Пәні: Арнайы педагогика


Зияты зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеуде және зерттеуде үлес қосқан ғалымдар



бет4/5
Дата26.03.2022
өлшемі42,45 Kb.
#28904
1   2   3   4   5
Байланысты:
Арнайы педагогика

5.Зияты зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеуде және зерттеуде үлес қосқан ғалымдар.

Л.С.Выготский үлкен үлес қосқан ғалымдардың бірі ол зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагокиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен. Ол аномальді балалар психикасының даму заңдылықтарын көрсететін тұжырымдар жасаған. Органикалық кемістік баланың кеміс екеніне дәлел емес. Кемістік әсері екі жақты: бір жағынан ағзаның қалыпты әрекетін қиындатады, екінші жағынан – кемістік орнын толтыратын басқа қызметтердің қарқынды жетілуіне жағдай жасайды деген.

М.С.Певзнердің айтуы бойынша «Олигофрен балалардың еі негізгі ерекшеліктерінің бірі, ол сөйлеу арқылы өз ойын жеткізе алмау» деген.

Г.Е.Сухареваның айтуы бойынша «Олигофрен балалар ең алдымен біліп, үйренсем деген әрекеті жоқтың қас. Жаңашыл нәрселерді, өзгерістерді қабылдауы да қиындатылған» деген.

В.Г.Петрованың айтуы бойынша «Зияты зақымдалған балаларда байқалатын таным процестерінің жетіспеушіліктері, эмоциялық- ерік сферасының төмендігі толыққанды тұлғаның қалыптасуына кедергі жасайды және әлеуметтік ортаға бейімделуі қиынға соқтыратыны белгілі» дейді.

Ж.Эскироль 1838жылы «Ақыл- ой кемістігі» психиатриалық түсінігіне және туа біткен және жүре пайда болған түрінің арасындағы айырмашылық сипат берді.

Соловьев И.М, Стаденко И.М, Пинский Б.И зерттеулерінде көрсетіп, зият қабілеті бұзылған баланың ойлау процестері жеткілікті дамымаған және өзіндік ерекшеліктері бар екенін айтты.

Адриан Хилл 1938 ж арт- терапия терминін ғылымға енгізді.

Ақыл- ой кемтарлықты ғылыми тұрғыда зерттеген ғалымдар: А.Р.Лурия, Ж.И.Шиф, С.Я.Рубинштейн, В.И.Лубовский.

Мектеп жасына дейінгі зиятында ауытқушылықтары бар балаларды арнайы оқыту, тәрбиелеуді жүзеге асырған ғалымдар: Л.Б.Баряева, О.П.Гаврилушкина, М.Н.Перова, А.А.Аксенова .

Қазіргі уақытта зиятында ауытқуы бар балаларға түзетушілік көмек көрсету мәселесін зерттеушілер: Ю.А.Разенкова, Е.А.Стребелова, Б.С.Халыкова т.б.

Зиятында ауытқуы бар балаларға оқыту мен тәрбиелеу мәселесін зерттеген озат ғалымдар: Л.В.Занков, А.Н.Граборов, Г.М.Дульнев.

Елімізде ақыл- ой кем балалрды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларын: К.Б.Бектаева, К.К.Өмірбекова, И.Г.Елисеева, О.В.Завалишина т.б жасаған.

В.М.Астаповтың пікірінше, «иятының зақымдалуы – ОЖЖ органикалық зақымдануы нәтижесінде болатын толық психиканың сапалық өзгеруін» айтамыз.

С.Я.Рубинштейн бас миының органикалық зақымдануының салдарынан барлық танымдық қызметті зақымдалған балаларды ақыл- ойы кем балалар деп атаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет