Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»


Иллюстрациялы материалдар



бет17/36
Дата01.05.2023
өлшемі198,53 Kb.
#88701
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Байланысты:
метод-лек-Гигиена-дет-подр-ОЗ-каз

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд


5.Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым
баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
2.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.
3.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.


Қорытынды сұрақтары:

  1. Күн тәртібін меңгерудің әдісін атаңыз?

  2. Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың күн тәртібін айтып беріңіз?

  3. Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібін айтып беріңіз?

  4. 6- жастағы балаларды оқыту мекемесінің гигиеналық талаптарын атаңыз?



2-семестр
13
1.Тақырыбы: Балалар және мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар, оқытудың техникалық құралдары.
2.Мақсаты: Студенттерді балалар және мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптармен, оқытудың техникалық құралдарымен таныстыру.
3. Дәріс тезисі: Балалар мен жасөспірімдердің жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар
Жиһаздардың мөлшері баланың бой ұзындығына сәйкес болуы керек. Сол үшін балалардың бой ұзындықтары топтарға бөлінген, яғни жиһаздардың белгілі топтары белгілі бой ұзындығының топтарына сәйкес келуі керек. Сәби жасындағы балалар мен мектеп жасындағы балалардың бой ұзындықтарының 6 тобы бар (80см - ден бастап 90см аралықпен 100см-ге дейін), соған сәйкес жиһаздардың да әріппен белгіленген 6 тобы бар А, Ә, Б, В, Г, Д. Мектеп оқушылары үшін бой ұзындығының 5 тобы бар (130см бастап 15 см аралықпен) және жиһаздардың әріптерімен белгіленген 5 тобы бар: А, Ә, Б, В, Г. Жиһаздардың әрбір тобына цифрмен немесе әртүрлі бояулармен белгі салынады. Цифр белгісі болшекпен көрсетіледі (бүлінгіште жиһаз топтары, бой ұзындығы және ол жиһаздың томенгі бетіне жазылады). Түрлі-түсті белгіні жиһаздың бүйір жағына, диаметрі 20мм дөңгелекпен, жиһаз мөлшеріне сәйкес түрмен бояп жазады.
Бірдей жас топтарындағы бой ұзындықтарының ауытқуларын есепке
алған кезде, әрбір сыныпта екі топтың жиһаздары болуы керек. Көптеген
зерттеулер, бүтіндей алғанда (1-10 сыныптарда) жиһаздардың «А» тобына
10%, «Ә», «Б», «В» - топтарына 25-30% және «Г» тобына 5% келетінін көрсетеді.
Жиһазды дұрыс таңдап алу үшін әрбір сыныптағы мектеп оқушыларының бойы өлшенеді. Ол үшін әрбір сыныпта есіктің жанында бой өлшегіш таяқша болуы керек, онда бой ұзындығының әрбір топтары кеңдігі 15см түрлі-түсті жолақ арқылы жиһаздардың белгісіне сәйкес белгіленеді. Мұндай жағдайда мектеп оқушылары өздеріне қажетті жиһаз топтарын өздері анықтай алады.
Мектепке дейінгі мекемелерде 1 жастан 4 жасқа дейінгі балалар үшін 4 орынды үстелдер болуы керек, ал ересек балаларға тамақ ішетін кезде, екі орынды үстелдерді қолдануға рұқсат етіледі. Төрт орынды үстелдерді екі қатардан, ал, екі орынды үстелдерді 3 қатардан артық орналастыруға болмайды.
Мектептің жазу құралдар (қалам, дәптер, сия) балалардың кору мүшелері мен осы жастарында өте әлсіз келетін қолдарының ұсақ булшық еттеріне өте көп жүктеме түсірмеуі керек. Сондықтан жуан немесе өте жіңішке қаламдарды қолдану әріптерді дұрыс жазылуына кедергі келтіреді. Өзегі шариктен тұратын немесе сиясы автоматты түрде берілетін қаламдардың ұзындығы 142-150 мм, диаметрі 8-10 мм, салмағы 10 граммнан артық болмауы керек. Осындай қаламдарды қолдану ыңғайлы болып келетіні
гигиенист, зерттеулер нәтижесінде дәлелденген Гигиеналық тұрғыдан
алғанда қаттылығы орташа (М,ТМ) ұзындығы 170-180мм, диаметрі 7-8мм
қарындаштар мақсатқа сәйкес келеді Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға кырлы қарындаштарды қолденуға болмайды.
Қазіргі қолданып жүрген ГОСТ бойынша мектеп дәптерінің ені 170мм, ұзындығы 250мм болып келеді.Дәптердің беттеріне түзу жолақтар салынады және ені 25-30мм жиектік жолақ қалдырады. Қиғаштау келген қисық сызықтар қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қызметін жеңілдетеді және жазу жылдамдығының азаюына мүмкіндік жасайды деп есептеледі,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет