Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»


Иллюстрациялы материалдар



бет2/36
Дата01.05.2023
өлшемі198,53 Kb.
#88701
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
метод-лек-Гигиена-дет-подр-ОЗ-каз

4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар
5.Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым
баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
2.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.
3.Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.


6.Қорытынды сұрақтары:

  1. Балалар мен жасөспірімдер гигиена пәні қашан құрылған?

  2. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мақсаттары мен міндеттерін атаңыз?

  3. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының зерттеу әдістерін атаңыз?

  4. Жетілудің қанша кезеңдерін сіз білесіз?

2


1.Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы. Денсаулық критериялары, балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау.


2. Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайымен денсаулық критериилерімен және балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалаумен таныстыру.
3. Дәріс тезисі:
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі мақсаты-өсіп келе жатқан өркендердің денсаулығын сақтау және оны нығайту болып табылатындықтан «денсаулық» деген терминнің өзін анықтап алуымыз керек.Бүгінгі күндері адамдардың денсаулығына баға беру, бұл түсініктің біркелкі, дәлелденген анықтамасы болмағандықтан едәуір қиындық туғызады.
Денсаулық дегеніміз не? Осы күнге дейін жалпы қабылданған анықтамасы жоқ. Бүкілодақтық денсаулық сақтау ұйымының (1958ж) жарлығы бойынша денсаулық деп – ауру-сырқаулар мен физикалық ауытқулардың бар-жоғы ғана емес,сонымен қатар адамдардың толық физикалық, рухани және әлеуметтік қолайлы жағдайларын түсінеміз.Мұндай анықтаманы дұрыс деп айтуға келмейді,өйткені осы анықтамадағы көрсеткіштердің барлығы бірдей денсаулықтың белгісі бола алмайды. Мысалы, әлеуметтік жағдайларға кірістің мөлшері, коммуникалдық қолайлы жағдай және автокөліктері бар болуы т.б. жатады. Адамдардың денсаулығы оның тұрмыс жағдайының хал-ахуалының жақсы болуына байланысты, бірақ, мұндай факторлар еш уақытта денсаулықтың белгісі бола алмайды. Қоғамдық гигиенистер адамдар денсаулығының белгілеріне 3 топтағы көрсеткіштерді жатқызады:
1.Демографиялық көрсеткіштер (туып көбеюшілік, өлім-жетім, халықтың
табиғи өсіп-өнуі, адам өмірінің орташа ұзақтығы және т.б.).
2.Физикалық даму.
3.Ауру-сырқаулық және мүгедектік.
Ауру-сырқаулық және дене даму денсаулық көрсеткіші ретінде талас туғызбайды.
Ең дұрысырақ мәліметтер медициналық терең зерттеу жүргізу кезінде ғана алынады. Оның негізгі мақсаты- емдеу және салауаттандыру шараларын қажет ететін адамдарды анықтау және медицина кадрларының қажеттілігін білу. Жалпы алғанда, тексерудің қорытындысы, барлық өсіп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулық жағдайына сипаттама береді.
1.Тексеру кезінде созылмалы ауру-сырқаулардың бар-жоғы маман дәрігерлердің тексеруі арқылы анықталады.
2.Ағзаның негізгі жүйелерінің қызмет жағдайы клиникалық тәсілдер арқылы қажет болған жағдайда, функционалдық сынамаларды пайдалану арқылы анықталады.
3.Ағзаңнң сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне қарсыласу мүмкіндігі өткен жылғы жедел аурулардың санына байланысты анықталады.
4.Физикалық даму деңгейі және оның үйлесімділігі.
5.Физикалық даму антропометрлік өлшеулер жүргізіп, стандарттар және бағалау таблицаларын қолдану арқылы анықталады.
6.Психикалық даму деңгейін психоневрологиялық тексеру кезінде анықтайды.
«Денсаулық» сөзінің мағынасы, түсінігі ете кең. Әр ғалым әртүрлі сипаттама анықтама береді. БДДГ-ның анықтамасы бойынша: «Денсаулық - ауру мен оның өзгерістерінін болмауы ғана емес, сонымен қатар толық физикалық, рухани, әлеуметтік қамтамасыз етумен сипатталатын жағдай».
С. М. Громбах балалар мен жасөспірімдердін денсаулығының 4 белгілерін атап көрсетті:
1. тексеру барысында созылмалы аурулары болмауы;
2. физикалық және жүйке жүйесінің даму дәрежесі;
3. ағза жүйелерінін жұмыс қабілеті;
4. қолайсыз әсерлерге ағзаның қарсы тұру қабілетінін деңгейі.
Денсаулықты негізінен сапалық жағынан және мүмкіндігінше сандық жағынан бағалау керек. Ең бастысы денсаулыққа баға беру кешенді түрде жүргізілу керек. 4 негізгі белгіні пайдалана отырып, денсаулыққа кешенді баға беріледі. Жасөпірімдердің денсаулығына кешенді баға берілген соң, төменде көрсетілген 5 денсаулық тобының біреуіне жатқызады:
1 топ-организмнің дамуы мен негізгі қызметтері қалыпты жағдайдағы дені сау балалар;
2 топ-денсаулықтарында функционалдық немесе кейбір аздаған морфологиялық ауытқулары бар, негізінен дені сау адамдар;
3 топ –аурулары компенсация жағдайындағы науқас адамдар;
4 топ-аурулары субкомпенсация жағдайындағы және
5 топ –аурулары декомпенсация жағдайындағы балалар.
Мұндай топтастыру белгілі дәрежеде шартты түрде болғанымен, қандайда бір факторлардың әсер етуін зерттеуге ғана емес, сонымен қатар салауаттандыру шараларының тиімділігін бағалауда да, балалардың санитарлық жағдайын сипаттауға да мүмкіндік береді.
Дені сау балалар мен науқас балалардың арасындағы шекара болып саналатын, денсаулықтың 2-ші тобын бөліп көрсетудің практикада үлкен маңызы бар. Бұл топқа жатқызылған балаларға емдеу-салауаттандыру шараларын жүргібесе, аздаған функционалдық ауытқулары ауру-сырқаулыққа айналып кетуі мүмкін («қауіп-қатер» тобы).
Балаларды денсаулықтың 1 және 2 тобына бөлу басқаларына қарағанда оңайырақ:
1-топ ешқандай ауытқулары жоқ (физикалық, психикалық, функционалдық), дені сау балалар.
2-топ созылмалы ауруы жоқ, бірақ, кейбір функционалдық және морфологиялық өзгерістері бар балалар. Бұлар реконвалесценттер (ауырып жазылғандар), дене салмағы азайған және жиі ауыратын балалар.
3-5 топтар-патологиялық үдерістерінің даму дәрежесіне қарай бөлінеді.
Денсаулықты тексеруге қатысатын әрбір маман, өз саласынан денсаулық тобын анықтап, қорытынды жазады. Осы қорытындылар бойынша дәрігер педиатр десаулықтың ең соңғы бағасын беріп, денсаулықтың жалпы, қай топқа жататынын анықтайды. Мұнда, кейбір ерекшеліктерге көңіл аудару қажет:

  1. Егер балада бірнеше ауру-сырқау бар болса, онда соңғы қорытынды ең күшті ауруға байланысты қойылады.

  2. Егер баланың үшінші топқа жататын бірнеше ауру-сырқауы болса, онда науқас баланы төртінші топқа бөледі. Орташа алғанда денсаулық топтары бойынша балаларды төмендегідей бөлүге болады:

1 топ-10-17% 2 топ -40-52%
3 топ -30-35% 4 топ -0,15-1,5%


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет