А.Байтұрсынұлы тарих ғылымының пәніне; Тарихты қазақша ұлы дерек деуге, әуезе табына жатқанмен, айғақша әуезе деуге болады. Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы- тарих, - деп анықтама береді. Тарихтың атқарар қызметі мен алға қояр міндеті хақында ол; Тарихтың қызметі- бүтін адам баласының, бүтін бір жұрттың, иә бір топтың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту.
«Тарихшылырдың мақсаты,-дейді Ахаң,-уақиғаның уақытын ғана көрсету, яки не түрде болған тысқы сиқын ғана көрсету емес, ол уақиғаның болуына нендей нәрселер, нендей уақиғалар себеп болғанын көрсетіп, ішкі мәнісімен де таныстыру». А.Байтұрсынұлы әуезелерді алты тарауға бөледі: