Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»


Иллюстрациялы материалдар



бет22/36
Дата01.05.2023
өлшемі198,53 Kb.
#88701
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Байланысты:
метод-лек-Гигиена-дет-подр-ОЗ-каз

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд


5.Әдебиет:


Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым
баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
Орыс тілінде
Негізгі:
1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.


Қосымша:
1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к
условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.
2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.


Қорытынды сұрақтары:
1.Мектепке дейінгі мекемелердің жобалануы мен салынуына қойылатын
гигиеналық талаптарды атаңыз.
2. Мектепке дейінгі мекемелердің негізгі гигиеналық жобалауын атаңыз.
3. Жер теліміне қандай талаптар қойылады?
4. Мектепке дейінгі мекеме аумағында денешынықтыру аймағы не үшін қажет?
5. Аумақтың негізгі элементін атаңыз?

18


1.Тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік- техникалық мектептерде, гимназияларда, лицейлерде жобалануы мен салынуына қойылатын гигиеналық талаптар.
2. Мақсаты: жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік- техникалық мектептерде, гимназияларда, лицейлерде жобалануы мен салынуына қойылатын гигиеналық талаптар туралы түсінік беру.
3. Дәріс тезисі:
Жалпы білім беру мектептеріне жататындар:
1 дәрежелі бастауыш мектедтер- 1-4сынып оқушылары үшін;
1-2 дәрежелі негізгі мектептер - 1-5 сынып оқушылары үшін;
2 дәрежелі негізгі мектептер - 5-9 сыньш окушылары үшін;
1, 2, 3 дәрежелі орта мектептер - 1 (12) сынып оқушылары үшін; 5.2,3 дәрежелі орта мектептер - 5-11 (12) сынып оқушылары үшін;
3 дәрежелі орта мектептер - 9 (10)-11 (12) сынып оқушылары;
әртүрлі мазмұндағы және әртүрлі оқу үрдістері бар гимназиялар, лицейлер.
Жергілікті жағдайларға байланысты әртүрлі дәрежедегі мектептер жеке орналасуы немесе кеіпендер ретінде құрылуы мүмкін. Мысалы, тығыз орналасқан көп қабатты үйлері бар үлкен ықшам аудандарда жеке автономды оқу блоктарынан тұратын мектеп-кешен құрылысын салу ұсынылады. Ауылды жерлерде I дәрежелі бастауыш мектептер салынады.
Гигиеналық тұрғыдан алғанда мектептегі тұрғын мекемелердің территорияларында дұрыс орналастырудың маңызы зор.Мұндайда атмосфералық ластанудың дәрежесі, шуыл сипаттамасы, көшеде жарақаттану болуы мүмкіндігінің профилактикасы есептке алынуы керек. Соңғысына толығырақ тоқталу керек. Көшеде жарақат алу, балалар мен жасөспірімдер ауруларының ішінде бірінші орында тұрғаны отандық және шетелдік әдебиеттерде дәлелденіп көрсетілген. Мұнда көшеде жарақаттанудың үлкен пайызы мектеп жасындағы балаларға келетіні, ал оның ішінде негізгі себебі қаланың автомобиль транспорттары екені дәлелденген. Сонымен қатар транспорт жарақаттарына байланысты болған қайғылы оқиғалар, мектеп оқушыларының мүгедектігі мен қайтыс болуының ең негізгі себептері болып табылады.
Е. И. Корневскийдін Мәскеу қаласының мектеп оқушыларынын арасындағы алты жылдық бақылауы мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады:

  • кошеде болган жарақаттың көбі, бастауыш және орта сынып жасындагы оқушыларга келеді екен (кобінесе 8-12 жас аралығында);

  • ер балаларда көше жарақаты екі есе коп кездесетіні байқалады;

  • транспортқа байланысты жарақаттар саны көктем және күз айларында көбейеді. Жаз кезінде балалардың көбі қала сыртында болады, ал, қыста балалардың - кошеде болу уақыты онша ұзақ емес;

мемлекеттік автоинспекцияның ресми құжаттары бойынша жасалған анализдер, мектеп оқушыларының көше трансяорттарынан жарақаттар алуы,мектептердің елді мекенінің территорияларында орналасу жағдайына, тығыз байланысты екенін көрсетеді. Осы айтылған жағдайлар және одан кейінгі бақылаулардың нәтижелері төмендегі жағдайларды құрастыруға мүмкіндік береді:
1.Мектептерді орналастырудың негізгі варианты-тұрғын үйлердің бойына транспорт магистралінен 100 м көбірек кашықтыққа, тұрғын кварталдар ішінде орналастыру болып табылады,
2.Мектептерді квартал ішіндегі (бір сағатта 1-90 машина жүретін) жолдардың бойына салуға болады. Квартал аралық (бір сағатта 100-200 машина жүретін) жолдардың немесе транспорт магистралдарының бойына салуға болмайды.
Мектептерді квартал ішіне орналастыру - ауа құрамын және шуыл тәртібінің дұрыстығын қамтамасыз етеді.Мектептің жер учаскесінде мынандай функционалдық алаңдар бөлінеді: денешынықтыру - спорт алаңы, оқу-тәжірибе алаңы, демалыс, әскери дайындық және шаруашылық алаңдары. Спорттық және әскери-дайындық аландарын сынып бөлмелерінің терезе жағына орналастыруға болмайды. Снарядлақтыруға және доп ойнауға арналған алаңшалар басқа бөлмелердің терезелерінен 25 м-ден артық қашықтықта орналасуы керек, ал егер бұл алаңдар 3 м биік қорғанмен қоршалған болса терезелерден ара қашықтығы 15 м кем болмауы керек.
Шаруашылық алаңы асхананың өндіріс бөлмелеріне кіретін жақта оқу- тәжірибе алаңына жақын орналасуы керек. Метереологиялық және географиялық аланшалар мектеп ғимаратынан оның 2,5 есе биіктетілген есептелген қашықтықта орналасуы керек. Мектеп учаскесін көгалдандыру оның жалпы ауданының 40% кем болмауы керек, ал 4А климаттық аудандарда - 50% кем болмауы керек.
Учаскеде мектеп ғимаратына өрт сөндіргіш машиналардың жақын келуі үшін және олар ғимаратты айналып және алатындай қолайлы жолдар қарастырылуы керек. Мектеп учаскесінің территориясы биіктігі 1,2 м кем емес қорғанмен қоршалуы керек. Ықшамаудан ішінде мектеп қорғанын жасыл ағаштар отырғызу арқылы жасауға болады. егер учаске көшеге және транспорт жолдарына жақын тұрса - биік қорған орнату арқылы бөледі.
Жалпы білім беру мектептерінің ғимаратының құрылысын 4 этаждан, арнаулы мектептерді 3 этаждан жоғары етіп салуға болмайды. Бірінші сыныпқа арналған бөлмелерді төртінші қабатқа орналастыруға болмайды, ал қалған оқу бљлмелерінің алатын орны этаж ауданының 25%-тен аспауы керек. Сынып бөлмелерінің ең жақсы бағытталуы 65-тен 200 -қа дейін оңтүстікке қарай 45° . солтүстік кеңістікке қарай 120-дан 200 -қа дейін' Қазіргі кездегі мектеп ғимаратының құрылысы оның сыйымдылығын ұлғайтуға қарай бағытталумен сипатталады. Яғни, қазіргі қала салу ерекшелігі халық тығыздығының өсуі, тұрғын аудандарда коп қабатты үйлердің кобеюіне байланысты болып келеді. Халық тығыздығының осуі мектептегі балалар санының кобеюімен және ірі ықшам аудандарда оқушылар санына байланысты мектеп жүктемесінің ұлғаюымен қатар жүреді.Мысалы, 5 этажды кұрылысы бар ықшам ауданның 40 га ауданында 1400 халық тұрады, оның 2520 мектеп жасындагы балалар, ал тогыз этажды құрылыстарда осыған сәйкес 1860 жэне 348.
Сонымен қатар, оқу бағдарламасының өзгеруі сабақ жүргізудің жаңа құралдары мен әдістерін қолдану, салауаттандыру шараларын күшейту т б осындаи жағдайлар бөлмелер құрамын кенейтуді қажет етеді.
Мектептердің сыйымдылығын жогарылатуда экономикалық жагдайдың да маңызы бар, яғни бір орынның құны мен оны пайдалану шығындары Мысалы, 640 орынға есептелген мектептің бір оқушы орнына арналган құны 320 орынға арналган мектепке қарағанда 30% дейін арзанырақ түседі Бұл аитылғандар мектеп ғимараттарының құрылысын үлкен сыйымдылықпен салудың артықшылығын көрсетеді. Бірақ, бір мекемеге өте үлкен балалар мен жасөспірімдер ұжымын біріктіру гигиеналық талаптарды да арылтуды қажететеді:
-ауылшаруашылықтың көбеюінің алдын-алу;
-шуыл деңгейінің жоғарылауымен күрес жүргізу;
-Әртүрлі мақсатқа арналған бөлмелердің коммуникациялық баиланысын қамтамасыз ету;
-мектеп ғимаратының архитектуралық-жоспарлану композициясын ыңғаиластыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет