Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»


Иллюстрациялы материалдар



бет7/36
Дата01.05.2023
өлшемі198,53 Kb.
#88701
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Байланысты:
метод-лек-Гигиена-дет-подр-ОЗ-каз

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд


5.Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы, Алматы. Ғылым баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
2.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.
3.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.


6.Қорытынды сұрақтары:

  1. Кәсіби бағыттандыру дегеніміз не?

  2. Кәсіби іріктеу дегеніміз не?

  3. Кәсіби кеңес беру дегеніміз не?

  4. Балаларға қай жастан бастап кәсіптік-бағдарлау жұмысы жүргізіледі?

  5. Кәсіптік жарамдылықтың анықтамасын беріңіз.

6


1.Тақырыбы: Кәсіптік-техникалық мектептерде оқу-өндірістік және тәрбиелік үдерістерді ұйымдастырудың гигиеналық қағидалары.
2.Мақсаты: Кәсіптік-техникалық мектептерде оқу-өндірістік және тәрбиелік үдерістерді ұйымдастырудың гигиеналық қағидаларымен таныстыру.
3.Дәріс тезистері:
Санитарлық дәрігер басқа мамандармен бірлесе отырып, мектеп оқушыларының денсаулық жағдайына, жеке бас ерекшеліктеріне байланысты мамандыққа бағыттауды дұрыс қалыптастыруы керек. Бұл жұмыстағы санитарлық дәрігердің негізгі міндеттері мынандай:
1.Мектеп оқушыларын еңбекке дайындайтын мамандықтардың санитарлық сипаттамасын жасау;
2.Таңдалған мамандықтың өсіп келе жатқан ағзаға тигізетін эсерін алдын- ала болжау;
3.Еңбекті қорғау туралы заңдардың сақталуын бақылау;
4.Мектепте дәрігерлік-мамандық кеңестің толық және уақытында жүргізілетіндігіне бақылау жүргізу;
5.Мектеп оқушылары, олардың ата-аналары және педагогтардың арасында мамандыққа бағыт берудің медициналық аспектілері жөнінде санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.
Мамандықтың санитарлық сипаттамасы (профессограмма). Санитарлық сипаттамасынсыз дэрігерлік мамандық кеңес жүргізу мүмкін емес. Дэрігер жасөспірімдердің жас ерекшеліктері және функционалдық мүмкіндіктері туралы мәліметтерімен қатар әртүрлі мамандық жағдайларының ағзаға тигізетін эсері және мамандықтың турлеріне байланысты жұмысшылардың жұмыс жағдайына қойылатын мәліметтермен кеңінен таныс болуы керек. Ол үшін өсіп келе жатқан ағзаға өндіріс орындарына тигізетін әсерін болжап, білуге мүмкіндік беретін, мамандықтардың санитарлық сипаттамасы жасалады.
Мамандықтарға санитарлық сипаттама беру үлгісі мөлшермен алғанда төмендегідей сұрақтардан тұрады:
1.Өндірістің және жеке мамандықтың аталуы;
2.Жұмыс ауқымын және жеке іс аумағын бейнелеп жазу;
3.Материалдардың, құрал-жабдықтардың, саймандардың сипаттамасы;
4.Жұмыс кезіндегі дене толғанып сипаттамасы (отырып, түрегеп тұрып, денені біржақты ұстау...) статикалық жүктеме және біріңғай бірқалыптылық бар ма (ұзақтығы қандай)?
5.Ауыр заттарды көтеру және орнына тасымалдау жұмыстары бар ма (салмағы, қашықтығы)? Мұндай жұмыстардың істелу ұзақтығы;
6.Жеке анализатор оларға (есту, көру, иіс салу) және орталық жүйке жүйесіне (ынта, ықылас, есте сақтау қимыл-қозғалыс координациясы) жоғары талаптар қойылуы;
7.Өндірістік жарақаттану қауіптілігі;
8.Өндірістік зиянды заттардың әсері;
а)жұмыс орнының ауасының ластануы (сандық және сапалық сипаттама)-
б)өндірістік шуыл (оның деңгейі, ұзақтығы) ;
в)тербеліс күші (жалпы, жеке, ұзақтығы);
г)электромагниттік өріс (жиілігі, күші);
д)метеорологиялық қолайсыз жағдайлар ұзақтығы;
9.Медициналық куәландыру кезінде қандай мүшелер мен олардың атқаратын қызметтеріне ерекше көңіл аударылуы керек;
10.Жұмысқа жарамсыздық туғызатын ауру-сырқаулар мен ауытқулар Едәуір тәжірибе жинақтай отырып, балалар мен жасөспірімдер бөлімінің санитарлық дерігері, еңбек гигиенасы бөлімінің дәрігерімен бірге біртектес өндіріс орындарына типтік санитарлық сипаттама жасауына болады. Бірақ әрбір нақты жағдайларда міндетті түрде сол жұмыс орнына қатысты ерекшеліктерді ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет