалық құбылыстарды қарасытырады.
Психологияның зерттейтін құбылыстарының саласы жан-жақты. Ол адамның әртүрлі қиындық сатысы бар психикалық үрдістерін, психикалық қалпын және психикалық қасиеттерін қамтиды.
Өткен онжылдықтарда психология негізінен теориялық (дүниетанымдық) пән ретінде белгілі болды. Қазіргі кезде оның ролі қоғамдық өмірде ерекше өзгерді. Психология бірте-бірте білім беру, өндіріс, мемлекеттік басқару, медицина, мәдениет, спорт және т.б. жүйеде кәсіптік-практикалық іс-әрекеттің ерекше саласы болып табылады.
Бүгіндері қоғамның барлық саласында «адам факторының» мәні арта түсуде. «Адам факторы» деп адамдардың меңгеретін әлеуметтік-психологиялық, психологиялық және психо-физиологиялық қасиеттердің жан-жақты көлемін түсінеміз.
Психология ғылымының алдында тұрған міндеттер туралы айтқанда, адам бар жерде, әртүрлі міндеттерді орындау барысында «адам факторы» әруақытта да ескерілуге тиісті. Халық ағарту жүйесінің барлық салаларынды (мектепке дейінгі білім беру, арнаулы орта білім беру, жоғары мектеп) психологтарға бағытталған проблемалар туындауда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет