Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»


Иллюстрациялы материалдар



бет19/36
Дата27.09.2023
өлшемі198,53 Kb.
#110450
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Байланысты:
метод-лек-Гигиена-дет-подр-ОЗ-каз

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд


5.Әдебиет:


Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым
баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
Орыс тілінде
Негізгі:
1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.


Қосымша:
1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к
условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.
2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.


6.Қорытынды сұрақтары:

  1. Адамдарға киім қандай қызмет атқарады?

  2. Материалдың физика- гигиеналық көрсеткіші және балалардың киімі қай үлгіге сай келуі керек?

  3. Жазғы киім неге сай болу керек?

  4. Жылы сыртқы киім қандай негізгі қызметті атқарады?

  5. Аяқ киім ағзаны неден сақтайды?

15
1.Дәрістің тақырыбы: Балалар кітаптарына және мектеп оқулықтарына қойылатын гигиеналық талаптар. Балалар компьютермен жұмыс жасағанда қойылатын гигиеналық талаптар. Бала ағзасына қазіргі технологиялық коммуникация және ұялы байланыстың әсері.
2.Мақсаты: Студенттерді балалар кітаптарына және мектеп оқулықтарына, балалар компьютермен жұмыс жасағанда қойылатын гигиеналық талаптармен, бала ағзасына қазіргі технологиялық коммуникация және ұялы байланыстың әсерімен таныстыру.
3. Дәріс тезисі.
Кітап хабар алатын негізгі құрал болып табылады. Мектеп жасында ол оқушылардың іс-әрекеттерініде негізгі түрі болып табылады. Оқулықтардан басқа мектеп оқушылары көркем әдебиеттерді де оқиды, сондықтан оқу олардың жалпы жүктемесінің негізін құрайды.
Мектеп оқушыларының жақыннан көргіштігі көптеген жағдайларға байланысты болатынын, әсіресе оқушылар мен балалар әдебиетінің сапасының төмендігінен болатынын өз заманында Ф. Ф. Эрисман атап көрсеткен болатын. Осы туралы офтальмологтар мен педагогтардың бақылауларында да айтылады. Сондықтан кітаптың өзі де, оқу процесі де регламенттерді қажет етеді.
Қазіргі кезде мектеп оқушыларына қойылатын талаптар «Мектеп оқушыларын өңдеудің санитарлық ережелері № 1405-76» бойынша регламенттеледі. Жаңадан басылып жатқан оқулықтарға санитарлық бақылау екі бағытпен жүргізіледі.

    1. Әрбір оқулықтар басылымына, олардың көптеп шығарылғанына дейін өндірістік мамандандырылуы мен іріктеп тексеру (жағдайлары толық көрсетілген техникалық құжаттар).

    2. Басылымнан шыққан оқулықтарға гигиеналық экспертиза жасау үшін таңдап, іріктеп алу.

Сонымен, бақылау басылып шыққанға дейін және басылып шыққаннан кейін екі рет жүргізіледі.
Оқулықтардың мұқабасын өңдеуге қойылатын гигиеналық талаптар, балалардың көз анализаторларының ерекшеліктеріне негізделген. Оқыған кезде көзге түсетін жүктеме негізгі екі жағдайдан тұрады; көріну жағдайы және оқуға қолайлылығы. Мәтіннің көрінуі қағаз бен баспаның сапасына байланысты болады, оқуға қолайлылығы - баспа белгілерінің көлеміне, олардың суретіне, баспа бояуларының суретіне және терілген әріптердің орналасу жағдайына байланысты болады.
Сонымен оқулықтың гигиеналық сипаты -қағаздың, баспаның шрифтін, баспа жиынтығының, сонымен катар форматтың, кітаптың салмағы мен мұқабасының сапасына баға беруден тұрады.

Оқулықтарға арналған қағаз - баспа белгілері мен фонның арасындағы қарама-қарсы түстердің жеткілікті болуын қамтамасыз ету үшін ақ немесе аздап сарғыш түсті болуы керек. Мәтін қағаздың екінші бетіндегі сөйлем жолдарынан көрініп тұрмауы керек. Қағаз беті тегіс және жарықты шағылыстырмайтындай өте жалтырамауы керек. Кедір - бұдыры жұмсақ қағаз ылғалды тез сіңіреді және ұзақ уақыт бойы сақталатын патогенді механизмдерді, органикалық лас заттарды өзіне ұстап алады. Арнаулы жүргізілген зерттеулер, туберкулез таяқшаларының қағаз беттерінде 5 айға дейін, дифтерия қоздырғыштары 3 айға дейін, гемолитикалық стрептококктар бір ай бойы өмір сүре алатынын көрсетеді.


№ 1 типографиялық және № 1 мен № 2 офсет қағаздары гигиена тұрғысынан ең жақсы болып есептелінеді. № 2 типографиялық қағазды және газетке арналған қағаздардан басып шығаруға тиым салынады.
Оқулықтардың басылымы біркелкі, айқын көрінетін, қою қара түсті болуы керек. Тақырыптар, қортындылар мен ережелерді, жеке сөйлемдерді бөліп корсету және формулалардың элементтерін жазу үшін түрлі-түсті баспа әріптерін қолдануға болады.
Балалар кітаптарының шрифтер мен өндеуіне қойылатын гигиеналық талаптар шрифтке (гарнитураға) және оның көлеміне баға беруден тұрады. Бұл сұраққа көптеген гигиеналық, психологиялық тәжірибелік бақылаулар арналған. Оқылудың жылдамдығына және ұзақтығына, әсіресе балалардың оқып — үйренуінің алғашқы кезеңінде (В. А. Головин 1939 ж) кітаптың шрифтермен өңделуінің үлкен маңызы бар екені анықталған. Осы мәселені шешуде М. Н. Попова (балалар мен жасљсшрімдер гигиенасы институтынан) және М.Н. Ушакова (баспа басылымдары жабдықтарындағы Бүкілодақтық ғылыми зерттеу институты) елеулі еңбектерін қосты,
Оқу ісі кезінде шрифтардың гарнитурасының жас ерекшеліктеріне әсерін оқып, білуге арналған зерттеулердің нәтижесінде әліппе оқулығына белгілі психологиялық - педагогикалық талаптарға сәйкес арнаулы шрифт; келбетінің қарапайымдылығы, әріптердің анықтығы, әріптер аралығының мөлшерінің жеткіліктілігі, түр-түсінің қанықтығы қажет екендігі анықталады. Осы талаптарға ен жоғарғы дәрежеде, кертік гарнитура сәйкес келеді екен. әліппе оқулығының гарнитурасы шрифтердің кертік гарнитурасы тобына жатады. әліппе әріптерінің штрихтары өте жуан және әріптер аралықтарының кашықтығы сақталуы керек.

      1. сынып оқушыларының оқулықтары мен әліппесі үшін эліппелік немесе журналдық кертік гарнитурасын алған жон. Кейінгісін 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін арналган оқулықтарға да қолдануға болады.

      2. сыныптан бастап 10 сыныпқа дейінгі оқулықтарға арналған мектептік гарнитурасы қолданылады. Оның және әріптердің аяқ жағында онша анық емес кертік таңбалары болатынында. Әріптердің шрифтері мектеп гарнитура- сында жіңішкерек келеді.

3-ші сыныптан бастап және одан жоғары сыныптарға арналған оқулықтарда қосымша мәтіндерді (ескертпе, түсініктеме, корсеткіштер, создіктер және т.б.) басу үшін көлбеу типографиялық шрифті (курсивті) қолдануға рұқсат етіледі. Өрнектелген шрифтерді оқулықтардың мәтінін басуда (жазу үлгісінен басқа) қолдануға болмайды.
Одақтық республикаларда шығарылған әліппелер көбінесе әдеби және мектептік гарнитурасымен басылды, кертік гарнитурамен басылғандар өте аз болды. Әлігшелік гарнитуралар қолданылмады десе де болады. Сондықтан авторлар зерттеулердің барысында ұсыныстар жасап, оны «Мектеп оқулықтарын өңдеудің санитарлык, ережелері » түрінде бекітті.
Шрифтердің биіктігінің де гигиеналық үлкен маңызы бар. Мұнда оқушы жас болған сайын шрифт ірілеу болуы керек деген заңдылық бақылайды. Балалар оқыған кезде әріптерді бөлшектеп қарастырады, сондықтан оның жеке элементтерінің колемдері және әріптін өзінің тұтас алғандағы мөлшері жеткілікті болуы керек. Сонымен қатар, жылдам коз жүгіртіп оқыған кезде әріптердің биіктігі 4 мм-ден жоғары болуы керек, өйткені мұндай жағдайда оның колемі көздің торлы қабатының сары дағының орталық нүктесінен асып тұрады да анық көру мүмкіндігін томендетеді. Оқуға дағдылана бастаған соң үлкен шрифтерден кішісіне қарай көшу керек, өйткені үлкен шрифтер оқу жылдамдығын азайтады.
Сонда да XIX ғасырдың аяқ кезінің өзінде шрифтердің биіктігі туралы айтылған алғашқы ұсыныстар негізінен болжамдар мен қисынды қорытындыларға негізделген болатын. Мысалы, А. Вебер 1881 жылы мәтіннің көзден ең жайлы ара қашықтығы 35см және мұнда көлемі 0,7мм әріптерді айыруға болады деп есептеді. Бірақ шрифтің мұндай көлемі көзге үлкен жүктеме түсіреді және өте жылдам оқу үшін шрифтің биіктігі 1,5мм болуы керек. Кейіннен Г. Кон (1887ж), А. Ф. Никитин және Г. В. Хлопин (1907ж) қызметі дұрыс , қалыпты жағдайдағы адамның көзі 1 м қашықтықта диаметрі 0,25-0, ЗОмм екі нүктені айыра алатынын осындай ара қашықтықта олардың арасында сондай мөлшердегі әріптердің штрихы да көзге жеңіл қабылданатындығын негізге ала отырып, есептеп шығару арқылы әріптің ең қолайлы биіктігін анықтады. Осыған сәйкес, олар шрифтің биіктігінің ең азы 1,5 мм, ал дұрыс оқуға қажетті биіктігі 1,75 мм деп есептейді.
Бірақ бұдан кейінірек жүргізілетін зерттеулер шрифтің биіктігін жас мөлшеріне байланысты болу қажеттілігін көрсетті, ал бұл њсыныстардын бәрі ересектерге арналатындығын анықтады. Шрифтің биіктігі мм немесе кегльмен белгіленеді (кегль типографиялық пункттен өлшенетін литер ауданының биіктігі),
Әріп штрихтарының биіктігі сөйлем жолындағы «Н» - әрпінің биіктігімен өлшенеді. Әліппеде ол 48 бен 20 кегль арасында болады, немесе 8 ден 3,5 мм дейін, бірінші сынып оқушыларының оқулықтарында - 16 кегль (2,8 мм), екінші сынып оқушылары 16-14 кегль (2,3 мм) үшінші және төртінші сыныптар үшін 14-12 кегль (2,0 мм). Бесінші сыныптан бастап жоғары қарай оқулықтың негізгі текстінің шрифтері 10 кегль (1,75 мм) болып келеді. Көзге үлкен жүктеме түсіретіндіктен және оқушылардың тез қажуына әкеліп соғатындықтан гигиенистердің пікірі бойынша, жоғарғы сынып оқушыларының өзіне 10 кегльден төмен шрифті қолдануға болмайды деп есептеледі.
Одан ұсақ шрифтермен — петитпен (8 кегль) орта және жоғары сынып оқушыларының оқулықтарында қосымша тексеруді басуға рұқсат етіледі. Петитті оқулықтар тізімін жазғанда, сөздіктер, нұсқауларды басқанда кеңінен қолдануға болады 7-8 сыныптардағы тақырыптарға арналған мәтіндерді петит қолдану арқылы 4 жылдан артық басуға болмайды, ал 9-10 сыныптарга арналған оқулықтарға бір бетте 16 жолдан артық болмауы керек. 8-9 сыныптарға арналған оқулықтарға сұрақтар мен тапсырмаларды, әрбір сұрақтардың тексті екі жолдан, ал петиттің барлық тексті - 16 жолдан аспаған жағдайда баспаға петитті қолдануға рұқсат етіледі.
Оқылу жылдамдығы сонымен қатар, сөйлем жолдарының ұзақтығына да байланысты болады және 1887 жылдың өзінде Г.Кон сөйлем жолының ең қолайлы ұзындығы 100 мм-ден, ал үлкен форматтар үшін — 110 мм-ден аспауы керек деп есептеледі. Г.В.Хлопин мектеп оқушылары үшін сөйлем жолдарының ұзындығы 100-ден -108мм-ге дейін болуын ұсынды. Кейінірек (Л.М.Шварц. 1931 жылы, А. А. Реформатский. 1933 жылы) көздің бұлшықет алпаратының жүктемесін азайту үшін қысқа сөйлем жолдары дұрыс деп есептеледі. Бірақ, бұл мәселелердің бәрі шрифтің биіктігі мен оқушының жасына байланысты бөлінбеген еді.
Биыл жағдай алғаш рет, Маскеудегі халық ағарту бөлімінің мөлшерімен есептеліп, онда сөйлем жолдарының ұзындығы оқушылардың жасына байланысты 1 сынып оқушыларында 80 мм-ден басталып, 10 сынып оқушыларында 108 мм болуы керек екендігі анықталды. Бірақ, сол кездегі тәжірибенің зерттеулерде керісінше байланыстар туралы айтылып жүрсе де көрсетілген мелшерлердің ешқандай физиологиялық негізі жоқ еді.
Сонымен, ең соңында 1938 жылы СМ.Громбах осы уақытқа дейін сақталынып келген негізгі ережені жасады: яғни кішкентай балалар үшін ұзын сөйлем жолдары, ал ересек балалар үшін - қысқа сөйлем жолдары алынады. Одан кейінірек А.В.Михайлованың (1959 жылы) бақылаулары осы заңдылықты толық дәлелдеп шықты. Бұл заңдылық төменгі сынып оқулықтарынын оқу дағдыларынан аздығынан, сөйлем жолдарының біріншісінен екіншісіне өтуі олар үшін қиындау болып келетіндігімен дәлелденеді. Сондықтан, осындай сөйлем жолдарына көшіп отыру жиі болатындықтан, қысқа жолды тексеруді оқыту оларға қиынға түседі.
Жоғарғы сыныптарда оқу дағдылары қалыптасқан соң, қысқа сөйлем жолдарында оқу жеңілдейді және сөйлем жолдарын қысқартуға рұқсат етіледі. " '
Сондықтан оқу дағдысы аз төменгі сынып оқушылары үшін 20,16,14 кегльден тұратын ірі шрифтармен басылған оқулықтарда сөйлем жолдарының ұзындығының ең қолайлы мөлшері 126-130 мм болып есептеледі, 5 сыныптан бастал 10 кегльден тұратын шрифтармен басылған кітаптарда сөйлем жолдарының ұзындығы 113 мм бастап, 98-95 мм дейін азайтылады.
Осыған байланысты бастауыш жэне орта сыныптардағы мектеп оқушыларына арналған оқулықтарға екі бағанадан тұратын мәтін жиынтықтарын қолдануға рұқсат етілмейді. Бір сөйлем жолынан екіншісіне жиі көңіл аудару, мектеп оқушыларында жылдам қажу пайда болғызады. Екі бағаналы баспаны тек қана 8-10 сынып оқушыларына қолдануға және олардың ішінде әсіресе, ұзақ уақыт үзіліссіз оқуды қажет етпейтін оқулықтарға (анатомия, физиология, география, жэне т.б.) рұқсат етіледі. Мәтіннің үш бағаналы баспасын оқулықтарға басуға тиым салынады.
Қолайлы оқу үшін сөйлем жолдарының және әріптердің арасының өзара қашықтығының да (интерлияның және апрош) маңызы өте зор. 1-4 сынып оқушыларында интерлиньяж 2,8 мм, жоғарғы сынып оқушыларында апрош 4-11 мм, 3-4 сынып - 3 мм, 5 сыныптардан бастап жоғары қарай - 2 мм болуы керек. Кон пластинкасымен өлшенген баспа жиынтығының тығыздығы шрифтің биіктігіне байланысты 1см 10-15 белгіден кем болмауы керек.
«Мектеп оқулықтарын өңдеудің санитарлық ережелері» оқулықтардың эксперименттік және сынамаға арналған түрлерінен басқа барлық түрлеріне арналады. Оның талаптарының сақталуын бақылап отыру оқулықтар басып шығаратын баспасы бар территорияға қызмет ететін санитарлық- эпидемиологиялық станцияға міндеттеледі. Баспадан шыкқан оқулықтар «санитарлық ереженің » талаптарына сәйкес келмесе СЭС сол оқулықтардың басылып шығуы мен таралуына тиым сала алады немесе кемшіліктерді жойғанша өндірістің жұмысын тоқтатады.
Бақылау сұрақтары:
Балалар кітаптарына және мектеп оқулықтарына қойылатын гигиеналық талаптар.
- Балалар компьютермен жұмыс жасағанда қойылатын гигиеналық
талаптар.
- Бала ағзасына қазіргі технологиялық коммуникация және ұялы
байланыстың әсері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет