ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Гигиена- 1, дене шынықтыру және валиология кафедрасы Дәріс кешені
Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»
Мамандық: 051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Курс: 4
2014 жыл. Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № «_____» ____________ 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі
доцент ________________ Долтаева Б.З.
№1
1.Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәні,міндеттері, мақсаттары, зерттеу әдістері. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының даму тарихы. Балалар ағзасының өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары. Жастық кезеңділік.
2.Мақсаты: балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәні,міндеттері, мақсаттары, зерттеу әдістері, балалар мен жасөспірімдер гигиенасының даму тарихы, балалар ағзасының өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары және жастық кезеңділік туралы түсінік беру.
3. Дәрістер тезистері: Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы санитарлық-эпедемиологиялық қызметтің құрамына кіреді және гигиена ғылымының өз алдына жеке бөлім болып табылады. Қазіргі кезде медицинаның бұл саласы неден тұрады? Осы салада жетекшілік етіп жүрген екі маманның анықтамасын келтірейік,олар еліміздегі медициналық жоғарғы оқу орыңдары үшін шығарылған екі негізгі оқулықтардың авторлары:
1.«Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы ғылыми пән және денсаулық сақтау жүйесінің практикалық саласы ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығын нығайтуға бағытталғанпрофилактикалық шараларды негіздеп және оны жүзеге асыруға арналған» АР.Сухарев,1986ж.
2. «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы ұйымдастырылған бағалар ұжымына қажетті салауаттаңдыру шаралы мен гигиеналық ұсыныстарды ғылыми өңдеу жұмыстарымен айналысады» В.Н.Кардашенко, 1988 ж.
Біздіңше, бірінші анықтама дұрысырақ болып саналады, өйткені онда пән ғылыми тұрғыданғана емес, практикалық іс-әрекет жағынан да сипатталады. Сонымен қатар, ұсыныстар мен шаралар «ұйымдасқан» ұжымдардан басқа, ұйымдастырылмаған ата-аналардың бақылауындағы балалар мен жасөспірімдерге де арналған..
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі ерекшелігі сонда, ол ересек адамдар ағзасынан сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да айырмашылығы бар, өсіп-даму процесінің әртүрлі кезеңдеріне байланысты, толық қалыптасып бітпеген балалар мен жасөспірімдер ағзасын оқытады. Басқа сөзбен ашқанда, гигиенаның бұл саласынөсіп келе жатқан жас ұрпақтардың жас мөлшерлерінің гигиенасы деп қарауға да балады.
Соңдықтан, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы өсіп келе жатқан ағзаның ерекшештгерін ескере отырып, өзінің құрамына көптеген қосалқы пәндердің бөлімдерін енгізеді (тамақтану гигиенасы, коммуналдық гигиена, еңбек гигиенасы, эпидемиология, әлеуметтік гигиена). Бұл пән өзінің мақсаты мен міндетіне сәйкес төмеңдегідей бөлімдерден тұрады:
1. Өсіп келе жатқан «ұрпақтардың денсаулығы»: өсу және даму заңдылықтары;
әртүрлі жағдайлардың әсері (биологиялық-әлеуметтік, қоршаған орта);
ауру-сырқауларға анализ жасау және себебін анықтау;
- денсаулық сақтау шараларын дайындау. Бұл бөлім пәннің негізгі бөлімі болып табылады.
2. Күн тәртібінің гигиеналық негіздері: жүйке жүйесінің ерекшеліктері; қажудың физиологиясы және оның даму ерекшеліктері;
- күн тәртібін құрастыру.
3. Оқу гигиенасы:
баланың мектепге оқуға функциоиалдық дайыңдығы;
- оқу басталарды үйреніп-дағдылану;
сабақты ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар; оқу сабақтарының тәртібі;
- дұрыс демалуды ұйымдасгыру;
-емдеу-салауаттандыру мекемелеріңдегі оқу жағдайы.
4. Еңбек пен өндіріс орыңдарының гигиенасы: еңбектік іс-әрекеттің негізін жасау;
-еңбектің денсаулыққа әсері;
-еңбектік іс-әрекеттердің регламенгациясы; балаларға қойылатын гигиеналық талаптар;
- техника қауіпсіздігінің сұрақты; медициналық бағалау; оқушыларды мамандыққа беймдеу.
5. Коммуналдық гигиена:
- балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің жобасымен құрылысының гигиеналық негіздері;
- жылу және жарық тәртібі;
- жоспарлау аспектілері;
- оқу және өндірістік құралдар;
- балалар ойыншықтарына, оқу және еңбек құралдарына қойылатын гигиеналық тапаптар.
6. Тамақтану гигиенасы:
-тағам рациондарының мөлшері;
-тамақтану тәртібі;
7.Дене шынықтыру тәрбиесінің гигиеналық негіздері:
денсаулыққа әсері;
-дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыру;
қимыл-қозғалыс белсендігінің мөлшерлеу;
-дене шынықтыру тәрбиесімен айналысудағы медициналық топтар.
8.Гигиенаға тәрбиелеу:
-мектепке дейінгі мекемелердегі гигиеналық негіздер;
-мектептерде гигиенаға оқыту;
-балалар мен жасөспірімдердің жеке бас гигиенасы;
-темекі мен маскүнемдіктің зияны;
-жыныстық тәрбие.
9. Өсіп келе жатқан ұрпақтарға медициналық қызмет
- медициналық қызметтің негіздерін дайындау;
- емдеу-салауаттандыру шаралары;
- індетке қарсы шалар;
- балалар мекемелеріндегі санитарлық-гигиеналық тәртіп.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы көптеген ғылымдармен байланысты: педиатрия, физиология, педагогика, психология, соның ішінде физиология және педиатрия ғылымдарынан байланысты арнайы қарастырылады. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының педиатрия ғылымымен көптеген ортақ мәселері бар. Негізінен ол дені сау, дамуы үйлесімді келер ұрпақты тәрбиелеуге келіп тіреледі. Балалар гигиенасы мен педиатрия ғылымының арасындағы елеулі айырмашылықтардың ең басшысы біріншіден,педиатрия, ғылым ретінде жекеленген немесе әрбір балалармен жұмыс істейді, педиатрлар әр балаға диагноз қойып, емдеу жөнінде салауаттандыру шараларын қолданады. Ал, гигиена белгілі топ немесе жаппай балалар контитенттерімен айналысады (бала бақша, мектеп, демалыс орындары, сауықтандыратын пансионаттар және т.б.). Яғни, денсаулықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық деп атайтын топ жағдайын анықтайды және салауаттандыру шараларын жеке бір балаға емес, негізгі белгілері (жынысы, жасы, денсаулық жағдайына байланысты) бойынша топтастырылған, бірыңғайланған балалар ұжымдарына арналып жасалынады.
Гигиенаның жекелеген жағдайлары әртүрлі континенттерде өте ерте кездердің өзінде белгілі болса да, өз алдында бөлек ғылыми пән болып дамығанына 150 жылдай ғана уақыт өтті деп есептелінеді. Ресейдің ең алғашқы гигиена кафедрасы 1871 жылы Петербург қаласындағы Әскери медициналық Академия базасында құрылды. Кафедраның ірге тасып қалаушы А. Л. Доброславин (1842-1889жж) өзінің мектеп гигиенасы деген бөлімі бар ең алғашқы гигиена оқулығы шықты (1889ж).
Екінші осындай кафедра еліміздегі мектеп гигиенасының негізін салушы болып есептелінетін Ф.Ф. Эрисманның (1842-1915ж) басқарумен Мәскеу университетінде ұйымдастырылады.
Ағзаның бір бүтін еместігіне қарамастан онтогенез үдерісінде жеке мүшелер мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір мезгілде болмайды (гетерехронды). П.К. Анохиннің гетерохронизм туралы теориясы бойынша ағзаның өмір сүруін қамтамассыз ететін мүшелер мен жүйелер басқалырына қарағанда тезірек жетіледі, яғни, олар ағзаның қазіргі жағдайында немесе жақын болашақта өмір сүруі үшін ең қажетті мүшелер мен жүйелер болып табылады. Басқа құрылыстар мен қызметтердің дамуы біраз тоқтап тұрады. Осындай біртіндеп, бірінен кейн екіншісінің құрылуын системогенез деп атайды.
Гигиеналық көзқарас тұрғысынан осы жағдайлардың бәрі міндетті түрде есепке алынуы керек. Мысалы: ерте жастан бастап балаларды көп оқыту, олардың ағзаларына физикалық жүктеме түсіруде гигиеналық шектеу қажет екені де осылай түсіндіріледі. Сондықтан, балалардың іс-әрекетінің барлығы да ағзаның дайындығына байланысты мөлшерленуі керек. Бұл ереже қоршаған ортаның жағдайларының тигізетін әсерінің дәрежелеріне де қатысты.