Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»


Кәсіптік - техникалық оқу орнында



бет16/36
Дата27.09.2023
өлшемі198,53 Kb.
#110450
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Кәсіптік - техникалық оқу орнында:
1.Асты тиімді ұйымдастыру тек оқу орнында тамақ қоймасы орналасқанда ғана мүмкін. КТО үйінің құрылысы асханасыз салынбайды.
2.Тамақтану тәртібі 3 ретті тамақтан (таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас) тұрады. Сирек жағдайларда ғана 2 рет тамақтану кепікі ассыз (жатақханада тұратын адамдардың болмауына байланысты, сонымен қатар, тамақ қоймадан алыстығынан).
3.Көбірек жүктемеге байланысты мамандықты меңгерген жасөспірімдерге 4 рет тамақтану қажет(2-ші таңертенгі ас немесе түстен кейінгі ас).


Тамақтануды медициналық бақылау
Балалар ұжымының тамақтануына бақылау үнемі немесс кезеңді болуы қажет.
Бірінші - балалар оқу орнындағы дәрігер мен мейірбике, екінші -СЭС қызметкерлері тексереді. Күнделікті бақылау мынадай болады:
1.Алынған және әкелінетін тамақтың сапасын бақылау.
2.Тамақты сақтау шарттарын бақылау.
З.Тамақты пайдалану мерзімін ескеруді бақылау.
4.Тамақты дайындау технологиясын бақылау.
5.Дайын тағамның сапасын бақылау.
б.Тамақ қоймасы және ыдысты жуудың санитарлы -эпидемиялыққа қарсы тәртіпті бақылау.
7.Тамақ қоймасының қызметкерлерінің жеке гигиеналық ережелерді сақтауды бақылау.
8.Тамақтану мөлшерінің құрамын бақылау.
Тамақтың балалар оқу орындарында дүкеннен түскенде медициналық қызметкерлер олардың бракеражын тексереді (түрі, түсі, иісі. дәмі - органолептикалық көрсеткіштерге қарау), тез бұзылатын тамақтың (сүт, айран, қаймақ, ірімшік, шұжықтар, сапалықты куәләндіретін сертификаттары тексеріледі), онда шығарылған күні мен уақыты, сақтау мерзімі көрсетілу керек, сақтау мерзімінен асып кеткен тамақты қолдануға болмайды, сонымен қатар тазаланбаған тауық үйрек және қаздарды, жұмыртқаларды, малдың бастарын, консерваларды, бұзылған дәнді - дақылдарды қалдыруға болмайды, күдікті жағдайларда тамақ СЭС-ке тексерілуге беріледі.
Тамақты тұрғын халықтан сатып алғанда ветеринарлық тексерушілердің қорытындысын тексерген жөн. Жазғы уақытта көкөністерді жеке шаруашылықтардан сатып алғанда тамақтың сапасына аса көніл бөлу керек.
Медициналық қызметкерлер транспорт пен тамақты апаратын ыдысының жағдайын бақылайды. Ол үшін арнайы транспорт арналады. СЭС бұндай транспорттың қалпын үнемі тексеріп отырады, транспортка жыл сайын санитарлық куәліктер бөлінеді. Жүк тасушының санитарлы киімі мен санитарлы кітапшасы болуы керек. Тағамды тасымалдайтын ыдыс ыңғайлы тасымалданатын және жеңіл жуылатын болу керек (контейнерлер, битондар, флягтар, металды жәшіктер, лотоктар). Бұл мақсаттарға балалар оқу-орындарынан шығаруға болмайтын ас үй жабдықтарын (қазандар, кастрюль, шелектер) қолдануға болмайды. Ыдыстар белгіленген болуы керек және мезгіл -мезгіл 2% сода ерітіндісімен жуылу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет