Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»


Иллюстрациялы материалдар



бет14/36
Дата01.05.2023
өлшемі198,53 Kb.
#88701
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Байланысты:
метод-лек-Гигиена-дет-подр-ОЗ-каз

4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар


5.Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым
баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
2.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.
3.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.


6.Қорытынды сұрақтары:

  1. Балалар тағамындағы ақуыз, майлар мен көмірсудың маңызы қандай?

  2. Балалар тағамындағы дәрумендердің маңызы қандай?

  3. Балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру ережелері.

  4. Бірінші күнен бастап баланың негізгі тамақ түрі болып табылады не?

  5. Ана сүтінің ең негізгі құрамын атаңыз?

11

  1. Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемелерде тамақтанудың ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар.




  1. Мақсаты: Студенттерге мектепке дейінгі мекемелерде тамақтанудың ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар туралы түсінік беру.




  1. Дәріс тезисі:

Мектепке дейінгі балалар мекемесінде:
1. Мектепке дейінгі балалар мекемесінде тәулік бойы балалардың келуіне байланысты 4 түрлі тамақтану ұйымдастырылады. Ол тағам құндылығының тәуліктік қалпын қамтамасыз етеді. (таңғы ас, бесін ас, түскі ас, кешкі ас).
2. Мектепке дейінгі балалар мекемесінде і 2-сағат бойы балалардыд келуіне байланысты 4 түрлі және 3 түрлі тағамдану тәртібі тәжірибеленеді. Бірінші жағдайда балалар кешкі асты 1 сағат ерте ішеді (18 сағатта), екінші жағдайда - бесін ас кешкі ас пен бесін асқа тағамдық жүктеме кіргізеді. Және бұған 100% тәуліктік тағамдық құндылың қамтамасыз етіледі.
3. Мектепке дейінгі балалар мекемесінде 9-10 сағаттын ішінде балалардың келуіне байланысты тағам тәртібі 3 түрлі және 75% тәуліктік тағам құндылығын қамтамасыз етеді, Бұл жағдайда медицина қызметкерлері ата-аналарға үйдегі кешкі ас түрлері бойынша тәуліктік тағамдануды толыққанды қамтамасыз ету мақсатында ұсыныстар беру керек.
Балалардың дұрыс тамақтануы тек оның тәртібін дұрыс ұйымдастырғанда ғана мүмкін.
Оның ережелері:
1.Тамақтанудың уақыттары мен олардың араларындағы үзілістерді қатал сақтау;
2.Тамақтанудың аралық физиологиялық дұрыс уақыты;
З.Тамақтың бөлек-бөлек уақыттардағы саны және сапасы бойынша дұрыс бөлінуі;
4.Балалардың тамақ ішудің және тәртібінің шарттары. 1-7 жас аралығындағы балалар үшін арасында 3,5-4 сағат үзіліспен күніне 4-5 рет тамақтану ең дұрысы болып есептеледі. Одан артық не кем тамақтану тиімсіз. Тамақтану уақыты тұрақты болу керек. Бұл асқазанның дұрыс сөл бөлуіне көмектеседі. Арасындағы үзілістерде балаларға ешқандай ас бермей және соңғы ас ұйқы алдында кемінде 2 сағат бұрын болу керек. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда тәбеті бұзылып, ас қорытылуы нашарлайды. Бір күндік ас мөлшері әрбір мерзімдерге дұрыс бөлінуі керек. Тамақтанулар санына байланысты таңғы ас пен кешкі ас біркүндік мөлшердің 20-25%-ын, түскі ас - 30-35%, 2-ші түстем кейінгі ас - 10-15% құрайды. Кейбір жағдайларда 5% мөлшерінде ауытқулар болуы мүмкін. Физикалық және сезімталдық жүктеме асқазан сөлдерінің бөлінуін төмендетеді. Сол себепті тамақтану алдында балаларға міндегті түрде 30 минуттық демалыс болу керек. Тамақтанудың ұзақтығы да реттелуі керек. Таңғы ас пен кешкі ас үшін ұзақтығы - 15-20 мин., түскі ас үшін - 20-25мин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет